Жеке тұлға — азаматтық құқықтың субъектісі


Скачать/Жүктеу

Азаматтық кодекс тің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан Респцбликасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарфын және азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз. Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттіктері туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.

Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 19 маусымда қабылданған «Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы» Заң күші бар Жарлығының 2-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары болып саналады». Қазақстан Республикасындағы олардың азаматтық құқық қабілеттілігі өзінің мемлекетінің заңымен емес, Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында қаралмаған азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды. Аталған Жарлықтың 2-бабының 11-бөлігіне сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі». Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық құқықты пайдаланады.

Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13- бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес, заң мен сот алдында жұртың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне , дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтарды құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және біріңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтаржы құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберәіне жекеленген азматтарға берілетін міндеттілік теңдікті корсетіле қояды деуге болмайды.   Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру мумкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі деген заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабының 1-тармағында былай деп жазылған: «Заң құжаттарыңда көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен қабілеттілігін шектеуге болмайды». Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде сот укімі алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігін толықтай айрылмайды. Қазіргі қылмыстық заңдаазаматтың құқықғын айыру мына жағдайларға:

  1. Белгілі бір дауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.)
  2. Елдің аумағында емін-еркін жүріп тұруға (жер аударумен шектелу)

Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта болады. Сонымен катар, құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз қандайда бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады.

Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз, нақты, іс жүзіндегі құқықтан айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру белгіленген мерзімнің тағайындалуымен байланысты болмауы мумкін. Мысалы,  қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және т.б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауакершіліктің мұндай шарасы оның жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.

Құқық қабілеттілігі адамның  — құқық субъектісін өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара мұра қысқарады, ішінара мұрагерге көшеді. Өлім – бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туылғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы