Қазақстан тарихы

Қазақ

«Қазақ» сөзінің шығуы жөнінде көптеген пікірлер бар. Ғалымдар бұл атауды көбінесе «еркін» сөзімен байланыстырады. «Қазақ» сөзі тарихи жазбаларда алғаш рет ХІІІ ғасырда қолданылған. Қазақ атауымен мемлекет ретінде белгілі болуы ХV ғасырға келеді. 1456 жылы Керей хан мен Жәнібек хан қазіргі Шу өңіріндегі Қозыбасы деген жерде Қазақ хандығын құрды. Қазақ халқының хандық жүйеде мемлекет ретінде өмір сүруі ХІХ ғасырдың І жартысына дейін жалғасты.

Читать полностью »

ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан Республикасы – Еуразия деп аталатын құрлықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Оның батыс аймақтары Еуропа құрлығының жерінде жатыр. Қазақтар Жайық деп атайтын Орал өзені – Еуропа мен Азияны бөліп тұратын шекара. Ал еліміздің солтүстігі, шығысы мен оңтүстігі Азия құрлығында орналасқан. Қазақстан Республикасының  аумағы – 2 миллион 724 мың шаршы  километрді құрайды. Жерінің аумағы жөнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9-орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемлекетті сыйғызып жіберуге болады. 1999  жылғы  ресми санақ бойынша Қазақстанда 15 миллион  шамасында халық тұрады. Жыл өткен сайын бұл цифр ұлғая түсуде. Елімізде халықтың 53,4 пайызын құрайтын байырғы халық қазақтардан басқа ұлттардың да өкілдері тұрады. Шамамен алғанда, орыстар – 30, украиндар – 3,7, өзбектер – 2,5 пайызды құрайды. Сондай – ақ елімізде немістер, ұйғырлар, кәрістер, дұнғандар, түріктер және басқа халықтардың өкілдері бар.

Читать полностью »

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.  Қазақстан тілі XV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Ол 1989 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болды. Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай Халық Республикасы, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазақ тілі батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, Қырым татары, қарашай, балқар, құмық және т.б. тілдері.

Читать полностью »

ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ

Қазақ жазуы – қазақ тілінің әріп таңбаларынан тұратын жазу жүйесі. Көне заманнан бері қазақтар әртүрлі жазу жүйесін пайдаланып келген. Олардың алғашқысы қазақпен бірге басқа да түркі халықтарына ортақ болған руна жазуы. Осы жазу үлгісінде Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері сияқты көне түркі мұралары сақталған. V-ХІІ ғасырларды қамтитын руна жазуы Орхон, Енисей, Талас өзендері бойынан табылып отыр. Мұның өзі біздің ата-бабаларымыздың өмір сүрген географиялық орындарын көрсетеді. VІІІ-ІХ ғасырларда қазақ даласына мұсылман дінінің келуі – араб жазуын ала келді. Араб графикасына негізделген жазу үлгісі 1929 жылға дейін сақталып келді.

Читать полностью »

ЕЛТАҢБА

Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет болды. Әрбір азат елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Олар сол елдің Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы.

1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. ҚР Мемлекеттік Әнұраны, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы, ҚР Мемлекеттік Туы.

Читать полностью »

ӘНҰРАН

2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Әнұраны қабылданды. Шәмші Қалдяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының әнұраны деп жарияланды. Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді.

Читать полностью »

Мемлекеттік Ту

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің бірі Мемлекеттік Ту. Оның авторы – суретші Ш.Ниязбеков. Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түсті таңдауы – Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп-өркендеудің, өмірдің бейнесі.

Читать полностью »

17 страниц12345678910...Соңына »



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы