Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы (XIX ғ. 2-ші жартысы)


Скачать/Жүктеу

Тау – кен өндірісі.

XIX ғасырдың екінші жартасында Европа мемлекеттерінде дамыған капиталистік қатынас Россияға әсер етпей қоймады. Осымен байланысты Россияның капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Россияның орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де товар айналысының өсуін шапшаңдатты. Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық біржіндеп ыдырай бастады.

Бұл кезде Қазақстан экономикасында натуралды шаруашылықтың көлемі қысқарды, өлке өнеркәсіп товарларын өткізу рыногы және бағалы ауыл шаруашылығы шикізатының қайнар қөзі ретікде капиталистік Россияға барынша тәуелді болып шықты.

XIX ғасырдың ортасы – қазақ жеріне капиталистік қатынастардың тарала бастауының көріністері айқын байқалды:

- Отырықшы мал шаруашылығы мен екіншіліктің дамуы.

- Жеке меншік жерді иеленудің кең таралуы.

- Жылқы санының азайып, ірі қара малдың көбеюі.

XIX ғасырдың 60 жылдарынан россиялық кәсіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтары мол қазақ аймақтарында өндіріс салуға жұмсады.

Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс, Орталық Қазақстанда ашылды. 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп өрындары — Спасск мыс қорыту заводы (1857 ж.), Успен кеніші, Қарағанды көмір алабы, Екібастұз, Риддер кәсіпшілігі.

1898 жыл – Семей облысының Павлодар уезінде Воскресенск Кен — өнеркәсіп қоғамы құрылды.

Кен кәсіпшілігінің орталығы – Қарқаралы уезі.

Химия өнеркәсібінің бастамасы – Шымкент сантонин заводы (1822 ж.)

Алтын өнеркәсібіндегі жұмысшы әйелдер саны – 1873 жылы 12%, ал 1893 жылы 17% болды. Қазақстанның кен орындарында балалар еңбегі XIX ғ. 90 жылдырыңда кеңінен пайдаланылды.

Темір жол.

1893-1895 жылдары Сібір темір жолы (ұзындығы 3138 км) салынды. Оның 178 шақырымы қазақ жерін басып өтті.

1893-1897 жылдар – Рязань – Орал темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы қазақ өлкесінің батысы арқылы өтті.

1899-1905 жылдар – Орынбор – Ташкент темір жолы (ұз.1656 км) салынды. 1905 ж. қаңтарда іске қосылды.

Патша үкіметінің темір жолдар салудағы кездеген мақсаты:
1. Жалпы россиялық жаңа шаруашылық қатынастар жүйесіне Қазақстанда тартуды тездету.
2. Өлкенің шикізатын кеңінен пайдалану.
3. Қазақстан мен Орта Азияны Россия өнеркәсіп орталықтарымен байланыстару.
4. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі күшейген жағдайда Россиядан қарулы күштерді тез жеткізу.

Ұсақ – товарлы өндіріс.

Балық аулау кәсіпшілігі – Ертіс, Жайық, Каспий теңізі, Зайсан маңында дамыды.

Тұз өндіру – батыс, солтустік-шығыс аймақтағы тұзды көлдер.

1875, 1900 жылдар – Верныйда темекі кәсіпорындары ашылды.

Арал теңізі, Қарабас көлі (Павлодар уезі) – тұз өдіру орны ашылды.

Жыл сайын Екатеринбург, Томск, Тобол уездеріне қазақ өлкесінен 300 мың пут тұз әкетілді.

Мал шаруашылығы шигізатын өңдеу жөніндегі алғашқы кәсіпорындардың негізгі ошақтары – Ақмола және Семей облыстары.

Семей облысында 13 былғары, 9 сабын қайнататын, 1 шарап ашытатып, 1 май қорытатын, 2 сыра ашытатын, 23 кірпіш заводы болды (1898 ж.).

Көкпекті, Семей, Павлодарда 13 май қорытатын, балауыз, 23 былғары, 5 тон заводы жұмыс істеді (1890 ж.)

Төрғай облысында 42 былғары, тоң май қорыту, сабын қайнату заводы, 202 диірмен, май шайқау заводы болды (1898 ж.)

Сауда.

XIX ғасырдың II жартысында капиталистік қатынастардың дамуына байланысты Қазақстанда сауда дамый бастады. Шаруашылықтың типіне сәйкес Қазақстанда сауданың негізгі үш түрі: көшпелі аудандарда – тасымалды сауда, шаруашылық типі жартылай отырықшы аудандарда – жәрменке саудасы, отырықшы шаруашылықтары басым аудандарда – тұрақты сауда (магазиндер, қоймалар, дүкендер) болды.

Қазақстанда тасымал сауда неғурлым кеңінен тарады. Тасымал саудасы, әсіресе алыс ауылдарда ашықтан-ашық тонау сипатында болды.

Россия саудагерлері Қазақстанға сауданың жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізіді. Халқы сирек, ұшы-қиырсыз жері бар, қатынас жолы дамымаған, халқының дені көшпелі өлкенде жәрмеңкелер ірі сауданың қолайлы түрі болды. Қазақстандағы туңғыш жәрменке 1832 жылы Бөкей ордасында хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен (1855 ж.) Семейде екі қалалық жәрмеңкелер ашылды. Ақмола облысы Тайыншакөл, Константиновск, Петровск (Атбасарда) және 50-ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей облысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл, Темір (Орал облысы) жәрмеңкелер жұмыс істеді.

Жәрмеңкелер товар – рынок қатынастарын дамытуға жәрдемдесті, мал шаруашылығының товарлығын арттыруға ынта туғызды. Жәрмеңкелер қазақ шаруашылығың капиталистік экономикасы мен байланысын нығайтты. Натуралды шаруашылықтың ыдырауын тездетті.

Сонымен, Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы өлкеде негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі және жартылай көшпелі халықтың патриархалдық-феодалдық қатынастарының ыдырау процесін жеделдетті. Елде өнеркәсіптің жаңа салаларын туындатып, қоғамдық еңбек бөлісіне және жұмысшы табы кадрларының шығуына себебін тигізді. Қазақстанды жалпы россиялық рынокқа тартты.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы