Франция


Скачать/Жүктеу

Жерінің ауданы — 551 мың км2
Халқы – 60,2 млн адам
Астанасы – Париж
Мемлекеттік құрылымы — республика
Мемлекет басшысы – президент
Үкімет басшысы – премьер-министр
Заң шығарушы органы – екі палаталы парламент
Мемлекеттік тілі – француз тілі
Ақша бірлігі – еуро

Экономикалық – географиялық жағдайы және құрамы .Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет,жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен .Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді . Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника,Оңтүстік Америкадағы Гвиана ,Үнді мұхитындағы Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады.Жалпы ауданы 127 мың км2 болатын бұл иелікте 1,5 млн адам тұрады.Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды.Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария ,ал оңтүстік – шығыста Италия және Монакомен,оңтүстік – батыста Испания және Андоррамен шектеседі.Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым – қатынастарының дамуына оң әсер етеді.Францияның теңіздік шекаралары Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр . Жағалауларында кеме тоқтайтын қолайлы қойнаулардың болуы Францияның ежелден – ақ теңіз көлігінің дамуына және Еуропа ғана емес, басқа дүние бөліктерінде орналасқан елдермен де сыртқы сауда экономикалық қатынастар орнатуына алғышарт болды.Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік – аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады.1958 жылы генерал Шарль де Голль елде мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі – Бесінші республиканы орнатты. Франция республикада президенттің айрықша зор өкілеттілігі бар,ол елдің сыртқы саясатына қатысты мәселерді шешеді .Президент тағайындаған премьер – министр үкіметті басқарып, елдің ішкі жағдайына толығымен жауап береді.Елдегі заң шығарушы орган – екі палатадан сенат және ұлттық жиналыс тұратын парламент.
Өнеркәсібі.Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Франция үкіметі соғыста күйзелген экономикасын қалпына келтірумен қатар,өндірістің мүлдем жаңа салаларын дамыта бастады .1950 жылдан бері өнеркәсіп өндірісі 4 есеге жуық өсіп,өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің саны соңғы 20 жылда 1,5 млн адамға қысқарды. Мұның өзі еңбек өнімділігінің артуы мен өнеркәсіп жүйесінің құрылымдық өзгерістері нәтижесінде мүмкін болды .Қазіргі кезде ел өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен дүние жүзінде бесінші орын алады. Өнеркәсіп елдегі ұлттық жиынтық өнімінің 25,4 %-ын береді.Елдің экономикалық қуаттылығын символы болып келген дәстүрлі өнеркәсіп салалары соңғы онжылдықтарда өзінің жетекші рөлінен айырылып, жаңа салаларға жол беруде.Лотарингия темір кені алабының қорын пайдаланатын қара металлургия өнеркәсібі 20 ғасырдың 70-жылдарынан бастап дағдарысқа ұшырады.Оған Еуропа мен дүние жүзі нарығында неғұрлым қуатты бәсекелестердің Бразилия, Шығыс Еуропа елдері ,Корея және т.б. пайда болуы әсер етті.Еуропалық Одақ шеңберінде өнеркәсіптің осы саласын дамытуға бағытталған шаралар нәтижесінде өндірісті неғұрлым тиімді ұйымдастырып, қайта жабдықтауға мүмкіндік туды. Орталық аудандардағы тиімсіз кәсіпорындар жабылып, негізгі металлургиялық кешендер солтүстіктегі Дюнкерк маңы мен Лотарингиядағы Мозель өзені аңғарындағы шоғырланған.Қазіргі кезде жылына 19 млн т болат өндіріледі.Алюминий өндірісінде де аумақтық өзгерістер болды бұрын олар,негізінен, Альпы мен Пиреней аудандарындағы су электр станциялары маңында орналасса ,қазіргі кезде шеттен әкелінетін шикізатты қабылдап алатын портты қалаларға көшірілген .Құрамына тоқыма, бояулар жасау, кілем тоқу,еден төсеніштерін шығару өндірісі енетін Францияның мата өнеркәсібі дүние жүзіндегі жетекші орнын жоғалтқан жоқ.Бұл салада әсіресе жүн маталарын шығарудан дүние жүзінде бірінші орын алатын «Шаржер – текстиль», мақта маталарын шығаруға маманданған DMC компаниялары көзге түседі .Қазіргі кезде сырттан әкелінетін жүн мен мақтадан басқа, бұл кәсіпорындарда жасанды талшықтар да кеңінен пайдаланылады.Негізгі орталықтары – Мюлуз,Труа, Лион және Париж маңы. Машина жасау өнеркәсібінде көлік қатынасындағы машиналар мен электр техникасын жасау салалары күшті дамыған.Дүниежүзілік автомобиль өндірісінің дамуында елдің айрықша орны бар.1898 жылы ағайынды Рено негізін салған фирма алғашқы автомобилін жасап шығаратын болатын, арада 15 жыл өткен соң бұл шағын кәсіпорын алуан түрлі машина шығаратын аса ірі концернге айналды.Қазіргі кезде бұл концерн мемлекеттік болып саналады.Мұнда жүк автомобильдері, автобустар, ауыл шаруашылығы машиналары, сондай – ақ кемелер мен ұшақтардың қозғалтқыштары жасалады . Францияда жылына 3,5-4 млн автомобиль жасалса , соның 9/10 бөлігі жеңіл көлік болып табылады . Қазіргі кезде жеңіл автомобильдер , негізінен , Рено кәсіпорны мен жеке меншік Пежо – Ситроен концернде жасалады .Француз компаниялары дүние жүзінің 30 елінде автомобиль тетіктерін жинайтын зауыттар ашқан .Елде жасалған автомобильдердің 60 ы шетке шығарылады.Көбінесе француз жеңіл көліктерін Португалия, Испания , Бразилия және Оңтүстік – Шығыс Азия елдері сатып алады .
Сыртқы экономикалық байланыстар . Франция экономикасы дүниежүзілік шаруашылықтын ажырамас бөлігіне айналды.Сыртқы сауда экономикалық өрлеуге негіз болып отыр, оған оң сальдо тән.Экспорт көлемі жөнінен ел батыс Еуропада тек Германияны ғана алға салады, Францияның сыртқа шығаратын тауарларының жалпы құны дүниежүзілік тауар экспортының 5,1% -ын құрайды. Экспорт құрылымында машиналар мен жабдықтар 43 және ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізаты 20 басым болып отыр .Соңғы жылдары әскери техника мен қару – жарақты сыртқа сату жөнінде АҚШ – тан кейінгі екінші орынға шықты.Импорт көлемі жөнінен Франция Жапониямен қатар АҚШ ,Германиядан кейінгі үшінші орынды бөліседі.Франция – халықаралық туризм орталығы.Қазіргі кезде Франция жылына 77 млн –дай шетел туристері қабылдайды.Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуда туризмнің маңызы зор .
Франция мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара байланыстар. Француз Республикасы ресми түрде 1992 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының егемендігін мойындады.Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым – қатынастар Франция Сыртқы істер министрі Золлан Дюманың 1992 жылы 25 қаңтарда Алматыға келген ресми сапары барысында орнады.Көп ұзамай Алматыда Франция елшілігі ашылды.1992 жылы қырқүйек айында Қазақстан Республикасы Президент Н.Ә.Назарбаевтың Францияға барған сапарында екі ел арасында өзара достық, түсінушілік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды .Бұл келісімде энергетика, пайдалы қазбаларды өндіру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласында және ғылыми зерттеулер, мамандар дайындау ісінде ынтымақтастық мәселелері қамтылады.Франция үкіметі Қазақстанға экономикалық жәрдем ретінде 1993 жылы 300 млн француз франкі көлемінде несие берді.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы