Географияны оқыту әдістері. Географияны оқытуда жаңа технологиялар


Скачать/Жүктеу

Дәріс мақсаты: Мұғалім мен мектеп жұмысының нәтижелі, табысты болуы оқыту әдісіне байланысты екендігін ескере отырып, оқыту әдістерінің құрылымын, жіктелуімен таныса отырып сабақты мәнді өткізуге дағдыландыру. Оқушылардың танымдық әрекеттерінің сипатына қарай оқыту, ондаң әдістің мазмұнымен, мұғалімнің, оқушының  әрекетімен таныс болуы қажет.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

1. Оқытудың әдістері мен түінігі. “Оқыту әдісі” түсінігін анықтаудың негізгі тәсілдері.

2. Оқыту әдісінің құрылымы. Оқыту әдістерінің жіктемесі.

3. Оқушылардың танымдық әрекеттерінің сипатына қарай оқыту.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):

Географияны оқыту әдістемесіне қабылданған оқыту әдістеме классификациясы: білім алу көздеріне және оқушылардың таным іс ірекетіне қарай (И.Я. Лернер., М.Н. Скаткин). Оқушыларды өз бетінше оқуға үйрету, өсіп келе жатқан жас ұрпақтардың өзбетінще таным әрекетін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Оқушының білім алу көздеріне қарай оқыту әдістері былайша жіктеледі:

а) сөздік әдіс (білім негізінде ауызша сөйлесу немесе басылым сөзі жатады);

б) көрнекілік әдіс (көрнекіліктер, бақыланатын, зерттелетін нәрселер құбылыстар);

в) практикалық әдіс (оқушылар практикалық жұмыстарды орындай отырып білім алады, біліктілігін арттырады);

Оқушылардың таным әрекеттері сипатына қарай ажыртылатын географияны оқыту әдістері: түсіндірмелі көрнекілік, репродуктивті, проблемалық баяндау, ішінара іздену және зерттеу. Әрбір әдістің міндеті оқытушы мен оқушылардың іс әрекеттері, географияны оқыту процесінде қолдану мүмкіндігі.

Оқытудың түсіндірмелі көрнекілік әдісі – оқшылардың білім алуын ұйымдастыру. Әдістің басты бағыты оқушының ақпаратты оқу құралдарын хабарлау арқылы игеруін ұйымдастыру және жақсы қабылдауын қамтамасыз ету. Мұндағы оқушының іс әрекеті берілген ақпаратты қабылдауға, оймен және есте сақтауға негізделген.

Репродуктивті әдістің басты бағыты  — алған білімді қолдану мен пайдалнуды білу және дағдыны қалыптастыру. Оқушының әрекеті әртүрлі тапсырмаларды шешуде олардың белгілі бір жаттығуларды орындау амалдарына ие болуға, практикалық іс әрекетке алгоритіиге сүйенуіне тура келеді.

Проблемалық әдістің мақсаты – меңгеретін оқу материалдарына әр түрлі мәселелер мен әдістер және олардың шешімдерін ашып көрсету. Оқушының әрекеті дайын ғылыми нәтижені ойлау мен еске сақтаумен, қабылдаумен қатар шектелмейді, сондай дәлелдеудің логикасын бақылау, оқушының ойлау әрекетіндегі қозғалысты бақылауға да бағытталады.

Ішінара іздену әдісінің негізгі бағыты – оқушының үнемі дайындық үстіндегі мәселені өзіндік қою және мәселені шешуі. Оқушының әрекеті проблеманы қою және шешу жолын табуды меңгеру барысында оқушы белсенді қатысады.

Зерттеушілік әдіс – ғылыми таным әдістерімен қамтамасыз ету, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту және шығармашылық әрекетті ойдағыдай қамтамасыз ету, епті пайдалынатын білімнің тұрақталуын үйрету. Оқушының әрекеті олардың өз бетімен мәселе қойып, оны шешу тәсілін табумен аяқталады.

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;

1. “Оқыту әдісі”, “әдістемелік тәсіл” түсініктеріне анықтама беріңіз.

2. Оқыту әдістері мен оқыту ұстанымдарының ұқсас еместігін көрсетіңіз..

  1. Географияны оқыту әдістерінің жіктелуі.
    1. Географияны оқытудағы   ішінара іздену әдісінің негізгі бағыты.

5.    Географияны оқытудағы  репродуктивті әдістің басты бағыты.

Әдебиеттер:

1. П.И. Пидкасистый.,   Педагогика / ауд. Г.К. Ахметова, Ш.Таубаева/ — Алматы: Қазақ университеті, 2006.

2.  Максаковский В. П. О новой концепции    школьного географического образования. М.; 1974.

3. Бибик А. Е. Закрепление связи методики обучения географии с современной дидактикой. М.; 1992.

4. Душина И.В.,  Понурова Г.А.,  Методика преподавания географии. М.;    1996.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы