Скачать/Жүктеу
Есту деп организмнің дыбысты қабылдау қабілетін айтады. Ол есту мүшесінің күрделі қызметі арқылы іске асырылады. Сүт қоректілерде есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұраұы. Сыртқы және ортаңғы құлақ есту талдағышының өткізгіш, ал ішкі құлақ — қабылдаушы бөлімі.
Сыртқы қулақ құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан түрады. Құлақ қалқаны дыбыс тербелістерін қабылдап, оны дыбыс жолына бағыттайды. Дыбыс жолы дыбыс толқынын ортаңғы құлаққа өткізеді. Сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақ арасын дабыл жарғағы бөліп тұрады. Ол өзіне жеткен дыбыс толқынын ортаңғы құлаққа өткізеді.
Дабыл жарғағының арғы жағындағы дабыл қуысында бір-бірімен буындана байланысқан есту сүйекшелері — балғашық, төс және, үзеңгі орналасады. Балғашық дабыл жарғағына, ал узеңгі — ішкі құлаққа баратын солақша тесікті жауып түратын жарғаққа бекиді. Аталған сүйекшелер арқылы дыбыс толқыны дабыл жарғағынан сопақша тесікті жауып түратын жарғаққа беріледі. Сүйектің ерекше байланысының және үзеңгі ауданының дабыл жарғағы беткейінен көп кіші болуының салдарынан дыбыс толқынының
күші 40-60 есе артады. Дыбыс тым күшейіп кетсе құлақ қуысының еттері жиырылып, дабыл жарғағы керіле түседі де, сүйектер қимылы шектеліп, дыбыстың әсер күші азаяды.
Ортаңғы құлақты ішкі құлақтан бөліп тұратын сүйекгі қалқанда екі тесік болады. Олар жүқа дәнекер үлпалы жарғақпен жабылған дөңгелек және сопақша тесіктер. Дөңгелек тесікті иірім тутіктер (улу) терезесі дейді. Одан сәл төменірек орналасқан сопақша тесікгі -саға (кіреберіс) терезесіді деп атайды.
Ішкі қулақ, немесе шытырмақ (лабиринт), самайдың қайыршық сүйегінің ішінде жатады. Ол бірінің ішінде бірі орналасқан сүйекті және жарғақты шытырмақтан түзілген. Бұл екі қүры-лымның арасыңда периаимфа, ал жарғақты лабиринтгің ішіңде эндолимфа (ішкі сүйық) болады.
Сүйекті лабиринт үш құрылымнан — сағадан (кіреберіс), иірімді түтіктен (үлудан) және жартылай дөңгелек түтікгерден, — тұрады. Саға мен иірімді түтік есту мүшесін қүрайды. Ал сағада орналасқан қапшықтар мен жартылай доңгелек түтіктер тепе-теңдік (вестибулалық) аппараты болып табылады. Демек, ішкі құлақта есту және тепе-тендік мүшелері орналасқан.
Саға — кішқентай қуыс. Ол сопақша және деңгелек қапшықтарға болінеді. Сопақша қапшық жартылай дөңгелектүтіктермен, ал дөңгелек қапшық — иірімді түтікпен жалғасады.
Иірімді тутік (улу) — орталық білікті бойлай спираль тәрізді екі айнальш жасай орналасқан иірімделген құрылым. Рейснер мембранасы мен негізгі мембрана арқылы ол үш жіңішке арнаға — сопақша тесіктен басталаіын сага өзегіне, дөңгелек тесікпен жалғасатын дабыл өзегіне және иірімді тутік өзегінс, — бөлінеді. Алғашқы екі өзек иірімді түтіктің тобесінде бір-бірімен тар тесік — геликотрема, — арқылы жалғасады және олардың қуысы перилимфамен толған. Ал, иірімді түтік өзегі эндолимфамен толады да, мүнда дыбыс толқынын қабылдайтын Корти мүшесі орналасады.
Корти мушесі — күрделі құрылым. Ол негізгі мембра-наның ішкі беткейін бойлай орналасқан есту жасушалары мен суйеніш жасушалардан қүралады. Есту жасушаларының үшында жіңішке кірпікшелер болады. Олар дыбыс толқынының әсерін қабылдайды. Осы жасушалардың үстінде бір үшы сүйекті түлғаға жалғасқан, екінші үшы бос жататын жабынды табақша орналасады.
Құлақ қалқаны қабылдаған дыбыс толқыны есту жолы арқылы дабыл жарғағын тербелтеді. Бұл тербеліс есту сүйектерінің тізбегімен сопақша тесікке беріліп, саға әзегіндегі перилимфаны толқытады. Одан орі толқын геликотрема арқылы дабыл өзегіндегі сүйыққа тарайды. Осы толқын әсерімен негізгі мембрана тербеліп, оған бекіген есту жасушаларының түктері жабынды мембранамен түйіседі де, бұл жасушаларда қозу пайда болады. Қозу үрдісі улу жуйкесінің үштары-нан есту жүйкесіне беріледі де, одан әрі есту жолымен сопақша ми, аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларының самай бөлігінде орнала-сқан есту талдағышының қыртысіық бөліміне беріледі.