Скачать/Жүктеу
Дәрістің мақсаты: Монополия ұғымына түсініктеме беру және монополияның ерекшеліктерін меңгеру.
Тақырыпқа сұрақтар:
- Монополияның белгілері, түрлері
- Салаға кірудегі кедергілер
- Шекті шығын мен шекті кірісті теңестіру
- Табиғи монополия
- Баға дискриминациясы
Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер):
Абсалютті немесе таза монополия – жақын баламасы жоқ ерекше өнімді бір фирманың өндіріп, сатуы. Негізгі белгілері:
- сала бір фирмадан тұрады, өндіруші де, қызметті жеткізуші де бір ғана фирма;
- монополист өндіретін өнімнің жақын баламалары жоқ,
- жетілген бәсекелі рыноктағы фирма бағамен келіседі, ал монополист бағаны бақылайды (билігі абсалютті емес) себебі, өз өнімінің жалпы ұсынысын реттей алады. Монополист өнімге деген сұраныс өзгергенде бағаны өзгерте алады, ұсынысты реттейді;
- монополистің бәсекелесінің болмауына салаға кірудегі кедергілер себеп болады. Олар: экономикалық немесе қаржылық, техникалық, заңдылық және т.б.
Монополияның бастапқы формасы – картель. Онда жеке өңдірушілер өнім бағасы туралы, өткізу рыногы, өндіріс көлемі, пайданы бөлу туралы келісім жасайды.
Синдикат - өз құрамына кіретін кәсіпорындарды жабдықтау және өнімді өткізу функциясын өз қолына алады. Бұл кезде, өндіріс функциясы жеке кәсіпорынның қолында. Кәсіпорынды ары қарай бірлестік құра отырып, өндірістік еріктілігі жойылғанда бір орталықтан басқарылатын трест пайда болады.
Трест- бір салалы немесе көп салалы болуы мүмкін. Көп салалы трест –жанама өнім өндіру нәтижесінде және бір кәсіпорын шикізатты өңдеп, екіншісі одан товар өндіріп, үшіншісі өңдеу нәтижесінде қосымша пайда табады. Көп салалы трест монополиялық бірлестіктің ең жоғарғы түрі — концернге өту жолы болып табылады.
Концерн - өзара тәуелді немесе байланысты әр түрлі сала кәсіпорындарды біріктіреді (өндірушілермен қатар сауда үйлері, транспорт-кәсіпорындары,ақша несие мекемелері т.б.). Бұндай бірлестіктер салаларык бәсекені кеміту үшін қолданылады. Ол үшін бір жерден жоспарлайды, жабдықтайды, сатады және басқарылады. Сөйтіп ірі комплекс пайда болады.
Концерннің ерекше түрі – конгломерат деп аталады ол өзара байланыссыз кәсіпорындарды біріктіреді. Әр-бір кәсіпорынға еріктілік беріледі, тек бақылау жасайды.
Салаға кірудегі кедергілер жетілмеген рыноктың құрылымның пайда болуына себепші болады. Таза монополия кезінде кедергілер бәсекені мүлде жояды.
Монопсония рынокты қандай да өнімді бір ғана тұтынушы болған ситуация.
Бақылау сұрақтары
- Монополиялық бәсеке жағдайында фирманың баға мен өнім көлемін белгілеуі. Ұзақ мерзімді тепе-теңдік.
- Бағалық емес бәсеке және экономикалық тиімділік.
Әдебиеттер тізімі:
- Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика. — Алматы: Экономика. КазГАУ, 1997
- Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. — Алматы.: Казак университетi, 2001
- Нереев P.M. Курс микроэкономики. — М.: Норма, 2001
- Пиндайк Р., Рубенфельд Д. Микроэкономика. — М.: Дело, 2001
- Есенғалиева Қ.С. Микроэкономика – Алматы: 2007
- Құдайбергенова К.С. Микроэкономика – Алматы: 2005