Тайыр Жомартбаев (1884-1937 ж.)


Скачать/Жүктеу

Тайыр Жомартбаев 1884 жылы Семей облысының Шыңғыстау (қазіргі Абай ауданы) Мұқыр ауылында дүниеге келген. Тобықты ішінде – Көкше руынан. Мұқыр ауылы бір кездерде «Бірлік» , қазір «Шәкәрім» деп аталады. Көкбай медресесінде хат таныған. Бірден оқуға қаражат болмаған соң, Тайырға Жақия Зұлқарнаев деген байдың жұмысын істеуге тура келеді. Пысық Тайыр өзіне міндетті жұмысты да істеп, бай баласымен мектепке барып жүріп, білім көзін аша түседі. Ақыры сауат таныған ол 20 жасында ауылына қайтып келіп, ескі қоныс «Баян қорық» деген жерде мектеп ашады. 1911 жылы медресені бітіріп, өзімен бірге оқыған татар қызы Адғия Фахрлислашқызы  Ормановаға үйленіп, «Жаңа Семейде» ашылған мұсылман мектебінде сабақ берді. Жастар тәрбиелеуде жаңашыл, прогресшіл Тайыр Семейдегі 12 мешіттің имам-хазіреттеріне ұнай қоймайды, ақыры түрткіге түсіп, соққыға жығылып, жұмысын тастауына тура келеді.

Тайыр Жомартбаев Ғ. Тоқай, С. Көбеев, С. Торайғыров сияқты жастарды тәрбиелеуде ескілікке қарсы тұрды. Оның «Қыз көрелік», «Балаларға жеміс» атты еңбектері соның айғағы. Кітаптары 1912 жылы Семейдің «Ярдам» («Жәрдем») баспасынан жарық көрген. Арманы жастарды білімге ынталандыру болғанын Тайыр «Балаларға өнеге» деген өлеңінде ашып айтқан. Тайыр Абайды сүйіп, оның шығармаларын насихаттаймын деп «Абайшыл» атанып, қуғынға ұшырағандардың бірі. Тайыр Жомартбаевтың ұйымдастыруымен 1914 жылы Абайдың қайтыс болуының 10 жылдығы атап өтіледі. Ағартушылық жұмысы, «Айқап» журналының белсенді мүшелерінің бірі болғаны жергілікті басшылыққа ұнамайды да, оны 1915 жылы Семейден Өскемен, Зайсан қалаларына жер аударады. Зайсанда көп жыл мектеп директоры болып қызмет атқарады. Мамандығы математик болғанымен, өлең шығаратын ол, шәкірттері есепке тез қалыптасу үшін «Бөлшек сандардың ережелерін» өлеңмен жазып жаттықтырады екен. Ұстаздық жолда Ы. Алтынсаринді үлгі тұтқан. Балаларға білім берудің барлық әдістерін  қолданып, көп ізденеді, мектепті білім алудың қызғылықты ордасына айналдыра білген. Ол 1927 жылы қайтадан Семейге көшіп келіп, ағартушылық жұмысын одан әрі жандандыра түседі.  1937 жылдың қыркүйек айында «халық жауы» деген атпен ұсталып қамауға алынады. 1937 жылдың 2 желтоқсанында атылған Тайыр Жомартбаев  1957 жылы ақталды.Шығармалары:Жомартбаев Т. Балаларға насихат. Жалқау бала: [Т.  Жомартбаевтың 1912 жылы Семейде Ярдам баспасынан шыққан  "Балаларға жеміс" атты өлең- жырларынан алынған]// XX  ғасыр басындағы қазақ ақындары.- Алматы., 1982.-  Б.87-112.Жомартбаев Т. Абай қандай?// Абай.- 2003.-N3. — Б.1. Әдебиет тізімі:Әбдешев М. Ұлт жанашырының талайым тағдыры  [Мәтін]// Құқықтық Қазақстан.- 2007 . — 30 мамыр. — Б. 2.Ғасыр басында: [Әдебиет саласына XX ғасырбасында  келген білімді мәдени қайраткер, тәжірибелі ұстаз Т. Жомартбаевтың өмірі мен қызметі жайында]// XX ғасыр  басындағы қазақ ақын жазушылары.- Алматы., 1982.- Б.41-45Жиреншин Ә.Қазақ кітаптары тарихынан.- Алматы: Қазақстан, 1971.- 178б.Қабышев Т. Т.Жомартбаев өмірбаянына қатысты тың  деректер.// Ұлт тағылымы.- 2004. — N 2. — Б. 178-183Қабышев Т.Б.XX ғасыр басындағы ағартушылық ағым  және Тайыр Жомартбаев шығармашылығы: Филология  ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты.- Алматы: Б.ж.,2005.- 26 б.Қосуақ Т. А.Азапты аластаған арулар [Мәтін]: естелік-әңгімелер / Т. А. Қосуақ.- Алматы: Арыс, 2004.- 128 б. — 1-ші кітап. — 2004. — 128 б.Құлбарақов С.»Қыз көрелік» — қазақ прозасының  қарлығашы// Абай.- 2002.-N1.-Б.54-56.Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін]:  био-библиографиялық көрсеткіш / құраст: З.Мағауина;  Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапхана, хабарлама — библиографиялық бөлім.- Семей: Талант, 2005.- 96 б.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы