Скачать/Жүктеу
Техникалық қызмет көрсету эксплуатациядағы барлық электр машиналары үшін жүргізіліп, келесі жүмыстардан түрады:
- үсақ жөндеу, машинаның арнайы тоқтатылуын қажет етпейді, технологиялық қондырғылардың жүмысының үзілісі кезінде жүргізіледі де, ол машинаның ақауларын өз уақытында жөндеу, байланыстар мен қатыруларды тарту, щеткаларды ауыстыру, генераторлардың, униформерлердің және қайта шығарғыштардың шығыс параметрлерін қамтамасыз ететін қондырғылар мен траверстерді реттеу, сыртқы беткейлерін, сақиналарын және коллектрлерін — машинаның қол жететін бөлшектерін сүрту, тазалау, қорғанысты реттеу;
- мекеменің бас энергетигі бекіткен кестеге сэйкес пайдаланылған машиналардың қорғаныс және басқару жүйелерін тексеру;
- тексеру картасын толтыру;
- өндіргіш заттардың нүсқаулығын жэне пайдалану ережелерін
күнделікті бақылау, соның ішінде айгөлектердің орамдарының жэне
корпусының температурасын, жүктеулерінің шамасын, ал желдену жүйесі
түйық машиналар үшін — шығатын және кіретін ауаның температурасын
бақылау, майлаудың болуын бақылау, қалыпты емес шу мен гуілдеудің,
сонымен қатар коллектор мен сақиналардағы от шашудың болмауын тексеру
- қондырғыда жұ_мыс жасайтын операторлар мен мотористердің
қауіпсіздік ережелерін сақтауын бақылау;
- жерсіндіруді күнделікті тексеру;
- ЭН-5-20 ПТЕ жэне ПТБ мен жергілікті нүсқаулықтармен шектелген апат болған жағдайда электр машиналарын өшіру;
- электр машиналарын жэне олардың қорғаныс жүйелерімен
басқаруды монтаждау, жөндеу жэне іске қосуға дайындаудан кейін қабылдау,
тапсыру сынақтарына қатысу.