Әлемдегі ең қауіпсіз ел Кипр аралы


Скачать/Жүктеу

Tourism-Review порталының 2010 жылдың аяғында жүргізген зерттеу қорытындысына қарағанда, Кипр аралы әлемдегі ең қауіпсіз ел ретінде танылып отыр.

Бұл аралда қылмыс атаулы өте аз болатындықтан, тұрғындар үй-жайларының есігін де жаппайтын көрінеді. Кипрден соңғы екінші орында Дания мемлекеті тұр. Мұнда 100 мың адамға шаққанда 0,88 кісі өлтіру оқиғасы тіркелген. Бұл елде адамдарға жабайы аңдар шабуыл жасамайды және табиғи апаттың орын алу мүмкіндігі де төмен.

Үшінші орында – Ирландия. Мұнда 100 мың адам басына шаққанда 0,88 кісі өлтіру қылмысы тіркеледі. Алғашқы бестікке Жапония мен Люксембург елдері енген. Жапония – Азия халықтарының арасында ұрлық-қарлық ең аз орын алатын мемлекет. Адам басына шаққандағы ІЖӨ көрсеткіші бойынша әлемнің озаты ретінде танылған Люксембург тұрғындары өздерін мүлдем қауіпсіз сезінеді. Ал, Исландия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Сингапур, Швейцария елдері алғашқы ондықтың қатарында. Жаңа Зеландияда ауыр қылмыс мүлдем жасалмайтын көрінеді.

Интернет материалдары бойынша аударып, дайындаған Күләнда Сайпенова

Мақаланың сілтемесі: http://www.aorda.kz/?p=12831


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы