Шешендік сөздер

Жарлының пірі жалтаң ата

Бір ауысқан малын сұрап, мазалай берген біреуге Досбол былай депті:

Жарлының пірі жалтаң ата,

Ұрының пірі қалтаң ата.

Читать полностью »

ДОСБОЛДЫҢ ӘЙЕКЕГЕ айтқаны

Қыпшақ Досбол қартайып, сөзден, биліктен қалады. Қыпшақтың жас болыс, билері келіп, оның көңілін сұрап, қолын алмайды. Шиелі жеріндегі арғын Әйеке болыс қыпшақ елінің бір қанатын билеп тұрады екен. Әйеке қартайған Досболға тоғыз қара тарту, үстіне киіс, астына мініс әкеліп:

Читать полностью »

Биікпін деп мақтанба

ТОБЫҚТЫ ҚҰНАНБАЙ айты деген сөз

Қаржас пен Тобықтының арасында бір дау болып, үш-төрт жылға созылыпты. Өйткені, айтылған бітімге екі жағы наразы болып, арыз етіп, бұздыра беріпті. Даудың ақыры төтенше съезіне түсіп, съезде Қаржастан Мұса, Тобықтыдап Құнанбай шығып сөйлепті. Мұса Құнанбайдан кіші болуы керек, сөйтсе де сөз арасында Құнанбайды кемсіте сөйлепті.

Читать полностью »

БЕКБОЛАТ пен бір ТӨРЕ

Қарауыл Бекболат шешенге бір төре орыс сұрақ қойып:

—                 Құдай қайда тұрады? — депті. Бекболат төреге «мылтығыңды атшы» дейді. Анау шүріппені басады.

—                 Оғы қайда түсті? — дейді сонда Бекболат.

—                 Қайдан білейін? — дейді төре.

Читать полностью »

БАЙДАЛЫ мен АЙҒАНЫМ

Ел аузындағы аңызға қарағанда, Байдалы шешен бай бола алмапты. Дүние құрастырып, дәулет жинауға, сірә, ол кісінің қолы тимесе керек. Бірақ бай болмағанымен, кедейлікке бас иіп, құл да болмапты. Ол ақылын азық, асыл сөзін сусын етіп, дүниеден өткен адамдардың бірі екен.

Читать полностью »

Біз сізді іздеп келдік баянас деп

Шернияз екі көпес ноғаймен келе жатып, Баянас деген байдың үйіне қонады. Баянастікі мал соймай, ет аспай қонақтардың алдарына көже қояды. Сонда Шернияз бақандағы етті көріп, Баянас байға былай дейді:

Читать полностью »

Асанқайғы мен Әз Жәнібек

Асанқайғы қойға қошқар қоймай, жылқыға айғыр салмай, бура шөгермей, сиырды бұқасыз сақтап, малды үш дейін ту қылып ауған екен. Сол ауып бара жатқан ноғайлының ханы Әз Жәнібекке кез болыпты. Бұрыні үш тойына шақырғанда Асанқайғы бармаған екен. Ауып бара жатып кез болған соң, Әз Жәнібек айтыпты:

— Бұрын бір хан болыпты. Ханның қасында бір қараша кедей үй қоңсысы болған екен. Ханның малының сүмесінен қозы қарын май мен бір қап құрт алған екен. Күзді күні ел тауға қонар мезгілде, қараша: «Ханымды шақырып, осы құрт пен майдың алдын таттырып кетейік. Сонда бізге қалғаны жұғымды болар. Ханымға таттырмай кеткен соң берекесі болмас» — дейді.

Читать полностью »

3 страниц123



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы