Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Россия бодандығын қабылдау


Скачать/Жүктеу

Экономикалық мешеулікпен, феодалдық бытыраңқылықпен қатар Қазақстанның өндіргіш күштерінің дамуын тежеген факторлардың бірі сыртқы саяси қауіп болды.

Халық үшін осы ауыр жағдайда қазақ хандықтары билеушілерінің алдында маңызды да күрделі міндет қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық бытыраңқылық үрдісін жою міндеті тұрды.

Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Жайық және Сібір қазақтарының қоршауында шын мәнінде экономикалық оқшаулау, ұлы империяның тұрақты қысым көрсетуі жағдайында бола отырып, қазақ жүздерінің билеушілері Россия империясы сияқты одақтас іздеуге мәжбүр болды.

Кіші жүздің Россия құрамына енуі туралы мәселені шешу кезінде Кіші жүз ханы Әбілқайыр бастаған хан партиясы елеулі роль атқарды. Ол қазақ хандықтары тап болған күрделі ішкі және халықаралық жағдайда қырдағы басқа топтардан гөрі дұрыс бағалап, бірінші кезекте Кіші жүзде Россия құрамына қосқан жағдайда Россияның көмегімен ғана Жоңғария, сондай-ақ Цин империясы тарапынан төнген қауіп-қатерді жоюға және ішкі алауыздықтарды тоқтатуға болатынын басқалардан бұрынырақ түсіне білді.

XVIII ғасырдың 20-жылдарына дейін султан болып жүрген кезінде Әбілқайыр орыстың дипломатиялық топтарына едәуір белгілі болатын. «Ақылы жеткілікті және қулықтан да ада емес адам» — деп ол жөнінде А.И.Тевкелев осындай пікір айтқан. Ол ең алдымен қазақ мемлекеттілігінің стратегиялық мүдделерін басшылыққа алып, екінші жағынан Россия әкімшілігіне сүйене отырып, өзінің басқа бәсекелестерінен жоғары болуға, оларды саяси аренадан ығыстырып шығаруға ұмтылды, атақты Тәуке ханның заманында болғанындай, өзі билеген хандықтың жеке-дара басшысы болу мақсатымен, халыққа қасіретті зардабын тигізетін жоңғар басқыншылығына жол бермеу үшін күш пен мүмкіндікті біріктіруге тырысты. Осы міндеттерді іс жүзіне асыруға ұмтылған Әбілқайыр 1730 жылдың жазында Уфа наместниктігі арқылы Петербургке елші жібереді.

1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейтқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келіп жетті. Олар әйел патша Анна Иоанновнаға Кіші жүзді Россия империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. «Біз Әбілқайыр хан,- деп көрсетілді жолдамада,- маған карасты Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген …халқымен сіздің алдыңызға күлліміз бас иеміз… Сіздің қамқорлығыңызда болсақ дейміз». Әбілқайыр өз жолдамасында қазақтар мен башқұрттар арасында қалыптасқан тым шиеленіскен қарым – қатынасты баса айтты. Хан Кіші жүзді Россия құрамына қосу бұл қарама қайшылықтарды жояды деп есептеді.

1731 жылғы 19 февральда императрица Анна Иоанновна Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына олардың Россия қоластына ерікті түрде қабылданғандығы туралы грамотаға қол қойды. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірде Кіші жүзге А.И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. Олармен бірге Петроградка жіберілген қазақ елшілері де оралды.

Кіші жүз қазақтарының Россия қоластына қабылдануында атақты Бөгенбай батыр елеулі роль атқарды. 1731 жылғы 10 қазанда Тевкелевті қазақ ру басыларының жиналысына шақырды, онда Әбілқайыр, содан соң Бөгенбай батыр, Есет, оның тумасы Құдайназар мырза, ал олардан кейін тағы да 27 білікті қазақ феодалдары Кіші жүздіңРоссияға өз еркімен қосылуы туралы юридикалық актіге қол қойды.

Орта жүздің Россия бодандығын қабылдау 1731 жылы 15 желтоқсанда Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Россия империясының құрамына кіретінін білдіріп, ант беріп, «өзінің мөрін басты».

Россия патшасының Кіші жүзді қоластына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр әйел патша Анна Иоанновнаға хат жазып, Ұлы жүзді де өз қоластына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бұл хатты Петроградқа Қангелді батыр жеткізді. Мұның өзі Россия құрамына енуге Ұлы жүз тарапынан жасалған алғашқы әрекет болды.

1734 жылы 10 тамызда Россия патшасы Ұлы жүзді Россия құрамына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойып, Ұлы жүз хандығына “ Сіздерді қоластымызға Әбілқайырды алған шарттар бойынша аламыз”. –деген қағаз жіберді. Алайда Ұлы жүздің Россиядан шалғайлығы сондай-ақ оның Жоңғариямен мейлінше күрделі әрі шиелініскен қарым – қатынас қазақ жерлерінің Россия құрамына енуін іс жүзінде асыруға кедергі келтірді. Оның үстіне Ұлы жүздің Россияға қосылуын белсене жақтаушылардың бірі Жолбарыс хан 1740 жылдың 5 сәуірінде опасыздықпен өлтірілді.

1740 жылы Орынбор экспедициясынің бастығы генерал – лейтенант князь В.А.Урусов Орынборға елшілік тапсырмамен келіп, 19 мамыр және қыркүйек аралығында Нуралы, Ералы султандармен, Жәнібек, Бөгенбай және Есет батырлар кейінрек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай султанмен келіссөздер жүргізді.

Келіссөздердің барысында 22 тамызда Нуралы, Ералы султандармен Жәнібек батырға ере келген 106 ру басы Россияға қарайтыны туралы ант берді, ал 28 тамызда 1740 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай султан Россияға қарайтыны жөніндегі шартқа қол қойды. Сөйтіп, 1740 жылғы тамыздың аяғында Кіші жүздің барлығы 399 өкілі Россияға қарайтыны туралы шарттың міндеттемелер қабылдады.

Патша үкіметінің қазақ жүздеріндегі саясаты олардың қосылуы басталғаннан кейінгі алғашқы жылда әжептәуір икемді саясат болды. Жерді пайдалану саласындағы шектеу шараларымен, әскери барлаулар, ұлттар арасындағы қақтығыстар, қазақ феодалдарын бір-біріне қарсы қою практикасымен қатар келіссөздер де жүргізіліп, сауда қатынастары көтермеленіп отырды.

Сонымен Кіші және Орта жүздерінің бір топ султандары мен ру басыларының 1740 жылы ант беруі Россияға Орта жүздің тек 1 бөлігінің ғана қосылуын қамтамасыз етті. Ал Солтүстік – шығыс және Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары империя құрамына тек XIX ғасырдың20-40 жылдыры ғана патша өкіметінің әскери-саяси акциялары салдарынан қосылды.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы