Ассимиляция және диссимиляция үрдістері


Скачать/Жүктеу

Зат алмасу (метаболизм) бір-бірімен тыгыз байланысты ассимиляция және диссимиляция процестерінің жиынтығы. Ассимиляця — зат алмасу процесінің қоректік заттарды қабылдаумен, оларды дененің құрылымына — тірі материяға (жасуша цитоплазмасына, организм қорына) айналдырумен байланысты бөлімі. Ол бірнеше сатыда аткарылады

1) сыртқы ортадан организмге қажет заттарды қабылдау;

2) қабылданған заттарды организм ұлпалары мен жасушалары сіңіре алатын қосылысқа айналдыру;

3) жасуша құрылымын , биологиялык, белсенді заттарды түзу, ескірген құрылымдарды алмастыру, жаңарту;

4) қарапайым заттардан күрделі қосылыстар түзу;

5) денеде қор жинау.

Демек, ассимиляция анаболизмге ұқсас түсінік, бірақ ол жасушадан тыс жүретін процестерді (қорек қабылдау, денеде қор жинақтау т.б.) қамтиды. Анаболизм — ұлпалар мен жасушалардың қоректік заттарды сіңіріп, организмге тән дене құрамын, тіршілік әрекеттері үшін қажетті қосылыстарды түзуді қамтамасыз етегін физиологиялық-биохимиялық процестер жиынтығы, Бұл процестер бос энергияны пайдалану, шығындау нәтижесінде атқарылады. Демек, анаболизм — эндоэнергиялық процесс. Анаболизм ассимиляциямен салыстырганда тар ұғым.

Биологиялық мәні жағынан анаболизм қарапайым алғы заттардан ферменттік жолмен жасушаға тән күрделі қосылыстардың-құрамалардың (полисахаридтердің, нуклеин қышқылдарының, белоктардың, майлардың) түзілуі. Демек, ол өр түрлі сөрелерден басталып, белгілі бір межеде, белгілі бір өнім түзумен аяқталады. Бұл процестер нәтижесіңде жасуша өсіп, оның құрылымы күрделенеді.

Диссимиляция — зат алмасу процесінің тірі материяны ыдыратумен, бұзумен байланысты бөлімі. Диссимиляция да бірнеше сатыда өтеді 1) организм қорын жұмылдыру (мобилизациялау); 2) күрделі қосылыстарды қарапайым заттарға ыдырату; 3) ұлпа мен жасушаның ескірген құрамаларын ыдырату, бүзу; 4) қуатты заттарды ыдыратып, энергия бөлу; 5) организмнен алмасу (ыдырау) өнімдерін бөліп шығару. Диссимиляция катаболизм процесін қамтиды. Катаболизм нәтижесінде жасушалардағы күрделі қосылыстар қарапайым заттарға ыдырап, энергия босайды. Бұл энергияны организм өзінің тіршілік әрекетін сақтау, атқару, өніл-өсу үшін жұмсайды және түрлендіреді -энергияның басқа түрлеріне (механикалық, электрлік, жылу энергияларына) айналдырады. Катаболизм белгілі бір сөреден басталып (нақтылы бір қосылыстың — белоктың, көмірсудың, майдың ыдырауынан басталыл), әр түрлі межеде — әр түрлі өнім түзумен аяқталады.

Ассимиляция мен диссимиляция — етіз, бір-бірімен тығыз байла-нысты лроцестер. Олар бірінсіз бірі атқарылмайды. Ассимиляция болмаса диссимиляция жүрмейді, диссимиляция жүрмесе — ассими-ляция тоқтайды.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы