Warning: call_user_func_array() [function.call-user-func-array]: First argument is expected to be a valid callback, 'true_jquery_register' was given in /home/c1refer1/public_html/wp-includes/plugin.php on line 470
1Referat.kz - Тегін қазақша рефераттар, мәліметтер, курстық жұмыстар, рефераты на казахском языке, казахские рефераты - Part 19

Ауызша, жазбаша аудармалар кезеңдеріндегі айырмашылығы

Ауызша және жазбаша аударма арасында уақыт басты рөл атқарады. Жазба аудармасында аударма үрдісі қатаң қарқындық шектеулермен шектелмеген. Аудармашы кез келген уақытта аударманы тоқтата алады, аударылған бөлімшеге қайта орала алады, аударманың әр бөліміне ойлануға қосалқы уақыт жұмсай алады, сөздіктер мен сұрау анықтамаларға жүгіне алады және мамандардан көмек, кеңес ала алады және т.б. Бұл күрделі аудармалы проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды, кез келген әдеби және ақпарат мәтіннің аудармасын табысты  шешуге мүмкіндік береді. Жазба аудармасына деңгейдің эквивалентісі қажет. Ал ауызша аудармасында аудармашаның іс-әрекеті шешен сөзінің жылдамдығымен, қатаң тәртіппен сақталады немесе ол тоқтағаннан кейін оратормен біруақытта аударма беруін қажет етеді.

Читать полностью »

Парақтан аудару

Түпнұсқаны қабылдаудың және аударма мәтінін құраудың жазбаша немесе ауызша нысаны  жазбаша және ауызша аудармаға сәйкес болады, алайда олардың әрқайсысында бір жағдайларда басқа бір аударманың кейбір элементтері қолданылуы мүмкін. Жазбаша аудармашы түпнұсқа мәтінін магниттік лентаға жазылған күйінде алуға немесе өзінің аудармасын машинсткаға не диктофонға  жазғызуы мүмкін. Қандай жағдайда болмасын аударма жазбаша болып қала береді, өйткені түпнұсқа  және аударма мәтіндері жазылған күйлерінде сақталады, оларды көп рет қарастыруға, салыстыруға және Рецепторға бергенге дейін аудармаға қажетті түзетулер енгізуге болады.

Читать полностью »

Ауызша және жазбаша аудару арасындағы айырмашылықтар

Көркем аудармада түпнұсқаның көркем әдебиеттің белгілі бір жанрына жататындығына байланысты аударманың түр ішіндегі бөлімдері болады. Бұндай аударманың түр ішіндегі бөлімдері қатарына поэзия, пьесса, сатирикалық шығармалардың, әдеби прозаның, ән сөздерінің аудармалары жатады. Шығарма аудармасының  мына немесе ана жанр санатына жатқызылуы шартты сипатта және бұл жанрдың өзіндік ерекшелігі аударманың нәтижесіне қаншалықты әсер ететініне байланысты болады.

«Ақпараттық аударма» деп оқырманға шығармашылық-эстетикалық әсер ету емес, негізгі функциясы қандай да бір мәліметтерді  хабарлау болып табылатын мәтіндерді аудару аталады. Мұндай мәтіндерге  ғылыми, іскерлік, қоғамдық-саяси, тұрмыстық және басқа сипаттағы барлық материалдар жатады.

Читать полностью »

Аудармашының тіларалық делдал, жеткізуші ретіндегі ұстанатын негізгі делдалдық бағыттары: коммуникатифтік, мәдениаралық, аудармашылық, ұйымдастырушылық

Жақсы кәсіби аудармашы жиі көлеңкеде қалып қояды. Бұл мамандықтың өзіне тән қағидасы. «Байқалмау, өзімен-өзі бейтарап болу» жақсы аудармашының ажырамас құндылығы. Жақсы аударма оқушылар мен тыңдармандарға аударма сияқты қабылданбайды, ол өз ана тілінде жасырылған мәтін сияқты қабылданады. Дарынды аудармашылардың арқасында – Хемингуэй,  Демарка, Грэма Грин шығармалары ана тілінде сөйлейді, біз оларды оқимыз және де жатқа айтамыз. Дарынды аудармашылардың арқасында біздің балаларымыз Андерсен ертегілерін тыңдайды, ағылшын тілінде өлең айтады, ағылшынша «Humpty-Dumpty» оларға түсінікті әрі туғандай болып кеткен Шалтай –Балтай. Бірақ аздаған оқыған, аса білімді адамдардың біразы ғана мынадай аса дарынды аудармашылардың есімін біледі, мысалы Райт -Ковалева немесе Кашкина. Олардың орыс мәдениетіне сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.

Читать полностью »

Жазбаша аудару. Аудармашының делдалдық бағыттары

Жазбаша аударма деп аударманың тіларалық сөйлесу барысында (түпнұсқа және аударма мәтіні), аударма барысында жазылған мәтіндерге аудармашы бірнеше мәрте қарап, тексеріп, түзете алатын аударма түрі аталады. Бұл аудармашыға аударылып отырылған мәтіннің  үзінділерін қайталап қарауына, оларды аударманың сәйкес үзінділерімен салыстыруына, аударманы Рецепторға бергенге дейін, яғни аудару үрдісінің аяқталуына дейін аударма мәтініне қажетті өзгерістер енгізуіне мүмкіндік береді. Жазбаша аударманың классикалық мысалы болып аудармашы түпнұсқаны жазба мәтін түрінде қабылдап, аударма мәтінін жазба мәтін ретінде жүзеге асыруы табылады. (Осы жерден жазбаша аударма деген атау шыққан).

Читать полностью »

Ауызша ілеспе және синхронды аудару

Ауызша ілеспе аудару

Ілеспе аударуда аудармашы оратордың сөйлемді аяқтағаннан кейін аударатын тілдің сөздерінің көмегімен   әңгіме жағдайын  туындаттырады. Сонда аудармашы “ екіжақты аударуды”, яғни бір немесе басқа тілден аударуы ісін іске асырады.  Бірақ бұл жағдайда әр аудару актісі бір бағытқа(ақпарат алу көзінен рецепторға дейін)арналған,бастапқы тіл әрқашанда олармен тез арада бір тілден екінші тілге аудару кезінде  қатынасушылар ауысып тұрады.

Теориялық  жақтан көңіл бөлсек, аударма тілінің даралануы аударманың арнайы(әр түрдің немесе түр тармағының өзгешелігін ашуда) теорияларының өңдеуімен тығыз байланысты.

Читать полностью »

Бүгінгі таңдағы аударманың рөлі мен алатын орны

Адамдар тек бір тілде ғана емес, бірнеше тілде сөйлей алатындықтан аударма міндетті түрде керек. Сондықтан тілшілер тілдің  ситуациялық жағдайларын тек бір мемлекеттің көлемінде ғана оқып үйреніп жатқан жоқ, бір мәселені әлемдік жағдайға қарастырып жатыр. Енді көптілділік болғандықтан аударманың болу керектігі анықталды. Аударма тілдік кедергілерді жоятын күрделі құрылымға айналды. Тіл білімі мен аудармашылықтың алдында бұл тілдік барьерлер қалай пайда болды және оны жоятын қандай күш ойлап табуға болады деген сұрақтар тұрды.

Көптілділіктің биологиялық негізі жоқ. Ал барлық адамдар бір биологиялық түрге жатады. Барлық адамдардың милары бірдей орналасқан, тіс, омыртқа сүиектері, тамақ қорытатын ішкі ағза органдары да бірдей. Адамдардың бәрі оттегі дем алады, ол жоқ болса өліп қалады. Адамға тән осы анотомиялық және физиологиялық  жағдайларды ескере отырып, адамдардың тек бір ғана тілде сөйлеуі керек қой деп ойлайсың.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы
Яндекс.Метрика