
Скачать/Жүктеу

«Қазақстан темір жолы» АҚ жаңа жылдан бастап темір жол тарифін 15 пайызға көтереді. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлап отыр.
“2012 жылдың 1 қаңтарынан магистарлдық жол желілері қызметін 10 пайызға, жалпы темір жол тарифтерін 15 пайызға көтеру жоспарлануда», делінген ҚТЖ –інің хабарламасында. Жаңа тариф «Қазақстанның транспорттық инфрақұрылымын дамыту 2010-2014 бағдарламасы» негізінде көтерілмек. Бұл құжатта темір жолдың әлеуетін арттыру үшін жыл сайын темір жол тарифтерін 15 пайызға көтеру қарастырылған.
Атап айтқанда 600 шақырым жол толыққанды жөнделіп, 2699 жүк вагоны, 134 локоматив алынады. Сонымен қатар Қостанай-Железнорудная бағытындағы 46 шақырым жол электрленеді.
Мақаланың сілтемесі: http://www.aorda.kz/?p=13946

Скачать/Жүктеу


09.11.2011
aslan
Рубрика:
Метки: