Атмосфералық ауа мен организм арасындағы газ алмасу


Скачать/Жүктеу

Өкпе қуыс мүше. Ол белгілі мөлшерде ауа сиғыза алады. Мысалы, адам еркін дем алған кезде 500 мл ауа жұтып, дәл осы мөлшерде де шығарады (жылқы — 5-6 л). Бұл  тыныстық ауа.

Адам терең дем алса тыныс ауасына қосымша 1,5л (жылқы 10-12л) ауа жұта алады. Ауаның бұл  мөлшерін қосымша (үстеме) ауа деп атайды. Қалыпты дем шығарған соң адам тағыда 1,5л (жылқы 10-12 л) шамасында ауа бөле алады. Бұл  қордагы ауа. Осы аталған тыныстық, қосымша және қордағы ауаның қосындысын өкпенің тіршіліктік (әрекет) сиымдылығы — ӨТС) деп атайды. Адамда ол 3,5-4 л, ал жылқыда — 26-30 л шамасында. Ең терең дем шығарылғаннан кейін де өкпеде шамамен 1 л (жылқыда 10 л) ауа қалады. Ауаның бұл  бөлімін қалдық ауа дейді. Қордағы және қалдық ауа альвеолалық ауа түзеді. Өкпенің тіршіліктік сиымдылығы мен қалдық ауа қосындысын өкпенің жалпы сиымдылығы (ӨЖС) дейді. Демек, өкпе әрекеті тоқтағанының өзінде өкпеде қалдық ауа қалады, сондықтан бір рет тыныс алған өкпеде әр уақытта ауа болады. Қалдық ауа өкпені суға батыртпайды.

Тыныс алу процесі кезінде организм атмосфералық ауаны қабылдайды. Атмосфералық ауа әр түрлі  газдардың қоспасы. Оның құрамында 20,82% оттегі, 0,03% көмір қышқыл газы, 79,03% азот, 0,15% су буы болады. Ал, деммен шыққан ауа құрамында 16,3% оттегі, 4,4% көмір қышқыл газы, 79,7% азот кездеседі. Демек, организм тыныстық ауадан 5 пайызға жуық оттегі сіңіріп, 4,4% көмір қышқыл газын бөледі, азот газ алмасу процесіне қатыспайды.

Мұндай  жағдай газ алмасу процесінің белгілі зандылықпен жүреттнінің дәлелі. Организмде газдар өздерінің үлес қысымына сәйкес алмасады. Үлес қысымы деп ауадағы әрбір газдың өзі тудыратын қысым мөлшерін айтады. Мысалы, атмосфералық ауадағы оттегінің үлес қысымы с.б. 158,25 мм, көмір қышқыл газдың үлес қысымы — 0,3 мм, азот қысымы — 596,45 мм. Альвеола ауасында оттегі қысымы -101 мм, көмір қышкыл газ қысымы — 40 мм, азот қысымы — 573,8 мм. Ал, вена қанының құрамында 12 көлем пайыз оттегі, 50-56 көлем пайыз көмір қышқыл газы және бір көлем пайыз азот болады, осыдан он-26-30 л шамасында.

Осының нәтижесінде атмосферада оттегінің мөлшері 10 пайызға төмендегеннің өзінде тыныс айтарлықтай бұзылмайды.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы