ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ МЕЙРАМЫ


Скачать/Жүктеу

1. Наурыз мейрамы күн мен түн тепе-теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атқарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да наурыз тойын «тепе-теңдік», «игілік», «жаңару» мейрамы деп атайды.

2. Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын-жекжаттар бірін-бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын-сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той-томалақтар да өткізіледі.

3. Мизам (Сабан той) – күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын-сауықтар өткізіледі.

4. Соғым басы қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін-бірі қонаққа шақырады. Қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса, ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады.

Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы