Өндірістің ритмділігін (бірқалыптылығын) талдау


Скачать/Жүктеу

Өндірістің басты көрсеткіштерінің бірі болып өндіріс ритмділігі саналады. Ритмділік сөзінің негізінде есепті кезеңдегі бірдей уақыттағы өнім шығарудың бірқалыптылығы саналады.

Шаруа қызметін жүргізуші субъектінің бірқалыпты жұмыс істеуі өнімді өндіру мен өткізудің, сапасын көтеру және өзіндік құнын төмендету мен пайданың өсуіне маңызды шарт болады. Бірқалыптылық еңбек пен өндірістің рационалды ұйымдастырылуына көз жеткізеді. Бірқалыпты емес жұмыс керісінше барлық экономикалық көрсеткіштерді төмендетеді: өнім сапасы төмендейді, аяқталмаған өндірістің көлемі көбейеді, жоспардан тыс қоймадағы өнімнің қалдықтарының пайда болуы, капитал айналымының баяулауы, келісімшарттар және жабдықтау-келісімдер орындалмайды. Дер уақытында жеткізілмеген тауар үшін оған түсетін төлемақы да уақытылы түспейді және еңбек ақы қорына артық шығын түседі. Мұның кесірінен өнімнің өзіндік құны өседі, пайданың түсуі мен қаржылық жағдай төмендейді.

Бірқалыпты өндірісті сипаттауда бірнеше көрсеткіштер қолданылады. Бірқалыпты өндірістің көрсеткіштері 2-топқа бөлінеді: тікелей және жанама.

       Тікелей көрсеткіштерге жататындар:

  • Бірқалыптылық коэффициенті;
  • Бірқалыптылық емес коэффициенті;
  • Айлық өндірістің әр декадасы үшін өнім өндірісінің үлес салмағы.

Бірқалыптылықтың жанама көрсеткіштері – шаруа қызметін жүргізуші субъектісінің қателігінен тұрып қалған өндіріске төленген қаражат, ақау үшін шығындар, дұрыс қойылмаған өндіріс үшін айып пұлдар болып табылады.

Бірқалыпты өндірістің жалпылама көрсеткіші болып бірқалыптылық коэффициенті саналады. Ол жоспарды бұзбай өндірілген өнімнің үлес салмағын көрсетеді.

Бірқалыптылық коэффициентін бірнеше тәсілдермен шығаруға болады:

1. Бірқалыптылық коэффициент талданатын белгілі бір уақыт арасында жоспар бойынша нақты шығарылған өнім сомасының сол уақыт аралығындағы жоспар бойынша өндірілуі керек өнім сомасының қатынасына тең:

- Сәйкес сома бойынша нақты шығарылған өнім сомасы.

- Жоспар бойынша өндірілетін өнім сомасы.

2. Бірқалыптылық коэффициентін әр кезең бойынша нақты шығарылған өнімнің үлес салмағын қосу жолымен табуға болады.

Өндірістің бірқалыптылық коэффициенті 1-ге жақындаған сайын, жоспарды орындау да бірқалыпты болады.

Шаруа қызметін жүргізуші субъектінің жұмысы мен бірқалыптылық коэффициентіне сипаттама беру үшін қажетті ақпаратты оперативті-техникалық отчеттан луға болады.

Ай декадасы

Өнім көлемі,

мың теңге

Үлес салмағы, %

Жоспардың орындалуы

Жоспар

Нақты

Жоспар

Нақты

Нақтының айырымы

мың теңге

%

1

3060

2032

30,9

18,6

20,5

2032

20,5

2

3474

2894

35,1

26,6

29,2

2894

29,2

3

3366

5974

34

54,8

60,4

3366

34

БАРЛЫҒЫ

9900

10900

100

100

110,1

8292

83,7

 

 

 

 

1-ші тәсіл. %.

2-ші тәсіл. %.

Бірқалыптылық коэффициенті жоспарлы-график бойынша қаншалықты өнім уақытылы шығарылғанын көрсетеді.

Өндірістің бірқалыптылығын бағалау үшін бірқалыптылық емес коэффициенті әр күн (апта, декада) үшін жоспар бойынша өндіретін өнімнің жағымды және жағымды емес шектен тыс шыққан сомасы сияқты анықталады.

Бірқалыптылық емес коэффициентін 1 мен бірқалыптылық коэффициенті арасындағы айырмашылық деп санауға болады.

Кб.емес = 0,837 – 1 = 0,167

Содан соң әр түрлі бола алатын жұмыстың бірқалыпты еместігінің себептерін анықтау қажет. Міндетті түрде сыртқы(уақытылы шикізаттар мен материалдардың жабдықтаушымен жеткізілмеуі, электрэнергиясының сөндірілуі, кәсіп орындардағы көтерілістер) және ішкі (төмен дәрежеде еңбек пен өндірістің ұйымдастырылуы, қолданылатын технологияның, қаржылық жағдайдың жеткіліксіздігі, т.б.) себептерді анықтау керек. Себептерді анықтау мен олардың топтастырылуы бірқалыпты күшейту мақсатында оларға нақты шараларды Соңында бірқалыпты емес жұмыс үшін  ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Соңында бірқалыпты емес жұмыс үшін жоспарлы-графиктік уақыт бойынша бекітілген өткізілмей қалған өнімнің құнын анықтау қажет.

Шаруа қызметін жүргізуші субъектінің бірқалыптылық емес жұмыс үшін жіберіп алған мүмкіндіктерін бір күндегі (декадалық, айлық) өндірістің ең көп ортакүндік (ортадекадалық, ортаайлық) өндіріс көлемі бойынша есептелген нақты және мүмкін бола алатын өнім өндірісінің айырмашылығымен алынады:


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы