Организмнің биологиялық реакциялары


Скачать/Жүктеу

Тітіркенгіштік дегеніміз тірі материяның сыртқы ортаның әсеріне зат алмасу үрдісін күшейтумен беретін жауабы. Тітіркенгіштік өсімдік жасушаларына да, жануарлар жасушаларына да тән қасиет. Тітіркенгіштік организмнің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына бейімделуінің негізінде жатады.

Жануарлар жасушаларына тағы да бір ерекше қасиет — қозғыштық тән.

Қозғыштық деп тірі жүйенің (жасуша, ұлпа, мүше, организм) сыртқы немесе ішкі орта тітіркендіргіштерінің әсерінен өзінің физиологиялық белсенділігін өзгертуін айтады. Қозғыштық толқын тәрізді ерекше үрдіс — қозудың негізінде жатады. Қозудың нәтижесінде жеке құрылымдарға тән әрекет атқарылады.

Нерв жүйесі жетілген жануарларда физиологиялық реакциялардың ерекше түрі — рефлекс болады.

Рефлекс деп организмнің сыртқы, не ішкі ортаның тітіркендіргіштеріне нерв жүйесінің қатысуымен беретін жауабын айтады. Мысалы, ауыз қуысының рецепторларын тітіркендіргенде сілекей бөлінеді, көздің қасаң қабығына әсер еткенде кірпік қозғалады т.с.с.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы