Скачать/Жүктеу
Биосфераны қорғау
Адам шаруашылық қызметi нәтижесiнде соңғы кездерi тұщы су қоры азайған, су қоймаларының борланып, ластануы, жерасты су қорының азаюы байқалады. Жыл сайын мұхиттар мен теңiздерге, көлдер мен өзендерге мұнайдың, майлағыш майлардың, бензиннiң, керосиннiң, әртүрлi өнеркәсiптiк өндiрiстердiң қалдықтары, егiндер мен фермалардан ағын сулар түседi. Су қоймасының бетiндегi мұнайлы қабық күн жарығын өткiзбейдi, су және ауа қабатындағы газалмасуды бұзады, оттегiнiң суға өту процесiн әлсiретедi, оның барлығы су мекендеушiлерiнiң өмiрiне зиян келтiредi. Сондықтан ғалымдар суқоймаларын мұнайдан тазартудың әдiстерiн жасауда.
Мұнай iздерiн жою үшiн химиялық препараттар, арнайы “сорғыштарды” пайдаланады. Олар мұнаймен бiрге суды да сорады. Кейiн мұнайды судан бөлiп, резервуарға жинайды, ал тазарған суды қайтадан суқоймасына құяды. Арнайы құралдар мұнайдан тазартып қоймай, қатты қоқыстарды: бөтелке, банкi, пластмассалы торларды және тағы басқаларды жинайды.
Суқоймаларының ластануын алдын — алу өндiрiстерде тазартушы құралдарды салуды қажет етедi. Сөйтiп, өндiрiс шығаратын зиянды заттар мөлшерi азаяды, ағын сулар тазарады, өндiрiстiң зиянды қалдықтары өңделедi. Өндiрiсте қолданатын суды ерiген заттардан тазартады, суытып, өндiрiс қажетiне жiбередi.
Ағын суларды қоспалардан тазарту үшiн құрылыстар, фильтрлер пайдаланылады. Зиянды заттарды тұнбаға түсiретiн, ауру қоздырғышын өлтiретiн химиялық реактивтер қолданылады. Биологиялық тазартушы қондырғыларда бактериялар органикалық қалдықтарды, зиянды заттарды ыдыратып, сiңiредi.
Суды тазартуда кейбiр өсiмдiктер мен жануарлар маңызды роль атқарады, оларды су қоймаларының санитарлары, тiрi фильтраттар деп атайды. Оларға су гиацинтi жатады. Ол адамдардың жәндiктермен күресуге пайдаланатын улы заттарды және өндiрiстiң зиянды қалдықтарын сiңiредi. Қамыс суды ауру тудырушы бактериялардан, тұздың артық мөлшерiнен, қалдықтар, мұнайдан тазартады. Суды жөке, өлең шөп, батпақты қырықбуын тазартады.
Ал мынадай жануар — фильтраттар, айқұлақ ұлу өзi арқылы күнiне 30 л суды өткiзедi. Кiшкентай шаяндар да суды фильтрлейдi. Бiр шаян күнiне 1,5л суды фильтрлейдi.
Кез келген табиғи су қоймасы өзiнiң өсiмдiктерi, саңырауқұлақтары, бактериялары, моллюскiлерi көмегiмен өзiн-өзi тазартады. Бұл организмдердiң барлығы — санитарлар, олар өздерiнiң суларын тазартады. Су қоймасына улы қалдықтар түссе, оның құрамындағы тыныс алуға қажеттi оттегi мөлшерi және қоректенуге қажеттi қорек мөлшерi азаяды, санитарлар өлiп, судың дәмi мен иiсi өзгередi.
Қазiргi кезде Дүниежүзiлiк мұхитты ластанудан қорғау мақсатымен теңiз ортасын қорғау бойынша мұхиттарды мұнаймен және тасымалданатын зиянды заттармен, қалдықтармен ластануды болдырмау, сиреп бара жатқан өсiмдiктер мен жануар түрлерiн сақтау, олардың санын арттыру бойынша халықаралық келiсiмдер жасалады. Суқоймаларының күйiн басқару мен бақылау жаңа құралдар арқылы жүргiзедi.
Ерекше қорғалатын территориялар
Ғылыми – техникалық прогреспен, адамның қоршаған ортаға әсерiнiң күшеюiмен байланысты «жабайы» табиғаттың кейбiр бөлiктерiн, жойылу шегiнде тұрған жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiнiң мекен ету ортасын қорғау, тұтас табиғи комплекстер, су көздерi, табиғаттың ұлттық жетiстiгi болып бағаланатын ерекше ескерткiштерiн сақтау қажеттiгi артты.
Экологтар әрбiр Ресей тұрғыны жылына шамамен 58-65 сағатын табиғатта өткiзетiнiн есептедi. Халқы көп европалық мемлекетте орманның әрбiр гектарында адам жылына орта шамамен 44 сағат болады. Үлкен қала маңында орманда демалушылар концентрациясы жоғары. Бұл қоршаған ортаға жоғары антропогендi күшi туралы айтады, соның iшiнде табиғаттың «қолтигiзбеген» жерлерiне де, әрине Жер биосферасының қалыпты қызметi қатысуынсыз жүрмейтiн, ландшафтар, кейбiр табиғи территорияларды ерекше қорғаудың маңыздылығын да көрсетедi.
Толық немесе жекеленген, үздiктi немесе уақытша адамның қалыпты – қарқынды шаруашылық алмасуынан шектелген және экологиялық тепе – теңдiктi сақтауға адамзаттың тiршiлiк ортасы мен денсаулықты ұстап тұруға, табиғи ресурстарды тарихи, шаруашылық немесе эстетикалық мағынасы бар бағалы табиғи және жасанды объектiлер мен құбылыстарды қорғауға арналған биосфера аудандары – ерекше қорғалатын табиғи территориялар жөнiнде айтып отырмыз.
Дүниежүзiнде мұндай территорияның үш мыңы белгiлi. Олардың көпшiлiгiнiң ауданы үлкен. Мысалы, дүниежүзiнде ең үлкен Гренландия ұлттық паркi, ол Гренландия аралының солтустiк – шығыс бөлiгiнде орналасқан. Ауданы 7 млн.га. Ол жерде арктикалық шөлдер ландшафты, кейбiр жануарлар – бұқалықой, ақ аю, морж, тюлень, поляр түлкiсi, ақ қоян және басқаларды қорғалады.
Одан кiшiрек Ботсвандағы (Африка) Орталық – Калахер резерваты – 5,3 млн.га. Монголиядағы Үлкен Гобий қорығы – 4,3 млн.га. және Канададағы Вуд – Баффало ұлттық паркi – 4,5 млн.га.
Тек құрлық бөлiктерi емес, акваториялар да қорғалады – 200 ден астам акваториальдi (сулы) табиғи комплекстер. Мысал ретiнде ресей қорықтары – Астрахань (Волга дельтасында), Қиыр Шығыс теңiздi (Приморы аймағы), Кивач (Карелиядағы Суна өзенiндегi сарқырамамен бiрге).
Дүниежүзiнде ұлттық парктер мен оларға тән территориялардан бес категорияны бөлiп қарастырамыз: 1) ұлттық парктер; 2) провинциальдi парктер; 3) толық резерваттар немесе бағытталған тәртiп резерваттары, 4) табиғи парктер және әртүрлi профилдегi заказниктер; 5) тарихи, мәдени – тарихи және археологиялық заказниктер.
Ұлттық парктер – негiзгi мiндеттерi – табиғи комплекстердi қорғаумен бiрге, рекреациялық мақсатқа арналған ерекше қорғалатын табиғи ландшафтар немесе олардың бөлiктерi кiретiн, үлкен территория. Ұлттық парктiң барлық территориясында және оның қорықтық аймағында жер қорын пайдалануды басқаратын әкiмшiлiк басқармасы бар. Дүниежүзiнде 4 млн. км алып жатқан, шамамен 2 мың осындай парктер бар.
Ұлттық парктер территориясы экологиялық, тарихи және эстетикалық жағынан бағалы, және табиғи мәдени ландшафтарды бiрiктiредi. Бұл территорияларда: кiруге болмайтын қорықтық аймақтар; туристердiң реттелген саяхатына ашылған, рекреакциялық аймақтар; шектелген шаруашылық қызметтер жүргiзiлетiн аймақтар. Ұлттық парктер өлi және тiрi табиғат объектiлерiмен бiрге ерекше бағалы табиғи комплекстердi қорғайды, және тарихи және мәдени ескерткiштердi де қорғайды. Олардың қорықтық аймақтарында ғылыми зерттеулер жүргiзiледi.
Дүниежүзiндегi тұңғыш ұлттық парк – 1872 жылы, АҚШ – да, Вайоминг, Монтана және Айдахо штаттарының территориясында құрылған Йеллоустан паркi. Оның ауданы – шамамен 900 мың.га. Ол жер шарындағы ең үлкен гейзерлi аудан: бұл жерде 3000 гейзерлер, көптеген ыстық көздерi бар. Ол жерде шыршалы ормандар, альпiлiк шалғындар, прериялар бар. Бизондар, вапиттер, аюлар (қара және қоңыр), құстардың 200 түрi және басқалар қорғалады.
Ресей федерациясында мұндай парктер аз. 1993 ж басында жалпы ауданы 3,6 млн.га болатын, 17 парк бар. Олар тек 1980 жылдардан бастап құрала бастады. 1991 жылы 5 парк ұйымдастырылды. Олардың территориясы негiзiнен орман және су объектiлерден құралған. Жердi пайдалану белгiсi бойынша, провинциальдiге ұқсас, олар орталық емес, жергiлiктi әкiмшiлiк орындарға бағынады. Толық резерват және бағытты тәртiбiнiң резерваттарға келсек, Қазақстанда оларға қорықтар — бiздiң елiмiздегi ұйымдасу түрi сәйкес келедi.
Қорықтар – табиғи комплекстердi бұзылмаған түрiнде сақтау үшiн, жануарлар мен өсiмдiктер түрiн қорғау және табиғи процестердi басқару үшiн кез келген шаруашылық қызметтен толық босатылған, заңмен ерекше қорғалатын кеңiстiк. Оның бiр түрi – биосфералы қорық, яғни әлемдiк масштабта биосферадағы болатын өзгерiстердi анықтауға көмектесетiн, ғасырлық процестер жүретiн, адам қайта құрған ландшафтар әсерiне түспейтiн, қатаң қорғалатын табиғи аймақ. Бұл түрдiң түзiлулерi биосфералы қорықтардың дүниежүзiлiк торына ЮНЕСКО құрамына бiрiктiрiлген.
1999 жылдың соңына қарай Қазақстанда 9, ал Ресейде 75 қорық қызмет жасады (оның iшiнде 16 биосфералы) жалпы ауданы 20 млн.га, олардың 4-нiң ауданы 500 мың.га, олар 1991 жылы ашылды. Сонымен бiрге халықаралық ресей-фин қорығы «Дружба — 2» қызмет жасай бастады; шекаралық аудандарда жаңа халықаралық қорықтар ұйымдастырылды: ресей – норвегия, ресей – монгол, ресей – қытай – монгол.
Бiздiң елдегi үлкен Қорғалжын қорығы (ауданы шамамен 240 мың.га.), ол жерде қызғылт фламинго ұялары, тыпшақ – шөлдi далалар, батпақтанған Қорғалжын және Теңiз көлi және олардың ихтиофаунасы қорғалған. Қазақстандағы ауданы жағынан екiншi қорық – Үстiрт, ол жерде Тұран ойпатының ландшафты шөлi және Үстiрт платосы, муфлон, гепард, жайран және сайғақ қорғалады.
Қорғаудың қатаң тәртiбi бар территриялар резерваттар деп аталады. Оларға кең қорғалатын территориялардың орталық, бағалы бөлiгi – қорықтар мен ұлттық парктер кiредi. Резерваттарда кез келген шаруашылық қызметi толық тыйым салынады, және олар экскурсанттар мен туристер үшiн жабық.
Қазақстандағы ерекше қорғалатын территориялардың кең тараған түрi – бұл жекеленген немесе уақытша қорғау тәртiбi бар территориялар (немесе акваториялар). Оның жеке табиғи ресурстары пайдаланылады. Олар шаруашылық қызметiнiң жеке түрлерiнiң және табиғи ресурстарды пайдалануымен шектелуi болатын табиғатты территориальдi қорғау қызметiн атқарады.
Ерекше әдемiлiгi және тарихи бағалылығы бар жеке табиғи объектiлер, қорғалатын табиғи объектiлер – табиғат ескерткiштерi деп аталады. Қазақстанда 24 табиғат ескерткiшi бар, Мысалы, Шарын шетен тоғайы, Пожарная Сопкасы, Синегорск пихталы тоғайы және т.б.
Республикада алғашқы мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер құрылған. Қазiр олар төртеу — Алтын – Эмель, Iле – Алатау, Баянауыл және Көкшетау. Болашақта тағы 12-сi ашылады. Ботаникалық саябақ, зоологиялық және дендрологиялық парктер географиясы кеңеюде. Олар Астана, Қызылорда және Атырау қаласында ұйымдастырылады