Қазақ халқының тарихында Алаш қайраткерлерінің алар орны ерекше. Олар өз ұлтының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен, туған елін отаршылдықтың бұғауынан босатып, тәуелсіз мемлекет құру үшін ақтық демі қалғанша күрескен асылдар еді. Жалпы, қазақ халқының тарихында азаттық аңсап, өз елінің тәуелсіздігін қорғаған тарихи тұлғалар аз емес. Әйтсе де, Алаш қайраткерлерінің олардан бір үлкен айырмашылығы мен ерекшілігі бар. Бұған дейінгі бостандық үшін басын бәйгеге тіккен ұлы тұлғалар өз мақсаттарын ақ найзаның ұшымен, алмас қылыштың жүзімен жүзеге асырмақ болса, Алаш қайраткерлері өркениетті елдердің дәстүрімен күресті партия құрып саяси жолмен жүргізді.
Алаш қозғалысы
Атбасар өңірі мен Алаш партия қозғалысы
24.11.2011
aslan Алаш қозғалысына қатысты әрбір дерек біз үшін маңызды болуы тиіс. Өйткені бұл ұлт-азаттық қозғалыс халқымызды ұйыстыруға, дербес мемлекет құруға, ең бастысы – ұлтымыздың рухын көтеруге арналған ұлы шара еді. Тәуелсіздік алған жылдан бері қарай Алаш қозғалыс туралы жүйелі зерттеулер жүргізіліп келеді. Бұл құптарлық қадам. Өйткені осы айтулы қозғалыстың тарихын тану – халқымыз жүріп өткен жолдарды саралаумен бірге, ұлттық болмысымызды түгендеу болатындығы сөзсіз.
Нарманбет Орманбетұлы мен Алаш партиясының қозғалысы
24.11.2011
aslan Қоғамдық өмірге белсене араласқан Н.Орманбетұлы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтық үн көтерілген 1905 жылғы Қоянды жәрмеңкесіндегі атақты Қарқаралы петициясына қатысушылардың бірі болды. «Патша өкіметі бұл акцияны барып тұрған саяси күрес деп тауып, жергілікті басқару органдарынан бақылауды күшейтуді талап етеді. Дала генерал-губернаторы хұзырхатты ұйымдастырған адамдарды анықтап, олардың үстінен іс қозғау жөнінде Қарқаралы уезінің бастығына нұсқау береді. Уез бастығы Оссовский өзінің тексеру жұмысытарының барысында хұзырхатты дайындағандардың басшылары Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев екендерін дәлелдеп, қазақ тілінен орыс тіліне аударған Т.Нұрекенов болғанын да анықтап, олардың үстінен іс қозғап, арттарынан аңдушылар қойды».
Читать полностью »
Шоқай Мұстафа — Алаш партия қозғалыстарының ең соңғы түйіні
24.11.2011
aslan Қазақ халқының таяу заман тарихында ерекше орынға ие Алаш қозғалысының тарихы көбінесе Алаш Орда үкіметінің тарқауымен байланыстырылып 1918 жылға дейін келіп аяқтатылады. Алайда бұл мәселеге тереңнен үңілгенде, оның ауқымының одан әлдеқайда әріде, Мұстафа Шоқайдың күрес тарихымен жалғасып 1940 жылдарға дейін барғанын көреміз.

Рубрика:
Метки: 