Скачать/Жүктеу
Сабақтың мақсаты. Саркоптоз, псороптоз және хориоптоз аурулармен ауырғанда жануарлардың тері қатпарларын алу әдістерімен зерттеуді меңгеру; Саркоптоидоз кезіндегі клиникалық көріністі, кенелердің морфологиялық ерекшеліктерімен олардың дифференциясын зерттеу.
Сабақ өткізу орны. Паразитология кафедрасының зертханасы, оқу шаруашылығы, виварий.
Құрал – жабдықтар. Кенелердің – тері жегіштердің, қышыма кенелердің тұрғылықты препараттары;
Микроскоптар, лупалар, заттық және жабын шынылары, пинцеттер, скальпельдер, мақта, шыны таяқшалар, спирт, керосин, 10 пайыздық натрий гидроксиді, кенелерді анықтайтын кесте.
Әдістемелік нұсқаулар. Оқытушы студенттерді акарозды қоздырушылардың морфологиялық ерекшеліктерімен таныстырады, кейін студенттер өзіндік жұмысқа кіріседі: микроскоп арқылы тері қатпарларын зерттейді.
Теориялық бөлім.Саркоптоидоздар,псороптоздар, саркаптоздар, хориоптоздар, отодектоздарға сипаттама бер.
Тапсырмалар.
Тапсырма 1. Саркоптоидтық кенелерді табуға жануарларда тері қатпарын жасау.
Тапсырма 2. Микроскоппен аз ғана үлкейту арқылы Psoroptes, Chorioptes және Sarcoptes тұқымдарының құрылуын қағазға түсіру.
Тапсырма 3. Саркоптоидтық кенелерден тұрғылықты препарат дайындау.
Тапсырма 4. Жануардың әр түрінде қышымаға қарсы күрес ретінде қолданылатын акарицидтермен танысу.
Бақылау сұрақтары.
- Ауыл шаруашылық жануарларында қандай саркоптоидоздар кездеседі?
- Қышыма, тері жегіш кенелер жануарлардың қандай түрін зақымдайды?
- Құлақ қышымасы қандай жануарларда кездеседі?
- Қандай зертханалық әдістердің көмегімен саркоптоидоздарды диагностикалайды?
- Psoroptes, Chorioptes және Sarcoptes тұқымдарының кенелері қалай қоректенеді?