Скачать/Жүктеу
Батыс Қазақстанның жануар және өсiмдiк әлемi өте бай және алуан түрлi. Шөлдi далалары өзендер мен көлдерге жалғасады, альпiлiк шалғындар биiк тау қыраттарымен шектеседi.
Батыс-Алтай мемлекеттiк қорығы 1992 жылы ұйымдастарылған. Оның ауданы 56,3 мың га. Қорық Алтайдың қазақстандық бөлiгiнiң таулы жерлерiнде орналасқан: Ақ Оба өзенiнiң бастауындағы Линей, Холзын, Көксi және Иванов ауданы, Тұрғысын өзенiнiң құйылуындағы Қара Оба және Борсық жерлерi. Ақ Оба өзенiнiң бастауында 14 майда мұздықтар бар. Орман шекарасынан жоғары мұздан түзiлген майда тау көлдерi және жылғаларға бастама болатын батпақ орналасқан.
Батыс-Алтай қорығының климаты қатаң континентальдi. Бұл Қазақстандағы емес, сонымен бiрге ТМД-ның азия бөлiгiнiң ең ылғалды жерi. Қорықтағы тұрақты қар жамылғысы қарашадан-сәуiрге дейiн – 170 күн сақталады.
Қорықтың өсiмдiк жамылғысында төрт белдеу бөлiнедi: жапырақты орман, таулы-тайгалы орман, субальпiлiк және альпiлiк шалғындар, жоғарытаулы тундра. Жапырақты орман шектелген территорияларда таралған және өзен далаларына тән.
Таулы-тайгалы орман ағаштары жағынан әртүрлi: көлеңкелi қара орман, балқарағай — самырсынды орман, қарашыршалы орман.
Субальпiлiк және альпiлiк ормандар қорықтың 1800-2000 м. Биiктiгiнде орналасады. Бұл белдеулер арасында шектелген шекаралар жоқ, бұл қасиет Алтайдың барлық қазақстандық бөлiгiне де тән.
Таулы тундралар белдеуi 2000м және одан жоғары биiктiктi алады; тундрада әртүрлi конфигурация және дақтар мен жолақтар түрiнде орналасатын өсiмдiктердiң әртүрлi түрлерi кездеседi және бұл жерлер жалаңаш саз-батпақты жерлермен кезектесiп отырады.
Қорық фаунасы батыс Алтайдың орташа-биiктаулы аудандарына тән.
Құстардан бұл жерде ысылдақ шүрегей, үлкен байнарық, қара кезқұйрық, меңiреу құр, азиаттық тауқұдырет, орман байғызы және басқалары кездеседi, барлығы 200-ден астам құс түрi. Сүтқоректiлердiң 50 түрi мекен етедi: алтай көртышқаны, түлкi, аю, құну, бұлғын, аққалақ, қоян, сарыкүзен, кәмшәт, құдыр, марал, елiк, бұлан, тиiн. Балықтар, қосмекендiлер және бауырымен жорағалаушылардың фаунасы кедей. Бұл жерде таймень және сiбiрлiк хариус, ұзынтұмсықты құрбақа, сұр бақа, кәдiмгi сұр жылан, кесiрткелер бар.
Қорықтағы кейбiр құстар Қызыл Кiтапқа енгiзiлген: бүркiт, лашын, ителгi, үкi, қара тырна, ал өсiмдiктерден — iрi гүлдi шолпанкебiс, алтай рауғашы, қар дәуаяғы, қызғылт семiзот, алтай сибиркасы, мия жапырақ астрагал, таңдамалы — плаун. Батыс-Алтай қорығы зерттеушiлер үшiн қызығушылық тудыруда.
Батыс-Қазақстандық экологтар Батыс-Алтай қорығы бойымен жүретiн жолды салуға қарсы шығуда. Батыс-қазақстанның Риддер қаласындағы экологиялық мемлекеттiк емес ұйымдар Батыс-Алтай қорығының территориясынан өтетiн Риддер-Таулы-Алтай халықаралық трассасын салу мүмкiн еместiгi туралы баяндады. Бұл туралы Риддердегi «Бумеранг» экологиялық қоғамында KZ-today хабарлады.
Мамандар жаңа жолдың 20-километрлiк бөлiгi ерекше қорғалатын территорияның өсiмдiк және жануар дүниесiне үлкен зардап келтiредi.
Трасса қорықтық аймақты буферлiк аймақсыз екi бөлiкке бөледi, бұл ерекше қорғалаиын территориялар заңдылығына қайшы. Қорықтың орталығында автоөткелi бар кедендiк күзет орны салынған. Экологтардың айтуы бойынша күзет орны жануарлардың қалыпты маусымдық жолдары бiрiккен жерiнде және Қара Оба өзенiнiң жағалауындағы тұрақты жаздық мекен ортасында орналасқан. Сонымен бiрге автотрасса Ресейдiң шекаралық территориясынан көктемгi-жазғы қоныс тебуiнде автомобиль дөңгелегi астынан қаза табатын маралдар, елiктер, және бұғылар санын көбейтедi.
Сонымен бiрге Алтай Ботаникалық бағының жетекшi маманы Юрий Котуховтың айтуы бойынша, жолдың салынуы өсiмдiктердiң 800 түрi, 338 туысы және 84 тұқымдасынан тұратын қорықтың флорасына қайтымсыз зардап келтiредi (Батыс Алтайдың флорасының 60%). Трасса жоспарланған жерлерде сирек кездесетiн орхидея тұқымдасы өседi, ал Ақ Оба өзенiнiң жағалауында ғылымға қызықты бидайықтың жаңа түрлерi (обалық, линейлiк, Иващенко) өседi. Жаңа магистраль жоспары бойынша Қараобалық жартастық массивi өтедi және жарылыс жұмыстары жүргiзiлуi мүмкiн, ал бұл жартастарда нүктелiк мекен ортасы бар сирек және реликтiлi өсiмдiктер өседi. Кез келген техногендi әсер оларды толығымен жояды, деп есептейдi Ю.Котухов.
Риддердiң экологиялық ұйымдары өкiметтi ғалымдардың сөзiне құлақ асуға шақырып, автотрасса құрылысын Батыс-алтай қорығынан тыс жерге салдыруға үкiм шығаруды сұрайды.
Ерте кезде қазiргi Телец көлi орналасқан жерлерде тау ортасында үлкен және сопақ дала жайылып жатты. Ал тау беткейлерiнде, даланың екi жағында екi батыр өмiр сүрдi, олардың әр қайсысы өзiн сол даланың қожасымын деп санады. Екеуi бiрнеше рет бiр-бiрiмен күресiп, бiрi-бiрi жеңбекшi болды, бiрақ күштерi тең болды.
Бұл жанжалдан ешкiмге тыныштық болмады. Батырларға су және тау перiлерi ренжiп, өздерiне шақырып былай дедi: «Күресу мен жанжалдасуды тоқтатыңдар. Сендердiң дауларыңды шешу үшiн бiз мынадай сынақ жүргiземiз- кiм бiрiншi «әйел» деген сөздi айтса сол далаға иелiктен айрылады».
Батырлар өздерiнiң ауылына тарады, және тыйым салынған сөздi айтпау үшiн бiр-бiрiмен сөйлеспейтiндей болды. Сөйтiп бiр-бiрiне даланың екi жағынан қарап, үнсiз отырды.
Күндер, айлар, жылдар өттi… Бiр күнi күн сәулесi тау шыңын бояған кезде, даладағы жылғаның бойымен сұлу ару келе жатты. Батырлар ару сұлулығын көрiп, шыдай алмай екеуi бiрдей: «мына арудың сұлуын-ай» деп қосарланды.
Осы мезетте аспанды қара бұлт жауып, найзағай шашырап, күн күркiредi. Дала үстiне қалың сүттi тұман түсiп, батырлардан сұлу аруды жасырып қалды. Бәрi тынышталғаннан соң, батырларды таң қалдыратын құбылыс болды: даланың орнында терең көлдiң толқыны жатты! Көл жағалауында батырлар сұлу аруды тағы көремiз бе деп үмiттенiп ұзақ тұрды, бiрақ ару көрiнбедi.
Кейде бұл ару жалғыз шыққын жас аңшылар мен балықшылар алдынан көрiнедi. Егер олар арудың ерiгiнде кетсе, су түбiне батады. Ал егер олар жiгерлi болса, онда ару балықшыға олжа әкеледi, аңшыға үлкен табыс бередi және теңiз дауылынан сақтап жүредi.
Әдебиеттiк әңгiме Ю.Иванецтiкi Б.Бедюровтың кiтаптары бойынша.