АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ, АЛҚАКӨЛ СҰЛАМА


Скачать/Жүктеу

Жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы ХV ғасырда басталып, ХVІІ ғасырдың аяғы – ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінде асқынып кетті. Ел ішіндегі бытыраңқылықты жойып, халықтың бірлігін нығайтуды көздеген әз Тәуке 1710 жылы Қарақұм сиезінде қазақтарды жинап, қанжығалы Бөгенбайды  қолбасшы сайлап, бүкілхалықтық жасақ құруға шешім қабылдаған еді. Әйтсе де бұл кезеңде күштердің ара салмағы қалмақтардың пайдасына шешіліп отырды. Қалмақтар ХVІІІ ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қарым-қатынасын жақсартып, қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. Ал бұл кездегі қазақтардың жағдайы мәз емес еді. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери қуатын әлсіретті.

1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Екпіні қатты жаудың қалың қолы Қазақстанның оңтүстігінен елге ішкерілей ене берді. Жолында кездескен бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылынан қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды. Қорғануға мұршасы келмеген ел қырылды, тірі қалғандары атамекенін тастап, үдере қашты. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары өткелден өтіп, Ходжент, Самарқан иеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, Бұхараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Қазақ халқының тарихындағы қасірет, Отан басына күн туған бұл кезең қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атаумен қалды.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы