Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы динамикасы


Скачать/Жүктеу

Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 2001-2005 жылдары орташа 10,7%-ға, оның ішінде өсімдік шаурашылығында — 13%-ға, мал шаруашылығында – 7%-ға артты. Ауыл шаруашылығы өндірісінің оңды динамикасы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігімен, мал басы мен мал өнімділігінің артуына және «Ауыл» мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыруға негізделген.

2003-2005 жылдары осы бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 6,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен — 367,2 млн. теңге бөлінді және игерілді. Осы қаржылар есебінен фитосанитарлық және эпизоотикалық қолайлылық, тұқымдардың сапасын тексеру қамтамасыз етіліп, таңдаулы тұқымдардың, асыл тұқымды өнімдердің, минералды тыңайтқыштардың, гербицидтердің, суармалы су жеткізудің құны арзандатылды.
2006 жылдан бастап Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту концепциясын іске асыру басталды, оның шеңберінде ауыл шаруашылығы өндірісіне мемлекеттік қолдау көрсету жалғасуда. Жыл басынан бері облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне республикалық бюджеттен 2,7 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 7 млн. теңгедей қаржы бөлінді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің динамикасы

Өсімдік шаруашылығында 2005 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 273,4 мың тонна – дән, 20,5 мың тонна – картоп, 85,1 мың тонна – көкөніс, 37,7 мың тонна – бақша және 15 мың тонна – майлы дақылдар артық өндірілді. Мұны бәрі жер өңдеудің жаңа жағдайларға ауысуының, сондай-ақ отандық дән өндіру мектебін қайта жаңғыртудың нәтижелері болып табылады.
Мал шаруашылығында 2001 жылмен салыстырғанда сүт -66,9 мың тоннаға, ет – 20,3 мың тоннаға, жүн – 2,0 мың тоннаға, жұмыртқа – 2,5 млн. данаға артық өндірілді.
Көрсеткіштердің тұрақты өсіміне асыл тұқымды мал шаруашылықтары мен малдарды қолдан ұрықтандыру орталықтары санын арттыру есебінен малдардың гендік қорларын жақсарту сертігін тигізуде. Облыста 204 қолдан ұрықтандыру пункттері мен 59 асыл тұқымды мал шаруашылықтары жұмыс істейді.
Шошқадан басқа барлық мал түрлерінің мал басы артуда. 5 жыл ішінде МІҚ 63,5%-ға артты және 2006 жылдың басына 293 мың басты құрады, қой мен ешкі -71,4 %-ға (1979 мың бас), жылқы — 38% (73,5 мың бас), түйе – 34% (4,3 мың бас), құс -29% (1375,2 мың бас).
Мал өнімдерін өндіру мен мал басының өсу динамикасы үстіміздегі жылы да сақталды.
2-сурет.

МІҚ өсу динамикасы.

Нарықтық экономикаға тән жағдайлардың бірі – бұл инфляция құбылысы. Соған байланысты 2007 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 4,3%-ға жоғарылады. Ағымдағы жылдың маусымында өсімдік шаруашылығы өнімдерінің бағасы 2006 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 6,9%-ға , мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы – 1%-ға өсті. Бидай -7,6%-ға, жүгері- 5,8 %-ға, арпа- 5,1 %-ға, күріш – 4,8%-ға, сұлы -2,6%-ға, қарақұмық -1,8%-ға, тары бағасының -1,3%ға өсуінен дәнді дақылдарға баға өсімі – 7,2% құрады.
Жеміс-көкөністерден бағасының ең жоғарғы өсімі қиярға – 31,2% және қызанаққа – 25,2%, қырыққабат – 8,3%, қызылшаға – 5,1%, сәбізге – 1,1% тіркелген. Картопқа баға өсімі – 10%, жидекке – 1,3%, күнбағыс тұқымдарына – 1,2 % құраған.
Мал шаруашылығы өнімдерінен ағымдағы жылдың маусымында 2006 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда мал еті – 4,9%-ға , құс еті – 2,5%-ға қымбаттады. Жұмыртқа бағасы — 14%-ға, сүт бағасы – 1,6%ға арзандады.

1-кесте.

2007 ж маусымы 2007ж қаңтар-маусымы 2006ж қаңтар-маусымына
2007ж мамыры 2006ж желтоқсанына
Ауыл шаруашылығы өнімдері 0,0 4,3 12,9
Өсімдік шаруашылығы өнімдері 0,9 6,9 15,5
Дәнді дақылдар 1,1 7,2 16,2
картоп 0,2 10,0 25,8
Көкөніс -0,2 5,9 7,7
Мал шаруашылығының өнімдері -1,2 1,0 9,5
Мал мен құс 1,3 4,9 9,4
сүт -4,9 -1,6 9,5
жұмыртқа -8,7 -14,0 10,9
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының динамикасы

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бағасының индексі отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өндірген және әртүрлі арналар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының өзгеруін сипаттайды. Байқау барлық меншік нысандарының ауыл шаруашылығы құрылымының іріктеу шеңбері бойынша жүргізіледі.Өткізу бағасына өосымша құн салығының есебінсіз тасымалдау, жабдықтау, өнімдерді тиеу және түсіру бойынша шығыстар кіреді.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы