Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері және спорттық күрес түрлері бойынша құрама командалардың спорттық резервін даярлауда қазақтың ұлттық күресінің мүмкіндіктері


Скачать/Жүктеу

«Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері және спорттық күрес түрлері бойынша құрама командалардың спорттық резервін даярлауда қазақтың ұлттық күресінің мүмкіндіктері» атты бөлімінде тек қазақ күресіне тән ерекшеліктер мен жарыс ережелері, жекпе-жекті жүргізу шеберлігі мен әдісі, жеңіске жетудің бірегей әдістері мен тәсілдерін қалыптастыруға, қолданылатын тәсілдердің сапасы мен тиімділілігін жақсартуға септігін тигізетін әдістер, көрсетілген ерекшеліктерді зерттеу нәтижелері талқыланады. Сонымен бірге спорттық күрестің олимпиялық және халықаралық түрлеріне қатысты жеңіске жетудің тәсілдерін орындау әдістерінің белгілі бір ұқсастықтары мен қолданылуы, қолданылатын құралдары мен күресу әдісі талқыланады, бұл әсіресе киіммен күресу спорттық түрлеріндегі және жас спортшылармен жұмыста қазақ күресі бойынша құрама командалардың спорттық резервін даярлауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа спорттық күрестің басқа түрлері өкілдерінің тиісті дайындықтан кейін қазақ күресінен жарыстарда ойдағыдай өнер көрсету мүмкіндіктері талқыланады, бұл қолда бар жарыстарды өткізу практикасымен расталып отыр. 

Қазақ күрес бойынша жарыстардың ережелері күресті түргеп тұрып жүргізуге ғана мүмкіндік береді, бұл төрттағандық күреске оқыту қажетінсіздіктен түргеп тұрып күресу әдісін игеруге оқыту уақытын қайта бөлуге септігін тигізеді (2 кесте).

Спорттық жетістіктердің жарыс қызметі мен қарқын деңгейін талдау күрескердің техника-тактикалық қалыптасуын педагогикалық бақылаудың маңызды факторы болып табылады. Жарыстарда үйрену тәсілдердің орындалу сенімділігін, жіберілген әдіс-алайлылық қателіктерді ғана емес, сондай-ақ күрескердің психологиялық қасиеттерін, күрестің қолданылушы тәсілдері мен алайлылық түрлілігін талдап, күресте жеңіске жету техника мен тактикалык

2 кесте – Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері

 

Көрсеткіші

Күрестің түрі

Дзюдо

Самбо

Қазақ күресі

Еркін күрес

Грек-рим күресі

1

Киімі

дзюдога

белбеулі кеудеше мен шалбар

белбеулі самбо кеудеше

жеңі қысқа  белбеулі кеудеше мен шолақ шалбар

арнаулы эластикалық шолақ трико

арнаулы эластикалық шолақ трико

2

аяқ-киімі

аяқкиімсіз

самбо аяқкиімі

күрес аяқкиімі

күрес аяқкиімі

күрес аяқкиімі

3

киімінен ұстау

рұқсат етілген

рұқсат етілген

рұқсат етілген

тыйым салынған

тыйым салынған

4

аяғынан ұстау

рұқсат етілген

рұқсат етілген

тыйым салынған

рұқсат етілген

тыйым салынған

5

аяқпен жасайтын әдіс

рұқсат етілген

рұқсат етілген

рұқсат етілген

рұқсат етілген

тыйым салынған

7

тізе тигізе тастау

бағаланады

бағаланады

бағаланбайды

бағаланады

бағаланады

8

төрттағанда күресу

бар

бар

жоқ

бар

бар

9

ауыртпалы әдістер

рұқсат етілген

рұқсат етілген

тыйым салынған

тыйым салынған

тыйым салынған

10

түншықтыру әдістер

рұқсат етілген

тыйым салынған

тыйым салынған

тыйым салынған

тыйым салынған

11

әдіс әрекеттін бағалау

сапа сатысы бойынша

балл

1, 2 және  4

сапа сатысы бойынша

балл

(1, 2 және  3)

 балл

(1, 2 және  3)

12

жеңіс

 

лақтыру немесе басып жату әдісі үшін «ипон»

түргеп тұрып қарсыласты арқасына лақтыру

 «таза женіс»

қарсыласты арқасына лақтыру

қарсыласты лақтырып немесе аударып екі жауырын кілемге тігізу

қарсыласты лақтырып немесе аударып екі жауырын кілемге тігізу

13

жартылай жеңіс

 

лақтыру немесе басып жату әдісі үшін «ваззари»

жоқ

 «жартылай женіс» бүйірге лақтыру

жоқ

жоқ

14

ширек жеңіс

 

жоқ

жоқ

 «жамбас» жамбасқа лақтыру

жоқ

жоқ

15

орташа баға

лақтыру немесе басып жату әдісі үшін «юко»

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

16

төменгі баға

 

лақтыру немесе басып жату әдісі үшін «кока»

1 балл, белсенділік

«бук» — қарсыласты тізерлету немесе төрттағандату

1 балл

1 балл

 

2 кестенің жалғасы

Көрсеткіші

Күрестің түрі

Дзюдо

Самбо

Қазақша күрес

Еркін күрес

Грек-рим күресі

17

қарсыласты арқасында басып жату әдісін бағалау 10 с – «кока»,

15 с – «юко»,

20 с – «ваззари»,

25 с – «ипон»

10 с – екі балла,

20 с – төрт балл

жоқ

қауіпті күйінде арқасында 10 с

үстау 1 балл

қауіпті күйінде арқасында 10 с

үстау 1 балл

18

таза немесе толық жеңіске жетудің нұсқалары

«ипон»,

екі «ваззари»,  қарсыластың берілуі немесе  ұйықтатылуы

түргеп тұрып қарсыласты арқасына лақтыру, оның берілуі, 12 балға озып шығу

таза женіс, екі жартылай женіс, төрт жамбас немесе бір жартылай женіс және екі жамбас

қарсыластың екі жауырын кілемге тігізу немесе әр кезіде 6 баллмен жеңу

қарсыластың екі жауырын кілемге тігізу немесе әр кезіде 6 баллмен жеңу

19

қарсыластың жарақаттанып немесе ескертулермен женілуі

толық жеңіс

таза жеңіс

таза жеңіс

таза жеңіс

таза жеңіс

20

анық артықшылықпен жеңу

«ваззари»

8 баллға озып шығу

бір «жартылай женіс» немесе екі «жамбас»

әр кезеңде балл бойынша озып шығу

әр кезеңде балл бойынша озып шығу

21

 

ұпай жеңісі

«юко»

балл бойынша санның көптігі

«жамбас»

әр кезеңде балл бойынша шамалы озып шығу

әр кезеңде балл бойынша шамалы озып шығу

22

шамалы артықшылықпен жеңу

«кока»

белсенділігі бойынша немесе  1 балл бағасымен

«бук»

үшінші кезеңде

үшінші кезеңде

23

төрешілердің пікірінше жеңу

«ханте»

бар

жоқ

жоқ

жоқ

24

ұстасу регламенті (уақыты), мин

5

5

5

2×2

2×2

25

қосымша кезең, мин

5

жоқ

3

2

әдісіндегі инновацияларды зерттеу және орындалған жаттығу жұмысының өнімділігін тексеріп, осы негізде оны болашақта түзеу қажет.

Республикалық және қалалық жарыстарда (Астана қ.) қазақ күресі бойынша ұстасуларды бейне және нотациялық жазу әдістерін қолдану арқылы күрескерлердің жарыс қызметінің материалдары жинақталып, өңделді.

Жүргізілген зерттеулерге сәйкес қазақ күресі бойынша талданушы жарыстарда қолданылатын барлық тәсілдер тобынан күрескерлер ең белсенді (0,73 әрекет/мин) және нәтижелі (0,35 баға/мин) түрде «санмен аяқ сыртынан не ортадан қағып түсіру» әдстерін қолданды (3 кесте).

3 кесте – Қазақ күресі жарыстарында қолданатын техникалық әрекеттер (n=152 ұстасу)

 

Тәсілдер тобының атауы

Көрсеткіш (мин)

Б

(ә/с)

БӘС

ТС

(%)

ТЖС

санмен аяқ сыртынан не ортадан қағып түсіру

0,73

0,35

48,2

0,16

жамбасқа алып лақтыру

0,66

0,34

51,0

0,07

кеудедеден ұстап қағып жығу, қарсыластың сыртынан адымдап не тепе-теңдіктен шығарып

0,32

0,22

68,0

0,01

арқалап алып лақтыру

0,35

0,09

26,0

0,03

табанмен қағып түсіру

0,21

0,13

62,5

0,02

ескертулер

-

0,21

-

0,05

жағадан жұлқып жығу

0,16

0,12

75,0

0,01

сирақпен іліп жығу

0,16

0,08

50,0

0,02

қарсыластың аяғын орап лақтыру

0,17

0,05

30,8

0,01

кеудеден асыра тастау

0,14

0,09

63,6

0,02

иықтан асыра тастау, қол ұстап кеудеге таянып

0,04

0,03

75,0

0,01

еңкейіп лақтыру

0,01

0,01

-

-

қарсы шабуыл тәсілдер – басып алу, жығу

0,01

0,01

-

-

түйдекпен іліп жығу

0,01

0,01

-

-

қалған әрекеттер

0,09

0,05

-

0,01

жиынтығы

3,06

1,79

54,1

0,42

Ескерту: Б – белсенділік (ә/с – әрекеттер саны), БӘС – бағаланған әрекеттер саны, ТС – тәсілдің сенімділігі, ТЖС  – таза жеңіс саны

 

Әрі қарай қолдану көрсеткіші бойынша «жамбасқа алып лақтыру», «кеудеден ұстап қағып жығу» (қарсыластың сыртынан адымдап не тепе-теңдіктен шығарып және т.б.), «арқалап алып лақтыру» және «табанмен қағып

түсіру» әдіс тобтары жиі қолданылады. Қарсыласқа жарияланатын ескертулер есебінен күрескерлер орта есеппен  – 0,21 баға/мин және 0,05 таза женіске/мин жетті. Жоғарыда аталғандардан басқа қазақ күресі бойынша жарыста жиі және нәтижелі қолданылатын тәсілдер тобына қайыра «жағадан жұлқып жығу» «сирақпен іліп жыгу», «қарсыластың аяғын орап лақтыру», «кеудеден асыра тастау» және «иықтан асыра тастау» (қарсыластың қолынан ұстап кеудесіне таянып) әдіс топтары жатады.

Қазақ күресі бойынша жарыстарда «санмен аяқ сыртынан не ортадан қағып түсіру» әдіс топтары белсенді және тиімді қолданатын болса еркін күресте түрегеп тұрып орындайтын лақтырулардың ең белсенді және нәтижелі қолданатын әдіс топтарына «аяқтан ұстап еңкейіп лақтыру немесе иықтан асыра тастау» жатады.

Дзюдо мен қазақ күресінде жеңісті жарыс ережесі бойынша лақтыру әдістерінің амплитудалық орындау мен жауырынына түсіру сапасына қарай бағалайды, сондықтан, бұл күрескерлер әдіс-тәсілдерің осы сапалы көрсеткіштеріне лайық орындауға күш салады. Дзюдо жарыстарында түрегеп тұрып орындайтын әдістердің көбісі амплитудалық лақтыруларға жатады. Ең жиі қолданылатын әдістер топтары «арқалап алып лақтыру», содан кейін «санмен аяқ сыртынан қағып түсіру» және «санмен аяқ ортадан қағып түсіру» кешендерінен басталады.

Самбо күресінде белсенді және тиімді әдістерге «санмен аяқ ортадан қағып түсіру», «жамбасқа алып лақтыру», «шалқайып лақтыру», «еңкейіп лақтыру», «түйдекпен іліп жығу», «табанмен қағып түсіру», «арқалап алып лақтыру» келетіндері анықталды, одан басқа «сирақты ішке тіреп лақтыру», «жаға мен аяқты ұстап құлату», «сирақпен іліп жығу», «иықтан асыра тастау», «санмен аяқ сыртынан қағып түсіру» және т.б. әдістер кешені жатады.

Ж.С.Байшолақовтың [2010] зерттеуінде қазақ күресінде төрешілер көбінесе тепе-теңдіктен шығарып лақтыру, шалып жығу, санмен қағып түсіру, табанмен қағып түсіру және сирақпен іліп жығу әдіс топтарын бағалағаны, ал палуандардың таза жеңістердің көбіне шалып жығу, тепе-теңдіктен шығарып лақтыру, санмен қағып түсіру, жамбасқа алып лақтыру, кеудеден асыра тастау және  сирақпен іліп жығу әдістері арқылы орындап жеткені анықталған.

Қазақ күресін спорттық күрестің басқа түрлерімен салыстыруда кейбір тәсілдер тобының түрлерін қолдану техникасында, жиілігі мен нәтижелігінде елеулі айырмашылықтар анықталды. Мәселен, күрестің басқа түрлерінде (еркін күрес, самбо, дзюдо) «иықтан асыра тастау», сирек кездесуден басқа, қарсыластың қолы (жеңі, жағасы) мен аяғын ұстап алып орындалса, қазақ күресінде қарсыластың аяғын ұстауға тыйым салынады. Бұл жағдайда «иықтан асыра тастау» қарсыластың қолынан ұстап, оның ішкі жағынан не сыртынан сүңги және кеудеге таянып не кеудеше, не белбеуінен ұстап орындалады.

Сонымен, тәжірибелі күрескерлер тік тұрып, комбинациялық және дайындық әрекеттерінде тәсілдердің кең ауқымына, қарсыластың шабуыл әрекеттеріне қарсы қорғану мен қарсы шабуыл тәсілдер нұсқаларын жетік меңгереді. Қазақ күресі бойынша жарыстарда спорттық күрестің басқа да түрлерінде қолдануы мүмкін аяқта тұрып лақтырулардың әртүрлі техникасы қолданылады. Қазақ күресінің спорттық күрестің басқа түрлерінен ерекшеленуіне байланысты «жамбасқа алып лақтыру», «арқалап алып лақтыру» мен аяқпен күресу әрекеттері (қағып түсіру, іліп жығу, орап лақтыру, шалып түсіру және т.б.) дзюдошыларды, самбистерді, қолма-қол ұрысшыларды, еркін және грек-рим күрескерлерін дайындауда қолданыла алады.

Мысалы, қазақ күресі бойынша жарыстарда грузин ұлттық «чидаоба» күресіндегі «қарсыластың аяғын орап лақтыру», дзюдодан алынған «аяқпен шалу», еркін күрес пен самбодан – «иықтан асыра тастау», грек-рим күресінен «кеудеден асыра тастау сияқты олимпиадалық, халықаралық және ұлттық спорт күресі түрлерінде қолданылатын, тәсілдерге орындалу құрылымы бойынша ұқсас тәсілдер кездеседі.

Қазақ күресінің едәуір дами түсуі, спортшының шеберлігінің қалыптасуы мен жастардың қазақ күресімен бұқаралық сипатта шұғылдануы халықаралық және олимпиадалық спорт күресі бойынша жоғары жетістіктерге жетуіне ықпал етеді. Оқу-жаттығу үдерісінің көлемі мен сипатын анықтау кезегінде  игерілген әдіс-айлалық әрекеттер мен қозғалыстардың нақты тәсілдерін ескерген жөн. Әрине, қозғалыстардың (жиі орындалатын) әлдебіреулерін игеру шұғылданатындардың спорттық-әдістік мүмкіндіктерін кеңейтетін басқа әрекеттерінің жеткілікті түрлерін қолданумен үйлестірілуі тиіс. Сонымен қатар, дене тәрбиесі мен спорттық жаттығулардың сауықтыратын және  денсаулықты үнемдейтін технологияларын қолдануға ден қою қажет, оның негізгі маңызы -  ең алдымен, шұғылданушылардың дене шынықтыруға даярлығына және жас ерекшеліктеріне барабар көлемдерді, қарқынды жаттықтыру әсерлерін таңдау мен орындау.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы