Скачать/Жүктеу
Жоспар:
1.Әлеуметтік психологияның зерттеу объектілері.
2. Әлеуметтік психологияның негізгі бағыттары.
Әлеуметтік психологияда негізгі үш тұрғы: психоанализ, бихевиоризм және гештальт- теория бағыттары анық көріне бастады. Әсіресе, эксперементтік пәнді тұрғызудың негізі болатын бихевиористік тұрғыға көбірек көңіл бөлінді.
Зерттеу объектілері ретінде негізгі назар – шағын топтарға бөліне бастады. Эксперименттік тәсілдерді пайдалану шағын топтардағы процестерді зерттеуге қолайлы болғандықтан, АҚШ – та әлеуметтік психологияның бір жақты, эксперименттік түрде дамуы басталды. Ғылыми теориялық жағы назардан тыс қалды.
Әлеуметтік психологияда тек шағын топтармен айналысу кезеңі, қолданбалы әдістерді пайдалану мүмкіндіктерін дамытуда оң әсерін тигізгенімен, теориялық ғылымның дамуына тосқауыл болды, себебі:
1. көпшіліктік процестерді, олардың ерекшіліетерін зерттеу мәселеден тыс қалды.
2. эксперименттік бағдар қоғамдағы нақты проблемалардытүсіндіруге бағытталғанмен, оның әлеуметтік мазмұнын түсіндіруге ғылыми негіздерсіз қалды.
Дегенмен осы кезеңде эксперименттік зерттеулер көптеп жүргізіліп жатқанда кейбір теориялық мәселелерді зерттеулер қолға алынып отырды.Бірақ, олар мардымсыз, танымал болмады.
Ал 50-жылдардан бастап, осы бағыттағы зерттеулерге баса көңіл бөлінді. Негізінде олар төрт бағыттың : бихевиоризм, психоанализ, когнитивтік және интеракционизм төңірегінде топтасты(Андреева, Богомолова, Петровская, 1978, Шихирев, 1979)
Аталған төрт бағыттың үшеуі психологиялық ойлардың әлеуметтік – психологиялық нұсқасы болса, ал төртінші бағыт – интеракционизмәлеуметтік негізде еді.
Бихевиоризм қазіргі кезде необихевиористік бағытта дамуда. Негізінен топтағы процестер емес,екеу аралық (диадалық) қарым –қатынастар зерттеледі (К.Халл, Б.Скиннер, Н.Миллер, Д.Деллард, Дж.Гибо, Г.Келли, Д.Хоманс). Зерттеулердің басым бөлігі тек жануарларда жүргізілуі (А.Бандур зерттеулерінің көбісіадамдарда жүргізіледі) бұл бағыттың негізгі кемшілігі.Топтық процестерді талдаудың жеткіоіксіздігінен, әлууметтік психологияның «әлеуметтік»түрі аз көрініс береді.
Психоанализ әлеуметтік психологияда бихевиоризм сияқты кең таралмаған. Мұнда да әлеуметтік – психологиялық теория тұрғызу талпыныстары бар.
Бұл орайда неофрейдистік тұрғы, әсіресе Э.Фромм мен Дж.Салливан еңбектері алынады. Дегенмен, классикалық Фрейдизм идеяларын әлеуметтік психологияға енгізетін теорияларда бар.Ондаи теорияларға мысал ретінде топтық процестер теорияларын: Л.Байон, В.Беннис, Г.Шепард, Л.Шутц атауға долды. Бихевиористерден өзгешелігі екеулік (диада) қарым-қатынастан гөрі көбірек адамдар қатысқан топтардағы процестерді қарастыру, осы бағытта Т- топтарда (тренинг топтары), адамдардың бір-біріне әсерінің әлеуметтік – психологиялық механизмдерін пайдалану тән. Психоанализді әлеуметтік психологияда қолдану жүйелі түрде емес, кейбір жағдайлардың практикаға кіріктіру негізінде жүргізіледі. Осы тұрғыдан Т. Адорноның «Авторитарлы жеке тұлға» еңбегін атауға болады (фашизмді тудыратын алғышарттар туралы)
Екіншісі- Европалық (топ аралық, әлеуметтік деңгейлерге баса назар аудару),үшіншісі – дамып келе жатқанелдерде, экономикалық жағынан артта қалушылықтың өздеріне тән проблемалары.
Бұл елдерде психологияны бірінші және екінші елдерден әкелу «импорт» қалыптасқан. Дегенмен де әлемдік интреграцияның дамуымен бірге, жер бетіндегі бар адамдарға ортақ әлеуметтік психологияның қалыптасуы мүмкін.
Пысықтау сұрақтары:
1.Әлеуметтік психологияның зерттеу объектілері.
2. Әлеуметтік психологияның негізгі бағыттары