Қазақстан Республикасының кеден органдары


Скачать/Жүктеу

Заңдық түсініктер (категориялар) заңдық құбылыстың ашатын қысқа анықтаулар екені белгілі. Кеден органы түсінігін, оның іс — әрекетінің құқықтық негіздерін және мемлекеттік биліктің атқарушы органдары жүйесіндегі орнын анықтауды еліміздің Конститутциясында белгілінген атқарушы биліктің іс — әрекетінің құқықтық негіздеріне сүйене отырып зерделеуге болады. Конституция мәтінінде кеден органдары нақты аталмаған. Дегенмен, Конститутцияда бүкіл мемлекеттік механизмнің құрылымының, іс — әрекетінің негізгі параметірлері белгіленген және Қазақстанның жеке тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруінің құқықтық реттелуінің негізгі базалық, іргетас идеялары мен қағидалары айқындалған.

Қазіргі жалпы әлемдік ғаламдасу процесі жүріп жатқан кезде мемлекеттік басқару жүйесіндегі кеден органдарының маңызы мен мәні артып, оған жүктелетін қызметтің де түрі мен бағыты үнемі өзгеруде, түптеп келгенде, «кеден органы» түсінігінің өзі жаңаша мәнге иеболуда. Жалпы «кеден органы» түсінігін айқындағанда оның белгілі бір мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны және нақты тарихы кезендегі атқарып отырған қызмет аумағын, функцияын да есепке алу керек. Себебі, Әрбір тарихи кезеңде «кеден органы» түсінігіне кіретін мемлекеттік мекемеге жүктелетін міндеттер (кез келген мемлекеттік органның нақты бір міндеттерді атқару үшін құрылатыны белгілі), оның құзіреті, құрылымы, іс — әрекетінің әдістері мен түрлері, т.б. параметірлері үнемі тарихи өзгерісте болатыны мәлім. Бұл, әсіресе, мемлекеттің құрылу, қалыптасу дәуіріне тән.

Әрбір басқару органының мемлекеттік механизімі құрамында белгілі бір саланы басқаруда туындайтын қажеттілікке байланысты құрылатыны белгілі. Кеден органын құрудағы басты мақсат мемлекеттің кедендік егемендігін қорғау, мемлекеттік дербес кеден саясатын жүргізу десек, «кеден егенмендік» ұғымы аясына кең ауқымды міндеттер мен мақсаттар енетінін байқауға болады. Жалпы, егемендік (суверенитет – француздың souverainete сөзінен – жоғарғы билік деген ұғымды білдіреді) мемлекеттік биліктің халқаралық қатынас саласындағы тәуелсіздігін, сондай – ақ ел ішіндегі өзгеде биліктерден тәуелсіздігін, әрі үстемдігін білдіреді десек, кеден органдары мемлекеттік басқару механизімінің бір бөлігі ретінде өзіне белгіленген құзіреттілік аумағында монополистік үстемдік жүргізеді.

Кеден органдары түсінігін анықтағанда оны мемлекеттік органдардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, басқа мемлекеттік басқару органдарына берілетін жалпы өкілеттіктер кеден органдарына да қатысты екенін байқауға болады. 2000 жылдың 27 қарашасында жарық көрген «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1 – бабында:

Мемлекеттік орган деп Конституция, заңдар, басқада нормативтік – құқықтық актілер бойынша мемлекеттің атынан төмендегі функйияларды атқаруға;

- баршаға бірдей міндетті жүріс – тұрыс тәртібін анықтайтын актілерді басып шығаруға;

- әлеуметтік мәні бар қоғамдық қатынастарды басқаруға және реттеуге;

- мемлекет орнатқан баршаға бірдей міндетті жүріс – тұрыс тәртібінің сақталуын бақылауға;

- өкілеттік алған мемлекеттік мекемені түсінеміз, — деп атап көрсетілген.

Кеден саясаты

Кеден органдарын құрудағы негізгі мақсаттардың бірі мемлекеттің тәуелсіз кеден саясатының мақсаттары:

- Қазақстан нарығын қорғау;

- Қазақстан  өндірушілері мен тұтынушыларын қорғау;

- Экономиканың дамуын ынталандыру;

- Экономикада құрылымдық қайта құру жүргізуге жәрдемдесу;

- Бәсекені ынталандыру және монополимге қарсы әрекет ету;

- Экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндірісті ынталандыру;

- Сауда саясаты міндеттерін шешу;

деп көрсетілген. Бұл мақсаттар мемлекеттің кеден саясатына жатады. Кеден саясаты – мемлекеттің саясатының маңызды буыны. Ол заңдар, басқада құқықтық – нормативтік актілер, ұйымдастыру шаралары арқылы жүзеге асырылады. Демек, мемлекеттің кеден саясатының іске асырылу жолдарын, бағыт – бағдарына: Президент, Поарламент, Үкімет, т.б. басқару органдары анықтайды.

Кеден саясаты тек кеден органдары арқылы атқарылмайды. Айталық, жоғарыда кеден саясатының құрамдас бөлігі ретінде аталып өтілген шетел инвестициясын тарту мәселесі кеден огандары қызметі аумағынан шығып кетеді және ол атқарушы және заң шығарушы биліктің ауқымды және үйлесімді жұмыстарын қажет етеді. Сонымен мемлекеттің кеден саясатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы экономикалық және саяси жағдайынан туындап, өзгеріп, дап отыратын күрделі, кешенді түсінік деуге болады.

Белгілі бір кезеңдегі кеден саясатының негізгі параметірлерін ішкі экономикалық субъектілердің потанциалдық іс — әрекеті мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, елдің жалпы экономикалықкеңістігіндегі құбылыстарды өзара үйлестіре отырып үкімет белгілейді. Ал кеден саясатының заңи негіздері Парламенттің немесе Президенттің нормативтік актілері арқылы жасалады, сондай – ақ ағымдағы іс әрекетте үкіметтің қаулылары, ережелері, т.б. арқылы жүзеге асырылып отырады.

Дегенмен, мемлекеттің кеден саясатының ең негізгі атқарушы құралы ретінде іс — әрекет жасайтын кеден органдарының нақты іс — әрекет аумағы мен міндеттері де үлкен – ол елдің экономикалық мүдделерін, кедендік шекарасын қорғайды; тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысына кедендік бақылау жасайды, келісім – шарт жасасқан тараптардың кедендік аумақтары шеңберінде экспорт және импорт операцияларына, валюта қозғалысына кедендік бақылау жасайды.; елдің заңдары белгіленген мөлшерде кедендік баждар, төлемдер мен алымдар алып отырады; мемлекеттің кеден заңдарын бұзған заңдық және жеке тұлғаларды жауапкершілігінің шегін белгілейді, т.б. Осы міндеттердің бәрін атқару үшін арнайы мемлекеттік орган – кеден құрылып, ол мемлекеттің механизмінің құрылымдық элементтерінің бірі ретінде биліктік және мәжбүрлеушілік өкілеттілікке ие болады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы