Скачать/Жүктеу
1978 жылы АҚШ-тың Танзания штатында осы аурудың белгілері бар бірнеше пациент тіркеліп, бұл ауруға 1982 жылы СПИД деген атау мен анықтама беріледі.
Қарап отырсақ, қазір жастарға қарағанда, ересек адамдар ВИЧ және СПИД атауларын синоним сөздер ретінде қабылдап, ол туралы түсініктері шатасып жатады. СПИД ол ВИЧ инфекциясының кезекті асқынған стадиясы ғана, ВИЧ СПИД-ке айналғанға дейін көп жылдар өтпек. Бұл жылдардың нақты мерзімі әрбір науқастың өз денсаулығын одан әрі қарай қалай күтуіне байланысты болмақ. Басқа сөзбен айтқанда, адамда өмір бойы ВИЧ инфекциясы болуы, бірақ СПИД-ке айналмауы да мүмкін. Қысқасы, иммунтапшылығы вирусы адамның қанындағы CD4 немесе Т клеткаларын зақымдайды. Бұл клеткалар ағзаны инфекциялардан қорғайтын иммундық жүйенің қалыпты қызмет етуінде ерекше маңызға ие. ВИЧ инфекциясы қанға түскеннен кейін көбейе келе жоғарыда аталған клеткаларды өлтіре бастамақ. Өз кезегінде иммундық жүйе “жоғалған” клеткаларды жылдам қалпына келтіріп отырғанмен жылдар өте келе CD4 клеткалары соншалықты азайып, ағза оны қалпына келтіріп үлгере алмай қалады. Осының салдарынан иммундық жүйе бұзылып, жайшылықта аса қауіпті емес инфекциялардың алдында адам ағзасы шарасыз болып қалмақ. Бұл инфекциялар (оның ішінде онкологиялық аурулар да кіреді) оппортунистер деп аталады, яғни “жағдайды пайдаланушылар”. ВИЧ-пен ауыратындарда оппортунистік инфекциялардың пайда болуы СПИД диагнозын қоюға негіз болмақ.
1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИДке қарсы күн.
СПИД вирус арқылы жұғады. Ол вирустар көзге көрінбесе де, адамның қанындағы антиденелерді өлтіреді. Егер антиденелер өлсе, онда адамның иммундық жүйесі бұзылады. Ондай адамдар ауруға тез шалдығады. Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды. Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады. СПИД вирусы тек қан және жыныстық қатынас арқылы жұғады. Оның мынандай жолдары бар:
Біреуге қан құйса
Бірінші адамнан вирусы бар шприцты екінші адамға қолданса
Вирусты инемен денеге сурет салса немесе құлақ тессе
Жыныстық қатынас
Жұқтырған ананың баласына
Бірден адамда суық тиген синдромы байқалады. Жөтеледі, дене қызуы көтеріледі, басы айналып, тәбеті болмай ариды. Күретамырлары білеуленіп кетіп, 3 аптадан соң қайта басылады.
СПИДтің соңғы сатысы-өлім. Ол адам ауруға тез шалдыққыш келеді. Қандай болсын ауруға төзе алмағандықтан, өліп кетуі де бар.
Ал енді қай кездерде жұқпайды?
Амандасқанда, құшақтағанда, иіскегенде
Тамақты бір ыдыстан ішкенде
Бірге жуынып, орамалмен сүртінгенде
Ауа, су, ойыншық арқылы
Жәндіктер шаққанда
Есік, машина тұтқасын ұстағанда
Бірақ, сонда да әр адам өзінің жеке бас гигиенасын сақтауы керек.
СПИДке шалдыққан адам 10-15 жыл ғана өмір сүре алады. Осындай жағдайға душар болған адамдарға көмек беріп, қолдауымыз керек. Ауыратын екен деп бас тартпауымыз керек.
Осы аурудың аты шығып, анықталғаннан кейін-ақ оған әлемдегі БАҚ өкілдері “ХХ ғасырдың індеті”, “ғасыр обасы” деген ат қойып, оны жұқтырған адамдар санаулы жылдардың ішінде-ақ іріп-шіріп өледі деген түсінік тарата бастады.
Шындығында, ВИЧ жұқтырған адам қанша өмір сүреді? “ВИЧ инфекциясы” диагнозы бар адам ең бірінші өзіне осы сауалды қоймақ. Бұған мамандар қазірге: “Ешкім білмейді”, деген бір ғана сауалмен жауап береді. Кейде оның 15, 10 тіпті 5 жыл деген “мерзімі” айтылып та қалады. Осы арада мына бір мәселеге назар аударалық. СПИД эпидемиясы 25 жылдан астам уақыт бұрын басталса, содан бері осы диагнозбен өмір сүріп келе жатқан адамдар бар.
Қазақстанда ВИЧ/СПИД ауруының алдын алу жұмыстары 10 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бірақ, осыған қарамастан, өкінішке қарай біздің елімізде де ВИЧ позитивті адамдардың саны жыл сайын ұлғайып бара жатыр. Осы уақытқа дейін халықтың арасында бұл ауру тек моральдық азғындаған адамдарда ғана болады деген түсінік қалыптасып келді. Оны жыныстық қызмет көрсетіп жан бағып жүрген қыз-келіншектеріміз жұқтырады, онымен осылардың қызметін пайдаланатындар немесе гомосексуалдар мен нашақорлар ауырады деген біржақты пікірде болды. Қазіргі кезде иммунтапшылығы дерті жағдайы түзу, орта жастан асқан отбасылы жандардан да табылып отыр. Адамның ағзасындағы төрт сұйықтықта болатын бұл вирус иненің ұшымен де, жыныстық қатынаспен де, қан арқылы да, ананың сүтімен де оңай жұғатынын Шымкент оқиғасы тағы да дәлелдеп кетті. Осы вирусты аяғын анықтап басып, адал жүрген адамға тіс дәрігері де, маникюр-педикюр шебері де өз кәсібін дұрыс атқармаса, абайсызда жұқтыруы мүмкін.
Алматыдағы СПИД орталығының деректеріне қарасақ, қазіргі жағдаймен бағалағанда Қазақстанда 12-14 мыңдай адам ВИЧ диагнозымен өмір сүріп жатыр. Шамамен деп отырғанымыз, осы уақытқа дейін, мәселен алматылықтардың 10 пайызы ғана тексеруден өткен. Оңтүстік астанамызда бүгінге дейін ВИЧ диагнозы 1400 адамға қойылған. Олардың жас шамасы 19-49 аралығын құрайды. Биылғы жылдың 1 қазанына дейін елімізде 6 943 жанның ВИЧ жұқтырғандығы тіркеліп, оның 426-сы СПИД-пен ауыратындығы анықталып отыр.
Бүгінгі статистикаға қарап отырсақ, Қазақстанда ВИЧ жұқтырғандардың 78 пайызын, Алматыда тіркелгендердің 92 пайызын есірткі пайдаланатындар құрайды екен.
Қазіргі күндері осы аурумен күресетін үкіметтік емес ұйымдар иммун тапшылығы вирусымен ауыратындарға психологиялық қолдау көрсетіп, олардың құқықтарын қорғайды және ол адамдарға осы диагнозбен қоғамға бейімделуге көмектеседі.
Қазіргі күндері Қазақтанда иммун тапшылығы вирусымен ауыратын азаматтармен көптеген Үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. Олардың қатарында “Тең теңімен” ұйымы да бар.
БҰҰ-ның СПИД жөніндегі Бірлескен бағдарламасы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары да, СПИД індетінің 2005 жылғы жағдайы жайында есеп-дерегін жария етті. Олардың мәліметтеріне қарағанда, былтырғы жылғы көрсеткіш 37,5 млн. болса, ал 2005 жылы дүниежүзі бойынша ВИЧ пен СПИД жұқтырғандардың саны 40 миллион адамнан асып жығылған. Сонымен қатар 3,1 миллион адам, оның ішінде 570 мың бала осы дерттен көз жұмған екен. Бір айта кетерлігі, әлем бойынша аталмыш індеттен ең көп зардап шеккен аймақ Африка мен Сахараның оңтүстік аймақтары, мұнда ауруды жұқтырғандардың 65 пайызы тұрады екен.