Warning: call_user_func_array() [function.call-user-func-array]: First argument is expected to be a valid callback, 'true_jquery_register' was given in /home/c1refer1/public_html/wp-includes/plugin.php on line 470
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ | 1Referat.kz Қазақша мәлімет, тегін реферат

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


Мазмұны

Кіріспе. 4
Негізгі бөлім. 6
Емтихан сұрақтарының тізімі 11
Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі 14

Кіріспе

Магистрді дайындау бағытының жалпы мінездемесі

Магистрлерді дайындау «Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарын жіктеуші» ҚР МҚ 08-2004 сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Магистратурада мамандарды даярлау екі бағыт бойынша жүргізіледі:

- кәсіптендіру

- ғылыми-педагогикалық

Түлектердің біліктілік смпаттамасы

6М080200 – МӨӨТ мамандығы бойынша магистратура бітірген түлекке ауыл шаруашылық ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектердің біліктілігі мен лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 22.11.2002 ж. № 273 бұйрығымен бекітілген «Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамалығына» сәйкес анықталады.

Кәсіби қызметтің объектілері

Кәсіптендіру бағыттағы магистрдің кәсіби қызметінің нысандары:

- мал және құс өсіруші шаруашылықтар; ауыл шаруашылық, жобалық, сараптаушы, әкімшілік мекемелер; мал шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өңдеуші кәсіпорындар; зообақтар, элеверлер, ат жарысы алаңдары, қорықтар, табиғат мұражайлары; салалар бойынша зертханалар; бөлімшелер, секциялар, секторлар, департаменттер, жергілікті басқару құрылымдарының бөлімдері; бақылау-сараптау қызметінің мекемелері; стандарттау және сертификаттау орталықтары.

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрдің кәсіби қызметінің нысандары:

- ЖОО, колледждер, гимназиялар, ғылыми-зерттеу институттары; ғылыми-өндірістік, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, жобалау, сараптамалық, әкімшілік мекемелері; өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары; селекциялық бекеттер; мал және құс өсіруші шаруашылықтар; салалар бойынша зертханалар; бөлімшелер, секциялар, секторлар, департаменттер, жергілікті басқару құрылымдарының бөлімдері; бақылау-сараптау қызметінің мекемелері; стандарттау және сертификаттау орталықтары.

Оқуға түсушілердің даярлық деңгейіне қойылатын талаптар

Алдындағы білімінің деңгейі:

- 050802 – Зоотехния, 5В080200 – МӨӨТ мамандығының бағыттары бойынша базалық жоғары білімі (бакалавриат).

- Мал шаруашылығындағы селекция және биотехнология, Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы бағыттары (мамандықтары) бойынша арнайы жоғары білімі.

Талапкердің жоғары білім деңгейіне сәйкес мемлекеттік үлгідегі құжаты болуы тиіс.

Оқу мерзімі

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерудің мөлшерлі ұзақтығы ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша — 2, ал кәсіптендіру бағыты бойынша – 1 жылды құрайды.

Конкурстық іріктеудің талаптары

Магистратураға қабылдау Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында магистратураға қабылдаудың типтік ережесіне сәйкес қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

6М080200 мамандығы бойынша жиынтық емтихан төрт пәннен тапсырылады:

- Ірі қара мал шаруашылығы, сүт және ет өндіру технологиясы.

- Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін және елтірі өндіру технологиясы.

- Жылқы шаруашылығы,  жылқы етін және сүтін өндіру технологиясы.

- Құс шаруашылығы, құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.

Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Негізгі бөлім

Пәннің мазмұны 

Ірі қарамал шаруашылығы, ет және сүт өндіру технологиясы

Малдың интерьері мен экстерьері, малдың дене бітімі.

Малдың экстерьері мен интерьерін, сүтті, аралас және етті бағыттағы малдардың конституциясын оқытудың ерекшеліктері мен әдістері.

Ірі қарамалдың өнімділігі.

Сүт өнімділігі. Сүт өнімінің физиологиялық негізі. Малды жайып- семірту және бордақылау. Сүттің құрамы мен сүт сауымына әсер ететін жағдайлар.

Ет өнімділігі. Малды жайып-семірту және бордақылау, ет өнімділігіне әсер ететін жағдайлар. Тірі және сойылған малдың етінің сапасы, етінің өнімін есептеу әдісі.

Ірі қарамалдың тұқымдары.

Өнімділігінің бағыты бойынша тұқымның жіктелуі: сүтті, етті және аралас.

         Табынды ұдайы өндіру.

Бұзаулау аралығындағы циклдер және олардың кезеңдері: буаз, сервис-кезеңі, лактация, суалу кезеңі, олардың арасындағы байланыс.Ұрықтандыруды жоспарлау, суалту және бұзаулату.

Төлді өсіруді жоспарлау. Мамандандырылған және фермерлік шаруашылықтарда төлді өсірудің технологиялық ерекшеліктері.

Сүт өндіру технологиясы.

Қысқы және жазғы кезеңдерде сиырларды ұстау тәсілдері және жүйесі, азықты дайындау және тарату, табиғи және жасанды жайылымды пайдалану, көк шөптің конвейері. Сауу техникасы мен тәсілдері.

Сүтті алғашқы өңдеу және өткізу. Табынды төлі есебінен ұдайы өндіру және сүт өндірудің ағымдық-цехтық технологиясы: сиырлардың цехтарда болатын мерзімдерінің ұзақтығы, мал орнының санын есептеу.

Ет өндіру технологиясы.

Малды жайып-семірту және бордақылау. Малды бордақылау, жетілдіру, өсіру туралы түсінік. Мамандандырылған ет бағытындағы мал шаруашылығының «Сиыр-бұзау» технологиясы. Малды союға дайындау, сою пункті мен малды тасымалдау. Малдың қоңдылығын бағалау және анықтау.

Асылдандыру ісі.

Асылдандыру және тауарлы табындағы малды өсіру әдістері. Етті  және сүтті малды бонитировкадан өткізу.

Селекциялық-асылдандыру ісі. Әр түрлі санатты шаруашылықтарда жүргізілетін асылдандыру ісінің ерекшеліктері. Асылдандыру есебін жүргізу.

 

Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін және елтірі өндіру технологиясы

Қойдың экстерьері мен дене бітімі, биологиялық ерекшеліктері, шығу тегі.

Қойдың өсімін, дамуын, дене бітімін, экстерьерін оқыту және бақылау әдістері.

Қой шаруашылығының өнімдері.

Жүн туралы түсінік. Қойдың жүн өнімділігіне азықтандыру, күтіп-бағу, генотипі және басқа да жағдайлардың тигізетін әсері.

Қой еті. Қойдың ет өнімділігі туралы түсінік. Ұшаның морфологиялық құрамы. Қой етінің химиялық құрамы.

Елтірілер. Қаракөл елтірісінің айрықша ерекшеліктері. Елтірінің негізгі құрамы, оларды бағалау әдістері.

Қой сүті. Азықтық құндылығы, қой сүтінің құрамы мен қасиеті, қатты ірімшік жасау үшін қой сүтінің пайдаланылуы, қой сүтін бағалау.

          Қой шаруашылығы өнімдерін өңдеу негізі.

Жүн. Жүнді стандарттау және жіктеу. Жүн стандарттарын дайындау. ҚЖӨ фабрикаларында жүннің сапасын анықтау. Қойдың қоңдылығын анықтау. Сою техникасы.

Қозыны сою, майсыздандыру және елтіріні алу тәсілдері. Консервілеу тәсілдері.

Қойдың тондық өнімдері. Шаруашылықтағы алғашқы өңдеу: тонды алу, сақтау және консервілеу.

Жұмыршақ. Қаракөл қозысын сою кезінде жұмыршақты алу тәртібі. Сақтау, консервілеу, жұмыршақты сорттау және жіберу.

         Қойдың тұқымдық топтары және тұқымдары.

Қойдың тұқымдық топтары және тұқым туралы түсінік. Қой тұқымының зоологиялық және өндірістік жіктелуі. Биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, жартылай қылшық жүнді, қылшық жүнді қойлар. Зауыттық типтері және қойдың қаракөл тұқымы. Ешкі тұқымдары.

          Генетикалық негізі, қойларды іріктеу және жұптау әдістері.

Өсіру әдістері. Жұп таңдау және сұрыптау.

Қой шаруашылығындағы асылдандыру ісін жоспарлау және ұйымдастыру әдістері.

Жартылай биязы жүнді, жартылай қылшық жүнді, қылшық жүнді, биязы жүнді қойларды бонитировкалау.Тұқымның стандарттары. Асылдандыру ісі. Қойды таңбалау.

          Қой шаруашылығы  өнімдерін өндіру технологиясы.

Табынды өз төлі есебінен ұдайы өндіру. Шағылыстыру түрлері. Жасанды ұрықтандыру. Қоздатуды ұйымдастыру. Қозыны өсіру. Қошқарды пішу (кастрация).

Қойды күтіп-бағу және азықтандыру. Жынысына байланысты қойларды азықтандыру ерекшеліктері, өнімділігі, физиологиялық жағдайы. Азықтандыруға азықты дайындаудың тиімді тәсілдері.

Қойды жайып-семірту және бордақылау. Бордақылаудың түрлері. Ет комбинатына қойды тапсыру тәртібі.

Қойды қырқу. Қазақстанның әр түрлі аймақтарында қойларды қырқу уақыты. Қой қырқуды қабылдау және оның тәсілдері.

 

Жылқы шаруашылығы, жылқы етін және сүтін өндіру технологиясы.

Жылқының шығу тегі, қолға үйретілуі және өзгеруі.

Эквидтер және олардың биологиялық ерекшеліктері. Жылқы шаруашылығының тарихи кезеңдері мен жылқының қолға үйретілуі.

Жылқының дене бітімі, интерьері және экстерьері.

Жылқының дене бітімі мен экстерьерін оқу. Жылқының әр түрлі типтері мен тұқымдарының интерьері.

Жылқы тұқымдары.

Жылқы тұқымдарының жіктелуі. Аудандық тұқымдар.

Жылқыны өсіру технологиясы мен өз төлінің есебінен ұдайы өсіру.

Шағылыстыру науқанын жүргізу және ұйымдастыру. Жылқының көбею ерекшеліктері. Биені шағылыстыру тәсілдері мен уақыты. Жеке және асыл тұқымды шаруашылықтарда шағылыстыру науқанының жүргізілуі және дайындалу технологиясы.

Бағу және азықтандыру. Азықтандыру жағдайының әсері, жыныстық белсенділік пен айғырлардың ұрығының сапасы.

Құлынды өсіру технологиясы. Төлдің өсуі мен дамуын бақылау. Еркек құлынды пішу (кастрация), жасы, оларды таңбалау.  Құлынды енесінен айыруға дейін өсіру, құлындарын емізетін биелерді және емуші-құлындарды үстеме азықтандыру.

Жылқының жұмысқа төзімділік сапасы мен олардың қолданылуы.

Әр түрлі табиғи экономикалық аймақтарда тасымалдауға және ауыл шаруашылық өндірісінде жылқыны жұмысқа пайдаланудың түрлері. Жылқының жұмысын жоспарлау және есептеу. Жұмысшы жылқылардың жүктемелерін есептеу және олардың өндіру мөлшерлері.

Өнімді жылқы шаруашылығының технологиясы.

Жылқының ет өнімділігі. Еттің химиялық құрамы, сіңімділігі, жылқы етінің дәмдік сапасы мен қоректілігі. Қосымша шикізаттар мен жылқы етінің қайта өңделуі.

Жылқының сүт өнімділігі. Әр түрлі тұқымға жататын биелердің сүт өнімділігін бағалау және оларды анықтау тәсілдері. Қымыз өндіру технологиясы.

Табынды жылқы шауашылығының технологиясы.

Табынды жылқыны өсіру. Жазғы, күзгі, қысқы және көктемгі кезеңдерде жылқыны табында ұстау. Құлынды таңбалау.

Жылқыны ат жарысы алаңдарында сынау, тренинг технологиясы.

Жылқыны ат жарысы алаңдарында сынау және тренингі. Әр түрлі тұқымдарға жататын жылқыларды ат жарысы алаңдарында сынаудың техникасы мен тәртібі.

Жылқы спорты және жылқы туризмі.

Жылқы спортының түрлері. Ұлттық спорт ойындары. Пони-клубтары мен жылқы-туристік базалармен жұмыс жүргізу, оны ұйымдастыру.

Жылқы шаруашылығындағы селекциялық-асылдандыру ісі.

Жылқыны өсіру әдістері. Жылқы зауыттары, табынды жылқы шаруашылығындағы жұп таңдау және сұрыптау.

Жылқыны бонитировкалау.

Асылдандыру ісі. Тұқыммен жүргізілетін селекциялық-асылдандыру ісін жоспарлау және оларды құру. Жылқыны асылдандыру есебін жүргізу.

 

Құс шаруашылығы, құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.

Ауыл шаруашылық құстарының дене бітімі және экстерьері.

Өнімділік бағыты әр түрлі құстардың дене бітімі мен экстерьері.

Ауыл шаруашылық құстарының өнімділігі.

Жұмыртқа өнімділігі. Құстың жұмыртқа өнімі. Жұмыртқаның химиялық құрамы және құрылысы.

Ет өнімділігі. Ет бағытындағы құстардың төлінің бойының ерекшелігі. Химиялық құрамы, еттің дәмдік сапасы мен қоректілігі.

Құстың өз төлін ұдайы өндірудің сапасы. Құстың өнімділік деңгейі мен төлін ұдайы өсірудің арасындағы байланыс.

Ауыл шаруашылық құстарының тұқымдары.

Ауыл шаруашылық құстарының түрлері. Құс тұқымдарының жіктелу принциптері. Тауық тұқымдары. Қаздардың тұқымдық топтары мен тұқымдары.

Ауыл шаруашылық құстарының дамуы.

Құстарды өсіру әдістері. Құсты таңбалау. Құсты жасанды ұрықтандыру. Асыл тұқымды репродуктивтік шаруашылықтарда құсты ұстаудың ерекшеліктері. Асылдандыру есебін жүргізу.

Ауыл шаруашылық құстарының инкубациялық жұмыртқалары.

Жасанды инкубация. Инкубация жұмыртқасына қойылатын талаптар. Инкубацияға арналған сұрыптау. Жұмыртқаны калибрлеу. Жұмыртқаны инкубациялау алдында өңдеу.

Инкубацияны биологиялық бақылау. Биологиялық бақылаудың әдістері. Инкубация көрсеткіштерін есептеу.

Ауыл шаруашылық құстарының табынды толықтырушы төлдерін өсіру.

Төлді өсіру әдісі. Табынды толықтырушы төлді өсіруге арналған орындар мен құрал-жабдықтардың технологиялық сипаттамасы.

Ересек құсты өсіру.

Өсіру әдістері. Ересек құсты өсіруге арналған орындар мен құрал-жабдықтардың технологиялық сипаттамасы.

Құсты азықтандыру ерекшеліктері.

Азықтандыру мөлшері. Азықтандыру мәзірлері, құсты азықтандыру режимдері мен типтері, олардың арасындағы логикалық қарым-қатынас.

Жұмыртқа өндірудің технологиялық үрдістері.

Жұмыртқа өндірудің технологиялық сызбанұсқасы. Технологиялық кесте. Азықтық жұмыртқаны өңдеу, азықтық жұмыртқаның сапасына қойылатын талаптар.

Құс етін өндірудің технологиялық үрдістері.

Бройлер балапандарын өсіру. Кейбір цехтардың жұмыс жағдайы мен ерекшеліктері. Бройлер балапандарын өсіруге арналған құрал-жабдықтар.

Құстың басқа түрлерінің ет өнімдерінің ерекшеліктері. Құстарды өңдеу және сою. Тірі құстың стандарты. Құстарды өңдеу және союға арналған құрал-жабдықтар.

 

Емтихан сұрақтарының тізімі

Пән: Ірі қарамал шаруашылығы, ет және сүт өндіру технологиясы

  1. Өндірушілерді толық құнды азықтандыруды ұйымдастыру.
  2. Ірі қарамалдың ұшасын сорттап бөлу.
  3. Ірі қарамалдың етті тұқымдарын бонитировкалауды ұйымдастыру.
  4. Малдың сүтті тұқымдарының экстерьерлік кемшіліктері.
  5. Ірі қарамалдың дене бітімінің типтері.
  6. Өлшемдер көмегімен ірі қарамалдың тірі салмағын анықтау.
  7. Сүтті малды бонитировкалау.
  8. Мал шаруашылығындағы өндірістік және асылдандыру есебі.
  9. Ірі қарамалды экстерьерлік бағалау әдісі.
  10. Сиырларды суалу кезеңінде және бұзаулағаннан кейінгі кезеңдерде толық құнды азықтандыруды ұйымдастыру.
  11. Қазіргі заманғы ауыл шаруашылық өнеркәсіптерінде ірі қарамалдың төлдерін бордақылау, жетілдіру және өсіру кезінде қойылатын негізгі технологиялық талаптар.
  12. Ірі қарамалдың сүт өнімділігінің негізгі көрсеткіштері.
  13. Сүт өндірудің ағымды-цехтық жүйесін енгізу кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру.
  14. Ірі талшықты азық және олардың сипаттамасы, ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру мөлшері және қоректелігі.
  15. Ірі қарамалдың табын айналымын құру.
  16. Қазақстан Республикасында сүтті малды жақсарту үшін қолданылатын ірі қарамалдың әлемдік ең жақсы тұқымдары.
  17. Шаруашылықтағы сүтті алғашқы өңдеу және оларды бақылау әдістері.
  18.  Сүтті малды бонитиовкалауды ұйымдастыру.
  19. Сүт сауымын әр мал басына жеке жоспарлау.
  20. Етті мал шаруашылығындағы «Сиыр-бұзау» технологиялық жүйесі.
  21. Ауыл шаруашылық малдарының қоңдылығын анықтау.
  22. Ірі қарамалдың өсу, даму және ет өнімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер және оларды анықтау әдістері.
  23. Таңбалау фомалары және етті таңбалаудың тәсілдері.
  24. Қостанай обылысында ІҚМ тұқымын жоспарлы түрде жетілдіру және дамыту.
  25. Сүтті тұқымға жататын өндіруші-бұқаларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау әдістері.
  26. Ауыл шаруашылық малдарының өнімділіктерінің қалыптасу ерекшеліктері.
  27. Етті малды бонитировкадан өткізу.
  28. Етті тұқымға жататын өндіруші-бұқаларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау әдістері.
  29. Қашарларды бұзаулатуға дайындауды және алғашқы рет бұзаулаған сиырларды сүтейтуді ұйымдастыру.
  30. Екпінді сүт өндіру технологиясы шарттарында селекциялық жұмыстарды ұйымдастыру.
  31. Сүтті малдың табынды толықтырушы төлінің өсімін жоспарлау.
  32. Мал шаруашылық фермалары мен кешендерінің микроклиматы және оларды оңтайландыру жолдары.
  33. Сиырларды машинамен саууға жарамдылығы бойынша бағалау.
  34. Сиыр желінінің морфо-функционалдық құрамын анықтау.
  35. Сүтті кезеңде бұзауларды қолмен және топтық-емізу әдістері.
  36. Цехтағы бұзаулаған сиырларды бағу ерекшеліктері және гигиенасы.
  37. Ірі қарамалдың сүтті тұқымдарының табынды толықтырушы төлдері мен бұзауларының толық құнды азықтандыруын ұйымдастыру.
  38. Мал шаруашылығындағы стрестік жағдайлар.

 

Пән: Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін және елтірі өндіру технологиясы

1. Буаз, емізуші және қысыр саулықтарды толық құнды азықтандыруды ұйымдастыру.

2. Ұсақ қарамалдарды (қой, ешкі) сою және алғашқы өңдеу.

3.  Қой терісінің, былғарының және тонның ерекшеліктері.

4. Қойды қыста бағу және азықтандыруын ұйымдастыру.

5. Қазақстандағы негізгі жоспарлы қой тұқымдары және олардың қысқаша сипаттамасы.

6. Қойды бонитировкалауды ұйымдастыру.

7. Қойдың сүт өнімділігі, қатты ірімшік өндіру үшін қолданылатын қой сүтінің  маңызы.

8. Қойдың ет өнімділігі, ет өнімділігінің көрсеткіштері.

9. Солтүстік-қазақ қой тұқымының технологияға бейімділігі.

10. Қой мен ешкі етін таңбалау тәсілдері және түрлері.

11. Еділбай қой тұқымының технологияға бейімділігі.

12.  Жас төлдерді етке өсіруді жоспарлау.

13. Қойды жайып-семірту және бордақылауды ұйымдастыру.

14. Малдың азықтарын профилактикалық тексерістен өткізу.

15. Қойды қырқу мен оның уақыты.

16. Қойлардың өмір сүру ұзақтығы және оларды шаруашылықта пайдалану мерзімі.

17. Қозыны енесінен айыру технологиясы (ерте айыру).

18. Қазақтың құйрықты қой тұқымдары.

19. Гиссар қой тұқымы.

 

Пән: Жылқы шаруашылығы, жылқы етін және сүтін өндіру технологиясы

 1.Жылқы шаруашылығының өнімдерін өндіру және олардың адамның қоректенуінде алатын орны (қымыз, жылқы еті).

2. Қымыз, оның химиялық құрамы және диетикалық-емдік өнім ретіндегі маңызы.

3.Табындық жылқылардың биологиялық ерекшеліктері.

4. Жылқы тұқымдарының жіктелу принциптері.

  1. Жылқының қостанай тұқымы.
  2. Қоғамның қазіргі заманғы даму кезеңінде халық шаруашылығында жылқы шаруашылығының алатын орны және маңызы.
  3.  Ауыл шаруашылығында жылқыны жұмысқа пайдалану.
  4.  Буаз биелерді бағу, азықтандыру және оларды жұмысқа пайдаланудың шарттары.
  5.  Жылқыны экстерьері бойынша бағалау әдістері және маңызы.
  6.  Асыл тұқымды жылқы шаруашылығындағы өсіру әдістері.
  7.  Зауыттық жылқы тұқымдарының тренингі, оларды ат жарысы алаңдарында сынау.
  8.  Жылқының көшім тұқымы.
  9.  Жылқы шаруашылығындағы өндірістік және асыл тұқымдық есеп жүргізу.
  10. Өндіруші-айғырларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау.
  11.  Сүт-полидисперсті жүйе ретінде, оның физико-химиялық құрамы және қасиеті. Биенің сүті.
  12.  Қостанай жылқы тұқымының жас төлдерін өсіру технологиясы.
  13.  Таза қанды мініс жылқы тұқымы.
  14.  Асыл тұқымды жылқы шаруашылығында бонитировканы ұйымдастыру.

Пән: Құс шаруашылығы, құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы 

  1. Ет бройлерін өндіру технологиясы.
  2. Құс шаруашылығындағы келешегі зор кросстар.
  3. Жұмыртқа өндіруде технологиялық үрдісті ұйымдастырудың негізгі қағидалары.
  4. Құс шаруашылығының қалдық өнімдері және оларды пайдалану.
  5. Жұмыртқалардың сапасын негізгі және қосымша селекциялық белгілері бойынша бағалау.
  6. Жұмыртқа өңдеу технологиясы.
  7. Микроэлементтер және олардың азықтандыруда алатын орны. Оларды азық мәзіріне енгізудің тәртібі.
  8. Мекиендерді бағу тәсілдері және оларды пайдалану мерзімі.
  9. Үйрек шаруашылығында жүргізілетін селекциялық жұмыстардың ерекшеліктері.
  10.  Тауықтарды жұмыртқалағыштығы бойынша бағалау.
  11. Инкубация цехындағы технологиялық үрдістер.
  12. Өнімділігі ет бағытындағы тауықтардың келешегі зор кросстары.
  13. Өнімділігі жұмыртқа бағытындағы тауықтардың келешегі зор кросстары.
  14. Инкубациялау режимі және оны биологиялық бақылау.
  15.  Күрке тауық, үйрек, қаз етін өндірудің ерекшеліктері және олардың өнім көлемін арттырудың жолдары.

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі

Ірі қарамал шаруашылығы, ет және сүт өндіру технологиясы

1. Изилов Ю.С. Практикум по скотоводству.-М.: Агропромиздат, 1988.

2. Арзуманян Е.А.,Бегучев А.П. и др. Скотоводство./Под ред. Е.А.арзуманяна/.-М.: Колос, 1984.

3. Эрнст Л.К., Кравченко Н.А. и др. Племенное дело в животноводстве.  М.- Агропромиздат, 1987.

4. Лобанов В.Т. Практикум по племенному делу.- М.: Агропромиздат,                1988.

5. Даленов Ш.Д., Каримов Ж.К. и др. Скотоводство, технология  производства молока и говядины. Учебное пособие. г.Алматы, 2001.

6. Востриков Н.И., Бельнов Г.И. и др. Технология производства говядины на промышленной основе.- М.: Агропромиздат, 1988.

7. Ружевский А.Б., Рубан Ю.Д. и др. Породы крупного рогатого скота.- М.: Колос, 1980.

8. Всяких А.С. Производство молока на промышленной основе.-М.:  Колос, 1984.

9. Панкратов А.А., Орлов А.В. Производство говядины на промышленной основе.-М.: Колос,1984.

10. Бегучев А.П. и др. Скотоводство.- М.: Агропромиздат, 1992.

11. Переверзев Д.Б. Интенсивная технология производства говядины.- Агропромиздат. Ленинградское отделение, 1989.

12. Барабаш А.Ф. Практические советы по содержанию крупного рогатого скота.-М.: ООО «Издательство АСТ», Донецк: «Сталкер», 2002.

13. Багрий Б.А. Разведение и селекция мясного скота.- М.: Агропромиздат,  1991.

14. Клейменов Н.И. и др. Системы выращивания крупного рогатого скота.- М.:   Росагропромиздат, 1989.

15. Изилов Ю.С. Основы молочного и мясного скотоводства.- М.:  Агропромиздат, 1985.

16 Найманов Д.К., Попов В.П. Методы повышения продуктивности      крупного рогатого скота Северного Казахстана.- г. Костанай, 1998.

17. Государственные племенные книги крупного рогатого скота   молочных, комбинированных и мясных пород.- Алма-Ата, Колос,   Кайнар.

18. Журналы: «Молочное и мясное скотоводство», «Вестник   сельскохозяйственной науки Казахстана», «Животноводство»,    «Зоотехния».

 

Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін және елтірі өндіру технологиясы

1. Николаева И., Ерохин А.И., Овцеводство. М.: Колос, 1987

2. Скотобогатов Ю.А., Цой Л.И., Бетембаев М.Д., Сабденов Н.С., Елемесов К.Е.  Практикум по овцеводству и технологии производства шерсти, каракуля и баранины.- Алматы, 1989.

3. Ерохин А.И., Ульянов В.С. Селекционно-генетические основы повышения продуктивности овец- М.: Колос, 1981.

4. Медеубеков К.У. Справочник овцевода. Алматы, Кайнар 1990г.

5. Целютин Р.К., Васильев Н.А. Практикум по овцеводству. М.: 1991г.

6. Планшет с образцами шерсти

7. Методические указания для выполнения лабораторных исследований. Ставрополь, 1985,1989,1990.

8. Инструкция по бонитировке г/о, гр/о

9. Альбом фотографий овец

10. Джапаридзе Т.Г., Зарытовский В.С. Овцеводство. М.: Колос, 1983г.

11. Рахимжанов Ж.А., Сабденов К.С., Кусаинов А.К. Новые породы и типы овец и коз Казахстана и Учебное пособие. Алматы, 1997г.

12. Рахимжанов Ж.А., Бетембаева М.М., Сабденов К.С. Казахская мясо-шерстная порода овец (Чуйский тип) 12 Алматы, 1994г.

13. Кусайнов А.К., Нуров И.А., Справочник по овцеводству. Алматы, Кайнар, 1992г.

14. Справочник. Производство овцеводческой продукции. М.: 1991г.

15. Журналы. Овцеводство за 1998-199г.

16. Журналы. Овцы, козы, шерстное дело.М.: 2000-2004г.

17. Разведение сельскохозяйственных животных

18. Плакаты, муляжи, фотографии

19. Микроскопы, иглы, глицерин, гистосрезы, препараты

20. Документы первичного учета, журналы осеменения, ягнения, журналы роста и развития молодняка, журналы бонитировки овец

 

Жылқы шаруашылығы, жылқы етін және сүтін өндіру технологиясы

1. Д.Ф.Лэсли.  «Генетические основы селекции сельскохозяйственных животных». -М. «Колос». -1982 г.

2. П.А.Федотов. Коневодство. М. «Агропромиздат»- 1989.

3. Борисенко Е.Я., Баранова К.В., Лисицын А.П.- Практикум по разведению сельскохозяйственных животных. М.»Колос»- 1984.

4. Кравченко Н.А.   Племенное дело в животноводстве. М. «Агропромиздат»-1987 г.

5. Научные труды — «Совершенствование заводских пород лошадей», Том ХХХ1, ВНИИК -1978 г.

6. Шилер Р., Вахаля, Винш Я. — «Селекция в животноводстве».- научные труды. М. «Наука»- 1969.

7. Никоро З.С., Стакан Г.А., Харитонова З.Н. и др.  «Теоретические основы  селекции животных». М. «Колос»- 1968.

8. Генетические основы селекции животных. Научные труды. М. «Наука»- 1969.

9. Богословский С.И.  Селекция сельскохозяйственной птицы. М. ВО «Агропромиздат» — 1991.

10. Научные труды. «Проблемы племенной работы и экологически чистых технологий в коневодстве». Дивово — 1994 (ВНИИК).

11. Петухов В.А.  «генетические основы селекции животных» — учебное пособие для специальности «Зоотехния». М. «Агропромиздат»-1989.

12. Дмитриев Н.Г., Басовский Н.З., Александров Б.В. и др.  Справочник.- Племенная работа. М. «Агропромиздат» — 1988.

13. «Перспективы развития коневодства  и конного спорта Казахстана»- научные труды. Костанай-2002 г.

14. Меркурьева Е.К. — «Биометрия в селекции и генетике  сельскохозяйственных животных».- М. «Колос»- 1970.

15. Жебровский Л.С. «Селекционная работа в условиях интенсификации животноводства». Л.-1987 г.

16. Жуленко А.П. , Король А.Б. «Рекомендация в эволюции и селекции»- М. «Наука».-1985.

17. Сборник научных трудов. «Селекция и племенное дело». Дубровицы-1982 г.

18. Журналы «Коневодство и конный спорт» и «Мацманкер».

 

Құс шаруашылығы, құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

1. Жебровский Л.С. Селекционная работа в условиях интенсификации животноводства Л.:-1987 г.

2.  Басовский Н.З.  Племенная работа. Справочник. М.:-1988

3. Боголюбский С.И.  Селекция с/х птицы. М.: 1991

4. Кочиш И.И. Селекция в птицеводстве. М.: -1992

5. Свиридова С.И. Технология  интенсивной селекции в птицеводстве. М.: 1990

6. Коган З.М.   Признаки экстерьера и интерьера у кур. Н. -1979

7. Громова А.В. Промышленное птицеводство. М.: Колос, 1971

8. Сметиев С.И.  Птицеводство.  М.: Колос, 1978

9. Божко П.Е. Птицеводство. М.: Колос, 1967

10. Звягинцева Д.М. Механизация и автоматизация агропромышленного         птицеводства. Алма-Ата, Кайнар, 1986

11. Селенский В.М. Микроклимат в птичниках. М.: Колос, 1975

12. Федровский Н.П. Гигиена сельскохозяйственной птицы. М.: Колос, 1969

13. Сергеев В.А. Выращивание и содержание племенной и промышленной   птицы. М.: Агропромиздат, 1987

14. Никитин В.П.Птицеводство. М.: Колос, 1955

15. Сапрыкин Л. Прерывистые световые режимы для кур. /Птицеводство/ 1988

16.  Журналы  «Птицеводство» 1995-200гг. «Вестник науки Казахстана»

 


Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы
Яндекс.Метрика