Скачать/Жүктеу
Өткен сенбі күні Орал тұрғындары қаланың 395 жылдығын атап өтті. Шаһар мерекесіне орай Абай алаңында спорттық шаралар ұйымдастырылса, орталық стадионда театрландырылған мерекелік шеру мен облыс өнерпаздарының концерті өтті.
Әуе спорты мектебінің шәкірттері де шеберліктерін паш етті. Мерекелік шараға соғыс ардагерлері мен көп балалы аналар және Астана құрдастары арнайы шақырылды. Сонымен қатар қала күні қарсаңындағы байқау қорытындысына сәйкес ең үздік мамандық иелері анықталды. Үздік дәрігер, үздік мұғалім, үздік мемлекеттік қызметкер, үздік автобус жүргізушісі, үздік аула сыпырушы т.б кәсіп иелеріне қала әкімінің алғыс хаты мен ақшалай сыйлықтары табыс етілді.