Скачать/Жүктеу
1. Соғыстың себептері мен сипаты
2. Соғыстың салдары
3. Қорытындысы
Капиталистік елдердегі экономикалық дамудың секірмелігі, монополия, қаржы капиталының үстемдігінің күшеюі, капитал шығару, рынок үшін күрес, ірі капиталистік елдердің территорияларды түпкілікті бөліп алуы сияқты істер олардың арасындағы келіспеуиіілікгерді тудырып түбінде осы үлкен соғысқа себеп болды. Нағыз толық мағынасындағы дербес мемлекеттер катарына — Англия, Германия және АҚШ жатты, Франция, Ресей, Жапония — «бірінші класты, бірақ әлі де шын мәнінде емес» — екінші топка жатты, 3-топқа Австро-Венгрия жатты. Ал бүл соғысты тудыратын кдйшылық ағылшын-герман қайшылығы ол — қайшылык отар иемдену туралы кайшылық, Англияда отар өте көп, Германияда жоқ. Себебі: Германия отаралғысы келеді, Англия оны өз есебінен бергісі келмейді. Міне, осы қайшылық осы уакытқа дейін оқылған дәрістерде айтылып кеткендей екі үлкен соғыс одақтары — Үштік одақ пен Антанта одақтарын дүниеге келтірді.
Ал енді бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы ірі мемлекеттердің әрқайсысының мүдделері қандай болды? і Герман имгтериалистері жаулап алу бағдарламасыңда Ресейден көп жер басып алуды армандады. Ресейдің күнарлы жермен, қазба байлыктарына толы жеріне немістердің колонистерін қоныстандыруды жоспарлады. Өндірісті Бельгияны аннекциялау, Конго, француздың темір рудасына бай Лонгви және Брис бассейіндерін аннекциялау, француз колонияларын басып алу, Англияның теңіздегі үстемдігін тартып алу, Англияны дүниежүзілік рынокта әлсірету тағы басқаны армандады, жоспарлады. Яғни «Үлы Германияға» он жылдар бойына сырттан ешкімнің кедергісін болдырмауды жүзеге асырмак болды.
Австро-Венгрия болса Сербияны аннекциялауды, Балқанда австро-венгер үстемдігін орнатуды, Ресейден Поляк, Подолия, Волынды алуды көздеді. Австро-Венгрияның бүл бағдарламасын Германия колдады. Себебі Германия Австриямен капитал жөнінен байланыстары болып отырған жағдайда Германия Балкан еддеріне капиталын еркін шығаруға мүмкіндік алатын еді.
Патшалық Ресейдің империалистері, помещиктері, ірі буржуазиясы біріншіден соғыстың мақсаты етіп, Германияның үлылығын жоюды, Ресейге Галицияны қосыл алуды, Константинополь мен бүғаздарды алуды ойлады.
Ағылшын буржуазиясы өте күшті каркынмен дамьш келе жаткан Германияның экономикалық қаржылан-дыру күшін әлсіретуді, Германияның әскери, сауда флотын жоюды, Месопотамия мен Аравия жарты аралын оның мүнай көздерімен қоса алуды, сондай-ак колонияларын тартып алуды арман еггі.
Францияның империалистері де жоғарғылар сияқты Германияның әскери-экономикалық күшін талқандауды мақсат етті. Олар 1871 жылы тартып алынған Эльзас, Лотарингияны қайтарып алуды ойластырып ғана қойған жоқ, сондай-ақ, одан Рейннің сол жағалауын алып, Саар облысын қосып алуды, Сирияны алуды, Палестинаны, тағы басқа араб территориясын, Германия колония-ларын тартып алуды көздеді.
1916 жылдың аяғындағы кезендерде соғьтскд барлық дамыған капиталистік елдер түгелге дерлік қатысты. Бұл уақытқа дейін барлык майданда 50 млн. солдат соғысты. Ал қалған енбекке жарамды адамдардың бәрі соғыс мүқтажын өтеу үшін шахталар мен өңдірістерде жұмыс жасап жатгы. Адамзат баласы жасаған байлықтың бәрі түгел дерлік соғыс мүддесіне жұмсалды. Соғыс адамға да өндіріске де, мемлекеттерге де адам айтқысыз көп зиян шектірді.
Жоғарыда айтқандай бір елдер соғыста байыды. Ол елдерге Япония мен АҚШ-ты жаткызамыз. Япония болса соғыс барысындағы жағдайларды пайдаланып Қытайда өз ықпалын қамтамасыз етті. Қытайдың жаксы-жақсы материальдық-стратегиялық маңызы бар аралдары мен портын алды. Сондай-ақ соғысушы елдерге кару-жарақ шығару арқылы да байыды. 1914 жылға дейін капитал иесі банк иесі болып келген Англия, Франция сияқты елдер енді өзінің капиталының көп бөлігінен соғыс салдарынан айрылып қалды. Бүрын осы капиталистік елдерге экономикалык жағынан қарыздар болып келген АҚШ капиталистік дүниенің қаржылық орталығына айналды.
Халықтың кедейленуі мен қатар ірі монополиялардың экономикалық саяси күші өсе түсті, адам айтқысыз дәрежеде өсті. Соғыс кезінде бүрынғы «еркін нарықтың» өрісі тарылып, енді тек соғыс жабдығын шығаруда соғысқа, қазынаға ғана жүмыс жасады. Соғысушы капиталистік мемлекеттер енді тек тапсырыс берушіге айналды. Бүл мемлекеттік тапсырыстар монополистердін баю қүралына айналды. Бүкіл мемлекеттік аппаратты монополия өзіне бағындыра бастады. Соғысқа мүқтаж заттармен, мүнаймен, азык-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында капиталистік елдер үкіметі қатаң бақылау жүйесін енгізді. Осылайша 1914-1918 жылдардағы соғыс аралығында монополистік капитализм соғыстык-мемлекеттік монополистік капитализмге айналды. Бүл деген сөз барлық өндірісте керекті заттардың бәрін мемлекет монополистерінің қолына берді. Әскери тапсырыс мемлекеттік бюджеттен төленді. Сондай-ақ соғысушы елдерде нанға, қантқа, етке, киімге, көмірге, тағы басқа түтынушыларға керекті заттарға «карточка» жүйесі енгізілді. Ал оның мөлшері соғыстан бүрынғыдан 2, 3 есе азайтылды.
Соғыстың әкелген ауырлығын ауызбен айтып жеткізу оңай емес. Соғыс қару-жарақгарын шығаруды көбейту үшін арзан еңбек күші — әйелдер мен жеткіншектердің еңбегін пайдалану кең етек алды. Жүмыс күнін үзартып, стачкалар жасауға тыйым салды. Еңбекті қорғау заңы дегендер жүмысын тоқтатты. Шахталар, зауыттар, теміржоддар милитаризацияланды, яғни соғыс жағдайына көшірілді. Жүмыс істеуге еңбекшілерді мобилизациялап отырды. Олардың бір өндіріс орнынан екінші өндіріс орнына көшуге күқысыз болды. Кейбір елдерде 16-60 арасьтндағы еркектердің жалпы еңбек міндеткерлігі енгізідді.
1918 жылы 4-қарашада депутат Эрцберг бастаған әскери топ француз маршалы Фоштың ставкасына бітім хабаршысы ретінде барды. Компьен орманында теміржол вагонының ішінде Германия бүкіл Франция территориясын (бүрын алған) Бельгияның териториясын, Эльзас, Лотарингияны, Рейннің сол жағалауын тазартуға, кдйтаруға келісті. Сондай-ақ Антантаға Майнц, Кобленц, Кельн қалаларын пайдалану қүқығы берілді. Бүкіл герман флоты карусыздандырылып, одақтастар порттарына алып кететін болды. Бүл келісімге 11-караша 1918 жылы қол қойылды. Дүниежүзілік соғыс қантөгіс соғыс болды. Соғыстарға катысқандар саны 70 млн. адамға жетті.10 млн адамнан өлі айырылды. 20 млн. адам жаралы болды. Міне соғыс қортындысы осындай. Мыңдаған кала мен ауыл жермен-жексен етілді. Теміржол, фабрика, зауыт істен шыкты. Соғыстың шығыны 170 млрд. алтын ақша, ал жалпы шығыны — 600 миллиардқа жеткен.