Қарсыласудың біраз бәсеңдеуі 70- жылдардарда байқалды. Оның бастамасы болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі саналады. Қатысушы мемлекеттер екі жыл келісім жүргізді. 1975 жылы Хельсинкіде бұл мемлекетер Кеңестің қорытынды актісіне қол қойды. КСРО жағынан бұл актіні Леонид Брежнев бекітті. Бұл құжат соғыстан кейінгі Еуропаның бөлінгенін заңдандырды. Бұны КСРО талап еткен болатын. Батыстың бұл келісіміне айырбас ретінде Кеңес Одағы адам құқығын қадірлеуге мәжбүрленді. Бұған дейін 1975 жылы шілдеде атақты Кеңес-американдық ғарыш кемелерінің «Союз» және «Аполлонның» бірге ұшуы болды.
Читать полностью »
соғыс
«Қырғи-қабақ» соғысының бәсеңдеуі және аяқталуы
06.01.2012
aslan «Қырғи-қабақ» соғысының «ыстық» ошақтары Кореядағы соғыс
06.01.2012
aslan 1945 жылы Кеңес үкіметі және Америка әскерлері Кореяны Жапон армиясынан азат етті. 38-ші параллельдің оңтүстігінде АҚШ әскерлері орналасты, солтүстікте – Қызыл армия орналасты. Сонымен Корея жартыаралы екі бөлікке бөлінді. Солтүстікте билік басына коммунистер келді, оңтүстікте АҚШ-тың көмегіне сүйенген әскери адамдар келді. Жартыаралда солтүстігінде Корея Халықтық-Демократиялық Республикасы және оңтүстікте Корея Республикасы деп аталатын екі мемлекет құрылды. Мемлекетті қару күшімен болса да біріктіруге Солтүстік Корея басшылары армандады.
«Қырғи-қабақ» соғысының басталуы
06.01.2012
aslan Халықтық-демократиялық және ұлт-азаттық революциялар, соғыстан кейінгі сілкініс жағдайында батыс мелекеттері АҚШ-тың басшылығымен және халықтық-демократиялық мемлекеттері Кеңес Одағы маңында шоғырланды. Осы екі алып мемлекеттер арасында қарама-қайшылық тез өсе бастады. Біртіндеп бір-бірімен егеске түскен екі идеологиялық және әскери-саяси блок қалыптасы. Халықаралық қатынастардың күрт нашарлану кезеңі басталды, бұл кезең тарихқа «Қырғи-қабақ соғысы» деген атпен енді.
«Қырғи-қабақ» соғысының алғашқы насихатшысы болып Ұлыбританияның премьер-министрі У.Черчильдің АҚШ-тың Фултон қаласындағы 1646 жылы 5 наурызында сөйлеген сөзі болды. АҚШ-тың Президенті Трумэнмен алдын-ала келісілген сөзінде Черчиль Еуропаны КСРО «темір шымылдырықпен» бөліп, өз билік аймағында тоталитарлық басқаруды орнатты және өзінің «доктриналарын және билігін шексіз жүргізгісі келеді» деді.
II дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы Таяу және Орта Шығыс
24.11.2011
aslan ЖОСПАР
1. Араб-Израиль шиеленісі
2. 60-70 жылдардағы Түркия, Иордания
3. Иран мемлекетінің халықаралық қатынастағы саясаты

Рубрика:
Метки: 