Әлеуметтану, Саясаттану

Әлеуметтану ғылымының негізгі тарихи даму кезеңдері

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж.ж) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр.Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

Читать полностью »

ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ

Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері
Бұл мәселе жөніндегі әзірше әлеуметтанушылардың арсында белгілі бір ортақ пікір әлі қалыптаспаған.
Меніңше, әлеуметтанудың құрылымына, оның таным білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен «құрылым», «деңгей» деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз.

Читать полностью »

Әлеуметтану білімінің тарихи қажеттілігі

ЖОСПАР:

Кіріспе:
а) тарихтың ішіне саяхат
ә) әлеуметтанушылар туралы мәліметтер.

Негізгі бөлім:
әлеуметтану туралы идеялар,тарихи мәліметтер мен ғалымдар

Қорытынды:
әлеуметтанушылар мен олардың еңбектері

КІРІСПЕ:

а) Тарихтың ішіне саяхат

Читать полностью »

ӘЛЕМДIК ТҰТАСТАНУ

Бiр үлкен империяның құрамынан шығып, ұлттық мемлекетiн ендi-ендi орнатып келе жатқан Қазақстан, көз ашпастан, күллi жиһанды қоршаған һәм бопсалаған әлемдiк тұтастану барысының өтiнен шыға келдi. Бiздi қатты толғандыратын шекара, топырақ, ұлттық егемендiк, унитарлық мемлекет, ұлттық құқықтың үстемдiгi, тiл, дiн және мәдениет мәселелерi толық шешiмiн таппай жатқанда, әлемдiк тұтастанудың талаптары бүйректен сирақ шығарғандай көрiне бастады. Сондықтан, әлемдiк тұтастанудың бiзге берерi мен бiзден аларын мұқияттап есептеуiмiз, бұл жаңа һәм бiр жағынан аяусыз дәуiрдiң проблемаларына дайын болуымыз шарт.

Читать полностью »

ЕУРОПАДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ ЖӘНЕ АНА ТІЛІ МӘСЕЛЕСІ: КЕЙБІР ПРОБЛЕМАЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР

Қазақ халқының елеулі бір бөлігі қазіргі Қазақстан Республикасы шекараларынан тысқары жерлерінде тұрып жатыр. Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде де Қазақ диаспорасына жататын көптеген топтар өмір сүріп келеді. Бұл қазақтардың басым көпшілігі Қытайдың Шыңжаң аймағынан (бұрынғы Шығыс Түркістан аймағынан) 1950 жылдары Пәкістан және Үндістан арқылы Түркияға көшкен, ол жерден жұмыс бабымен Батыс Еуропа елдеріне қоныс аударған қазақ отбасылары мен олардың балаларынан құралады. Олардың келешегі бір шағын тобы болса, ашаршылық жылдары Қазақстаннан Ауғанстанға босқан, 1980 жылдардың басында тағы Түркия арқылы Батыс Еуропа елдеріне келіп қоныс тепкен қазақ отбасылары мен олардың ұрпақтарынан тұрады. Батыс Еуропаның түрлі елдерінде тұратын сол қазақтар өздерінің ана тілдерін, ұлттық қасиеттерін, мәдениеттерін, салт-дәстүрлерін сақтап қалу, болашақ ұрпақтарға жеткізу үшін 10 қазақ орталығын құрып, солардың айналасына топтасқан. Осы қазақ орталықтары өзара байланыстарын, жұмыстарын белгілі бір жүйеге келтіріп, үйлестіріп отыру мақсатына орай Еуропа Қазақ Қоғамдары Федерациясы деген бір шағын ұйым да құрған.

Читать полностью »

ЕЖЕЛГI ИСЛАМ МӘДЕНИЕТIНІҢ ОРТАЛЫҒЫ – ТАРАЗ

Қазақстан тарихы терең, мәдениеті бай мемлекет. Егемендікке қол жеткізгелі бері халқымыздың еңсесі көтеріліп, дініміз бен рухани мәдениетіміздің жарық салалары өркендеп келеді. Қазақ тілінің мәртебесі де өз топырағында күн өткен сайын өсуде. Міне, көрегенді ел басқарушыларымыздың іжтиһадтылығымен орта ғасырлардағы Қазақстанның руханият, білім, мәдениет және сауда орталықтарының бірі болған әфсанауи Тараз шаһарының 2000 жылдық тойы үшбу айдың аяқ шенінде аталмақшы. Бұл тарихи уақиға еліміздегі Исламның таралу тарихын зерттеп келе жатқан маған да айрықша әсер етіп, ерекше сезімге баулыды. Сол себепті, қазақ жеріндегі ежелгі Ислам мәдениетінің алтын бесігінің бірі, мүмкін бастысы болған Тараз туралы ойларымды оқырмандармен бөліскім келді.

Читать полностью »

ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕДЕГІ САЯСИ ОЙ-ПІКІРЛЕР

Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер. Ежелгі Шығыс елдеріне: Египет, Вавилон, Индия, Қытай, Персия; Батыс елдеріне: Грекия, Рим жатады. Бұл ел¬дерде саяси ой-пікірлердің қалыптасуы қоғамның таптарға жіктелуі мен мемлекеттер пайда бола бастағанда жүзеге асады. Саяси ой-пікірлердің пайда болуы бұл елдерде көбінде аңыздарға (мифтерге) тікелей байланысты. Адамның дүние¬дегі алатын орны да осы қиял-аңыздармен көрсетіледі. Бұл ой-пікірлер өз алдына білімдер саласы ретінде қалыптаспаған, мифология¬лық көзқарастың құрамдас бөлігі болып келеді.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы