Аудит стандарттары және аудиторлардың кәсіби этикасы

Аудит стандарттары – аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар. Аудит стандарттары Аудиторлар палатасының республикалық конференциясында қабылданып, мемлекеттік уәкілетті органдарда тіркеледі. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші республикалық конференциясында Қазақстан Республикасының аудитін Халықаралық стандарттарға көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Стандарттар аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижелерін бағалаудың өлшемдері болып табылады.

Читать полностью »

Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызметті реттейтін нормативтік құқықтары

Біздің елімізде аудитті нормативтік — құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған. 1993 жылы 18 қазан айында бірінші рет Аудиторлық қызмет туралы  Қазақстан Республикасының Заңы шықты. Ал бес жылдан соң, 1998 жылдың 20 қарашасында Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының екінші Заңы қабылданып, оған 18.12.2000 ж., 15.01.2001 ж., 20.03.2001 ж., 26.12.2002 ж., 16.05.2003 ж., 11.06.2003 ж. және тағы да басқа жылдарда өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл заң Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметін реттейтін бірінші деңгейлі құжаттарға жатады.

Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметін іске асыру барысында бұл заң мемлекеттік органдар арасында, заңды және жеке тұлғалар арасында, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында реттеледі.

Читать полностью »

Аудиттің мәні, мақсаты және түрлері

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын үдеріс».

Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Читать полностью »

Акционерлік қоғам құрудың артықшылықтары мен кемшіліктері

Алайда аталған құқықтар барлық акциялар үшін мүлде бірдей болмайды. Себебі акциялардың өздері екі түрлі болады: жай акциялар және артықшылықты акциялар. Олардың басты айырмашылығы сол, артықшылықты акцияларды иеленушілердің беркітілген дивиденд алуға құқығы бар. Бұл акционерлік қоғам артықшылықты акцияларды иеленушілерге әрқашан да анық белгіленген мөлшердегі дивидендтерді төлеп отыруға міндетті, ол осы қоғамның Жарғысында көрсетілуге тиіс.

Мысалы, сіз «А» акционерлік қоғамы шығарған артықшылықты акцияларды сатып аласыз. Айталық, аталған қоғамның Жарғысында қоғамның артықшылықты акциялар шығаруға құқығы бар және әр акция бойынша дивидендтер мөлшері 20 теңге мөлшерінде белгіленеді делінген. Демек, жылдық таза пайдадан (яғни барлық салықтар төленгеннен кейін) әр артықшылықты акция бойынша қоғам дәл осы 20 теңгені төлеуге міндетті.

Читать полностью »

Акционерлік қоғамдардың эмиссиялық қызметі

Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздарды айқындаудың әр түрлі тәсілдері бар: бағалы қағаздардың осы ұғымға кіретін тізбелері әр түрлі; бағалы қағаздар көрсететін экономи¬калық қатынастардың мазмұнына қойылатын тәсілдер әр түрлі.
Бағалы қағаздар заемының осы құжатты шығарған тұлғаға қатысты құ-қықтары мен қатынастарын куәландыратын ақша құжаттары; оқшауланған құжаттар немесе шоттардағы жазбалар нысанында болуы мүмкін. Бағалы қағаздар олардың иелеріне пайыз (облигациялар) немесе дивиденд (акциялар) түрінде кіріс әкеледі. Олардың бүкіл тобы әдетте үш түрге бөлінеді. Бұлар акциялар, облигациялар және олардан туындаған бағалы қағаздар.
Акцияла𠬬– акционерлік қоғамдар шы¬ғаратын және иесінің (ұстаушысының) осы қоғамның капиталындағы үлесін көрсететін бағалы қағаздар және типіне байланысты акционерлердің жалпы жиналысында дауыс құқығын (жай атаулы) бере алады. Мемле¬кеттік органдар бағалы қағаздардың бұл түрін шығармайды, оларды тек өнеркәсіп, сауда және қаржы корпорациялары ғана шығара¬ды. Инвестициялық мақсаттарына байла¬ныс¬ты акционерлік іс тәжірибесі акциялардың көптеген түрлерін әзірлеп шығарды.

Читать полностью »

Қазақстанда акционерлік қоғамның құрылуы. Қоғамды басқару

Жоғары орган — акционерлерінің жалпы жиналысы ( барлық дауыс беруші акцияларды бір акционерге тиесілі қоғамда — осы акционер)
Басқарушы органы — директорлар кеңесі;
Атқарушы орган — алқалы орган немесе атауын қоғамның жарғысы белгілейтін, қоғамның атқарушы органының қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға;
Акционерлік қоғамның органдары: жалпы жиналысы, директорлар кеңесі, алқалы орган немесе басқарма, тексеру коммисиясы ( алқалы немесе жеке- дара тексеруші) болып саналады.Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы жылдық және кезектен тыс жиналыстар болып табылады.Қоғамның ең жоғары органы — оның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып табылады. Ол қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге тиіс. Есепті кезеңдегі қоғам қызметінің аудитін аяқтау мүмкін болмаған жағдайда аталған мерзім үш айға дейін ұзартылған болып есептеледі.Жыл сайынғы жалпы жиналысында қоғамның өткен қаржы жылының таза табысын бөлу, бір жай акцияға шаққандағы дивидент мөлшері сияқты мәселелер жауабын табады. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын жыл сайын өткізіп отыруға міндетті. Акционерлердің жылдық жиналыстан басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс болып саналады.

Читать полностью »

Жарғылық капитал мен бағалы қағаздардың қалыптасу

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 88-бабына сәйкес акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының мөлшері және оны қалыптастыру тәртібі, сондай-ақ оны ұлғайту мен азайту тәртібі Қазақстан Республикасының актілерімен айқындалады. Жарғылық акционерлік капитал – нақты компанияның акцияның әрбір түрінен шығаруға мүмкіндігі бар ең көп саны. Акционерлік қоғамдар туралы заңының 11-бабына сәйкес, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталы акцияларды олардың орналастырылу бағасы бойынша сату арқылы қалыптастырылады. Құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері қоғамның жарғылық капиталының ең аз мөлшерінен кем болмауға және құрылтайшылар оны қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген кезге қарай толық төлеуге тиіс. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері екі жүз мың айлық есептік көрсеткіш болады.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы