Қазақстан Республикасындағы кіші бизнес және оны қаржыландырудың заңдылық негіздерін талдау


Скачать/Жүктеу

Қазіргі кездегі шағын бизнестің өркендей түсуіне байланысты оның даму сферасы ұлғайып келеді. Осыған байланысты ол жан — жақты талдауды талап етеді. Бұл бөлімде Қазақстандағы шағын бизнестің жүргізілуі жөнінде талдау жасалады.
Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан бергі өмір жолында оның экономикасының дамуына әсер ететін бірден-бір факторлардың бірі — бұл шағын бизнес, ал шағын бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттің экономикалық саясаты жағынан заңнамалық тұрғыдан жүргізіледі. Қазақстанда бұл сектордың экономикалық және әлеуметтік секторға әсер етуі шетелдердегідей, соның ішінде Батыс Еуропа, Америка және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегідей, біздің елімізде де іскерлік өмірде дамыған динамикалық бөлімдерінің біріне айналды.


Шағын бизнес жеке кәсіпкерлікті құрайтын қазақстандық жүйе болып табылады. 1997 жылғы 19 маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңға сәйкес, шағын бизнес субъектілеріне білімі қамтылмаған жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар, құрамында орташа жылдық санмен 50 қызметкері бар және бір жылдық активтердің жалпы құны 60 мың айлық есептік көрсеткішке тең болатын (қазіргі таңда 55 миллион теңгеден жоғары немесе 400 мың АҚШ доллары) кәсіпорындар жатады. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік құрамынын заңнамамен бөлінеді, яғни жеке кәсіпкерлер және орташа жылдық санмен 10 жұмысшы саны бар заңды тұлғалар.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жолындағы мақсаттар 1997 жылы Президенттің «Шағын бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шаралары туралы» және «Қазақстан Республикасында шағын бизнесті қолдау мен дамытудың жергілікті бағдарламалары туралы» жарлықтарынан бастау алады. Осы нормативтік актілерде мемлекеттік саясаттың осы сферадағы бағыттары көрсетіледі. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың шағын кәсіпкерлікті өолдау координациясы, сондай-ақ олардың халықаралық қаржы институттарымен шағын кәсіпкерлк бағытына техникалық және қаржылық көмек жасау туралы қарым — қатынаста болуы сипатталады. Бұл бағыттарды қолдау Қазақстан Республикасының экономика және сауда министрлігі құрамындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігіне жүктеледі. Қазіргі таңда шағын бизнесті қолдау облысындағы қызметтер Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігіне тапсырылады.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы алғашқы бағыттар мыналар болып табылады:
- халық тауарларын өндірудІ дамыту, импорт, құрылыс материалдарын, әртүрлі құрылғы түрлерін шығару;
- қызмет сферасын дамыту:
- аграрлық жүйе өнімдерін шығару өндірісін дамыту.
Қазіргі таңда Қазақстандағы шағын бизнес жағдайын сандар көрсеткіштері көмегімен қарауға болады. Статистика көрсеткіштері бойынша республикада 2003 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша 442,3 мың шағын бизнес субъектілері тіркелген. Шағын бизнес салмағының мөлшері 17,6 %-ды құрады. Сондай-ақ,республикада шағын кәсіпорын саны да артып келеді, яғни 2004 жылдың бірінші тоқсанында 135 мың шағын бизнес субъектілері тіркелді. Шағын кәсіпорындардың қызмет сферасына келетін болсақ, олардың көп бөлігі (39 %) сауда, автокөлік ремонты, үй заттарын тұтыну жақтарында мамандандырылады. Шағын кәсіпорындардың аздаған бөлігі өндірістік қызметпен айналысады, осы жерде олардың жалпы санының өскендігі байқалады: егер 2003 жылдың екінші тоқсанында 7,9 мың өндірістік шағын кәсіпорындар қызмет етсе, 2004 жылдың екінші тоқсанында олардың саны 8,1 мыңға дейін өсті.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурызында қабалданған «Шаруа қожалығы туралы» заңы шаруа қожалығының шағын кәсіпкерліктің ерекше пошымы ретінде құрылып жұмыс істеуінің негізін егжей — тегжейлі айқындап берді. Сондай-ақ, кәсіпкерліктің бір пошымы азаматтық — құқықтық және әкімшілік — құқықтық қатынастар субъектісі ретінде шаруа қожалығының құқықтық негізі қосымша жиырмадан астам басқа да нормативтік — құқықтық актілермен реттелетінін атап өткен жөн.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, шаруа қожалығының банктерде есепшот ашу және банкідегі өз ақшасына иелік жасау құқығы бар. Өз күшіндегі заңдарға сәйкес шағын кәсіпкерлік (бизнес) субъектісіне жатқызылған фермерлер шаруашылықтарына мемлекеттік қолдаудың төмендегі түрлері көрсетілуі мүмкін:
1) мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап үш жыл ішінде жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу үшін ақы төлеуден босатылады. Шаруа қожалықтарын мемлекеттік тіркеу ол үшін ақы төлемей, өз басы келіп тіркелу сипатында болады;
2) табиғи монополист кәсіпорындардың қызметін монополияға қарсы реттеуді қолдана отырып, электр энергиясымен, жылумен, сумен жабдықтау жөнінде қосылатын қуаттар үшін ақы төлеуден заңдарға көзделген тәртіп пен жағдайда босатылады;
3) мемлекет қатынасын екінші деңгейдегі банктерде ақы алынбай есепшот ашылады;
4) жеке кәсіпкер ретінде бухгалтерлік және статистикалық есептерді оңайлатылған тәртіппен береді;
5) салық заңдарына сәйкес табыс салығын салық патенті негізінде не салықтың белгіленген сомасын, не салық базасын анықтау мен салық есебін жүргізудің оңайлатылған жүйесі байынша төлейді;
6) шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік мұқтаждар үшін тапсырыстарды орналастыру (беру) кезінде басым құқықпен пайдаланады;
7) тиісті жылға аралған мемлекеттік бюджетте шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберінде белгіленген шекте статистикалық және ақпараттық қызметті, сондай-ақ, ғылыми — техникалық таңдамалар мен технологияларды жеңілдікті шартпен алады;
8) шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін көзделген қаражат есебінен кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ісін жүргізеді.
Шағын кәсіпкерліктің қаржы мөлшерін иеленудің бір жолы аудандық несие серіктестігін құру болмақ. Ұлттық банк өзінің басқармасының 2000 жылғы 29 шілдедегі Қаулысымен Әділет министрлігінде «Несие Серіктестіктері туралы» ережені тіркеуден өткізді. Ұлттық банк Ауылдық коммандиттік несие серіктестігінің үлгі түріндегі жарғысын мақұлдады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі күрделі экономикалық жағдайында жекелеген шаруа қожалықтарының қиыншылықтары жетіп артылады. Бұл қиыншылықтарды жеңу жолдарының бірі — олардың неғұрлым ірі шаруашылық пошымына бірігуі. Атап айтқанда, олар ерікті негізде кәсіпкерліктің өндірістік кооператив, қоғам, серіктестік секілді ірі ұйымдық -құқықтық пошымдарына бірігуінде болады.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы жаңа заң еліміздің құқықтық, саяси және экономикалық жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ескере отырып, жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік сияқты аса маңызды және үнемі дамып отыратын салада, басқарушылық және құқықтық сауаттылыққа, олардың жаңашылдық қабілетіне және ең бастысы — бастамашылдығына байланысты болып табылады.


Скачать/Жүктеу

Комментарии отключены.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы