
Скачать/Жүктеу

Мақсаты: Мидың интегративтік қызметінің физиологиясымен таныстыру.
Сұрақтар:
1 Орталық нерв жүйесіндегі интегративті процестер психикалық қызметтің негізі.
2 Екінші сигналдық жүйенің дамуы — баланың тіл қызметінің негізі.
3 Ұйқы және сергектік.
4 Мотивация мен эмоция.
5 Қабылдау мен зейін.
6 Ес.
Психикалық процесстердің мида орналасқан белгілі орны жоқ. Олар мидың иерархиялық жүйесінің жұмылдыра қызмет етуі арқылы жүзеге асады. Қабылдау — хабарды қабылдап, талдап, ықшамдайтын, өңдейтін күрделі процесс. Нәрестенің қабылдауы ассоциативтік аймақтар арқылы жүзеге асады. 5-6 жаста қабылдау қарқынды жүреді. Назар — тәрбие беру, оқыту, үйрету үшін қажет. Ол ми қыртысының белсенділігін арттырады. Бұл процеске ретикуляциялық формация, лимбикалық жүйе, ми қыртысының маңдай бөліктері қатысады. Ес — ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді болып бөлінеді. Еске сақтау физиологиялық тұрғыдан 3 бөліктен тұрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау, мезгілінде қайтадан жаңғырту.
Бақылау сұрақтары:
1 Ұйқы мен түс көрудің физиологиялық механизмдерін сипаттаңыз.
2 Зейін мен есте сақтаудың физиологиялық механизмдерін сипаттаңыз.

Скачать/Жүктеу
