Мемлекет


Скачать/Жүктеу

Жоспар:
1 Мемлекеттің белгілері
2 Мемлекет түрлері
3 Мемлекет басқаруы бойынша
4 Қызметтері
5 Тарихта
6 Даму сатылары
7 Ассоциацияланған мемлекет
8 Буферлік мемлекет
9 Көпұлттық мемлекет
10 Ұлттық мемлекет
11 Құқықтық мемлекет
12 Әлеуметтік мемлекет
13 Унитарлы мемлекет
14 Мемлекетаралық төлем келісімі
15 Мемлекетаралық экономикалық одақтар
16 Мемлекет иелігіне алу
17 Мемлекеттік айыптаушы
18 Пайдаланылған әдебиеттер

1.Мемлекет. — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

«Мемлекет» ұғымы жалпы көпшілікке жақсы белгілі. Мемлекет\ алғашқы, қауымдық қоғамда құрылған жоқ. Саяси ғылым мемлекеттің пайда болуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен байланыстырады. Экономика саласындағы үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету және басқа таптардың қарсылығын болдырмау қажеттілігінен мемлекет пайда болды деген пікір саяси ғылымдардағы негізгі көзқарас. Мемлекет құл иеленуші дәуірде де қазіргідей дәрежеге жетті. Бірақ тарихи ұзақ мерзім бойы “мемлекет” деген түсінік “қоғам”, “ел” деген түсініктен ажыратылған жоқ. «Мемлекет» деген атауды рулық, тайпалық қауымнан ажырату, яғни, алғашқы «қауымдық емес» деген ұғымды белгілеу үшін пайдаланды. Мысалы, патшалық, қаған, хандық, князьдік, халифат, Алтын орда, Ақ орда, Ноғай ордасы, Сібір ордасы деген сөздер екі түсініктің орнына (біріншісі мемлекет, екіншісі қоғам) пайдалана берілді. Алайда, мемлекеттің пайда болуы әртүрлі әлеуметтік пікірлердің қалыптасуына негіз болды. Саяси өмірдің дамуына байланысты қоғамда мемлекеттің ролі күшейе түсті. Ойшылдар, ғалымдар мемлекетке — “ел”, “қоғам” түсінігі тұрғысынан емес, “өкімет”, билік тұрғысынан қарайтын болды.

Сөйтіп, нәтижесінде мемлекет пен өкімет туралы ойлар, қағидалар бірте-біртебіздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда теориялық деңгейге жетті.

Мемлекет пен қоғам мәселелері адамзат өмірінде әрбір тарихи кезеңге сай

өзгерістерге ұшырап отыратыны және оларды адамзаттың шама-шарқынша сәтті түрде шешуге ұдайы ықыластық танытатыны белгілі. Егер өткеніміздіойша шолар болсақ, адамзат тарихы мемлекет жөнінде сан түрлі саяси ойтізбегі мен даналыққа толы екендігін байқаймыз. Солардың ішіндегі ең мәндісі де, өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатыны да ғұлама ойшыл Конфуцийдің идеялары. Бұл ойшылды негізінен мемлекетті басқару мәселелері көп толғандырғанын атап өткен жөн. Конфуцийдің осынау күрделі мемлекет мәселелерін қатаң тәртіп пен бір тәрбиелік ұстанымдардың көмегімен жүзеге асырмақ ниеті және оған қоса шектен шыққан қызулыққа берілмей, көбіне-көп “тепе-теңдік” пен “орталық” принциптерді ұстанғаны белгілі.

Түрлі ұсақ иеліктерге бөлініп, бір-бірімен қырқысып жатқан Қытайдағы патшалықтарды бір орталыққа бағынған мемлекетке біріктіруді басты мақсатқа айналдырған ол, сонымен бірге, халықтың тәлім-тәрбиелік күш-қуатын жоғары деңгейге көтеру мен оны “бақытты” ету үшін бар күш-жігерін сарп етті.Конфуцийдің ойынша, б.з.д. VI ғасырда Қытайдағы әлеуметтік тәртіптің

негізі — қоғамдық тәртіп пен тұрақтылыққа сүйенуге тиіс болатын. Және мұндай 58 қоғамда әркім өз құқығы мен мемлекет алдындағы міндеттерін терең сезінуі тиіс. Яғни, әр адам өзінің орнында болуы керек: патша-патша, бағынышты- бағынышты, әке-әке, ұл-ұл болуға тиіс. Мемлекетті басқарушы құдай дәрежесіндегі «Аспан ұлы»– адамдар әлемінің өкілі. Ол әулие, император бола отырып Аспан алдында ғана жауапты. Өйткені ол тақ пен билікті тек осы аспаннан алады. Билеуші әділ болып, барша халыққа мейірім төгуі міндетті, ал олай болмай ел аштық пен қайыршылыққа ұшырап жатса, халықтың бүлік шығарып, билеушіні тәубесіне келтіруі құдайшылыққа жатады.

Конфуцийлік әлеуметтік саяси ілім – халықтың ой-арманымен, бақытты

болашақты көксеген қиялдарымен терең ұштасып жатыр деуге толық сенім бар. Мемлекет – халықтың талап тілегін іске асыратын құрал. Халықтың шынайы сенімінсіз мемлекет те болмақ емес. Демек, оның сеніміне тек адамдарға жасалынған қамқорлық арқылы ғана қол жетпек. Ел басқарушысы алдымен халықты ішер аспен қамтамасыз етіп, содан соң жоғары мақсаттарға шақыруға міндетті.

Ежелгі Грекиядағы мемлекет туралы саяси ойдың ерте кезде дамуы (б.з.д.

IX – VI ғғ) көне мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Бұл ойлар Гомер, Гесиод поэмаларында кездеседі. Пифагор (б.з.д. 580-500 жж.) менГераклиттің (б.з.д. 544-483 жж.) мемлекет пен құқық мәселелеріне әлеуметтік- саяси тұрғыдан талдау жасауы да осы тұста қалыптасты. Гераклит: «өз отбасың үшін қалай күрессең, мемлекет белгілеген тәртіпті іске асыру үшін де солай

күресу керек» — деген пікір айтып мемлекеттік билікке үлкен құрметпен қарады.

Ежелгі Грекия мемлекетінің нығайып – дамуы мемлекет туралы ілімнің қарқынды дамуына жағдай жасады. Бұған үлкен үлес қосқан даңқты ойшылдар Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель, Полибий болды.

Мемлекет туралы саяси ойдың қалыптасуындағы айрықша кезең саналатыны –жалпыға бірдей бостандық идеясының өзекті орын алу тұсы.

Нәтижесінде Ежелгі Рим мемлекетінде бұл ілім жедел қарқынмен дамыды.

Оның тарихы: патшалық (б.з.д. 754-510 жж.), республикалық (б.з.д. 509-28 жж.) және императорлық (б.з.д. 27 – б.з. 476 жж.) болып үш дәуірге бөлінеді. Осы кезеңде саясат, өкімет және мемлекет туралы ілімге елеулі үлес қосқан Тит Лукреций Кардың (б.з.д. 99-55 жж.) шығармалары, әсіресе оның “Табиғат заттары туралы” поэмасы.

Сол сияқты мемлекет пен құқық туралы Цицеронның ілімі жарық көрді. Ол ежелгі грек дәстүріне сүйене отырып “Мемлекет туралы” және “Заңдар туралы” деген еңбектер жазды. Ол мемлекеттік құрылыстың әр түрін талдай отырып, мемлекет қызметіндегі монархиялық, аристократиялық және демократиялық бастауларды біріктіру керек деген тұжырымға келді. Ол өз ойына, талаптарына сол кездегі Рим конституциясы сәйкес келеді деп есептеді.

Цицеронның мемлекет туралы негізгі тұжырымдамасы – заңның үстемдігі. Оның “Біз заңның құлы болғанда ғана еркін бола аламыз”, — деген қанатты сөзі қазір де өзекті пікір болып саналады.

Мемлекет туралы мәселедегі Әл-Фарабидің ой-пікірлерінің маңызы өте жоғары. Ол “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы” деген еңбегінде осы мәселені теориялық тұрғыдан тереңінен зерделейді. “Мемлекет, — 59деп көрсетеді ойшыл, — адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен толық қанаттандыруға арналған ұйым”.

Сол сияқты Әл-Фарабидің мемлекет туралы айтқан мына сөздері ерекше көңіл аударады: “Адамдарды бір-біріне көмектестіріп, халықтың жақсы тұрмыс құруына жағдай туғызып, қамқорлық жасаған мемлекет — өз міндетін атқара алады”. Ойшылдың осы пікірі «қоғамдағы мемлекеттің орны мен қызметі қазіргі нарықтық жағдайда қандай болуы керек» деген сұраққа берген нақтылы жауапқа ұқсайды.

Кейін саяси өмірдің күрделенуіне, дамуына байланысты мемлекетті қоғамдық, әлеуметтік тұрғыдан емес, өкілеттік, билік ретінде зерттеу қалыптасты, көзқарас жетіле түсті. Мемлекет халықты басқарушы ұйым деген түсінік кең орын алды. «Мемлекет» және «қоғам» деген түсініктерді ажырата білуде әсіресе Н.Макиавеллидің орны ерекше. Ол мемлекет деген түсінікті бөлек ұғымға айналдыру үшін “stato” деген термин енгізді. Стато – қазіргітүсінік бойынша, автономия, дербес, өз алдына деген мағынаны білдіреді.

Макиавелли мемлекетті тек ғана қоғамды басқаратын ұйым ретінде түсінумен шектелмей, оның дамыуы, халықтың мұқтаж-мүдделеріне сәйкес қызмет атқаруы туралы тұжырымдамалар жасады.

Кейінгі ғасырларда қоғам мен мемлекетті дербес, өзара ажыратып, мемлекетті қоғамның басқарушы ұйымы ретінде дамыту мәселесі саяси ғылымда айрықша орын алды. Саясаттануда осы мәселе жөнінде әртүрлі, құндытұжырымдамалар жасаған Гоббс, Локк, Руссо, Гегель, Кант, Мэдисон және т.б.болды. Мемлекет қоғам өмірінің дербес саласы ретінде танылғаннан кейін ғалымдар мемлекет пен адамның өзара қатынасын зерттей бастады. Оныңнегізгі себебі – мемлекет шеңберіндегі адамның орны, ролі жөніндегі мәселелердің туындауы. Қоғамда, мемлекетте адам жалпы дамуға ешбір әсер ете алмайтын тіршілік иесі ғана ма, әлде ол (адам) қоғам, мемлекет өміріндегі шешуші күш пе?

Осы мәселе бойынша бірнеше ғасырға созылған ғылыми пікірталастың нәтижесінде саясаттануда этатизм деген бағыт пайда болды. Этатизм дегеніміз — мемлекетке табыну, кейбір жағдайдағы қоғам мен жеке адам бостандығына әкелетін қиянатына, зорлық-зомбылығына төзіп шексіз билікті мойындау.

Әсіресе XVI ғасырдан бастап ғалымдар арасында этатизмге қарсы пікірлер күшейді. Мақсат – қоғам мен мемлекеттегі адам ролін көтеру, мемлекет жағынан адамның еркіне қарсы тұратын кедергілерді жою.

Саясаттануда бұл мәселені зерттеудегі ағылшын ғалымы Томас Гоббстың үлесіерекше. Ол “Левиафан” деген еңбегінде мемлекетке дейінгі қоғам өмірін суреттейді. Оның ойынша, әрбір адамның жаратылысынан өмір сүруге “табиғи құқығы” бар. Олардың құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан берілген. Бірақ табиғи заңдылықтар ешкімді де қауіпсіздіктен құтқармайды, ешкімнің өміріне кепілдік бермейді. Мемлекетсіз дәуір – ол барлық адамдардың «барлық адамдарға қарсы соғысы». Сол себептен табиғи, қатал өзара қарым-қатынас жағдайында адамдардың өмірін қорғауға кепілдік беретін ұйым іздеу 60 керек деген қорытындыға келді. Мемлекеттің пайда болуы – ол адамдардың келісім-шарты. Адам сыртқы қатерден сақтануы үшін өз құқықтарын мемлекетке тәуелді етті.

Т.Гоббс қоғамдық тәртіпті табанды, қатал ұстайтын мемлекетті жақтайды. Сондықтан ғалым өз теориясын Англиядағы монархияны қайта құруға, жаңғыртуға бағыттағаны белгілі. Сонымен қатар, Гоббстың ойынша: «Мемлекеттік билік – жоғарғы заң шығарушы және оған бағыну. Басшы өзіне бағыныңқы адамдардың арасында теңдік болуы қажет екенін қадағалап отыруы тиіс және оларды сотта қорғай білуі қажет». “Левиафан” — библия мифологиясы бойынша ғажайып, барып тұрған жауыз, рақымсыз, жан түршігерлік аң. Оған қарсы тұратын ешбір нәрсе де жоқ.

Ал ғалым “Левиафанмен” – мемлекетті теңестіріп сипаттайды, себебі мемлекет адамдарға зорлық жасайды, күш көрсетеді, ал адамдар соған төзеді. Дегенмен, Гоббстың ойынша, мемлекет қандай мықты болса да – ол “ажалды құдай”, себебі ол жасанды. Мемлекет адамдардың ақылы мен қолынан туындайды, ал адам – табиғаттан жаратылған. Сол себепті қоғамда адам бірінші орында, ал мемлекет – екінші орында тұруы тиіс.

Адам мен мемлекеттің арақатынасын сараптай келе, Т.Гоббс: “Адамға құқықты үлестіріп беретін мемлекет емес, мемлекеттің өзі жеке адамдардың құқықтарынан жинақталады» — деген қорытынды жасайды. Яғни, адамның қоғамдағы орны ең жоғарғы сатыда, әрбір адамның “табиғи құқығы” бар, “мемлекет оны заң арқылы қорғауға тиісті”. Сөйтіп, ұлы ойшылдың тұжырымдамалары қазіргі замандағы адамның “табиғи құқығы” идеясына негіз болып халықаралық деңгейде қолдау тапты.

1948 жылы БҰҰ қабылдаған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында” «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан берілген, бұл ұстамды әрбір мемлекет өз заңдарына енгізуге тиісті» — деп жариялады.

Қазақстан Конституциясында осы принципті іске асыру көзделген. Оның 12-бабында: “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп табылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” — деп жазылған.

Сөйтіп, ғасырлар бойы ойшылдар мен ғалымдардың адам мәртебелілігін мемлекеттен де жоғары көтеру талабы дүниежүзілік қоғамдастыққа кірген Қазақстанда да қабылданды. Оның басты, негізі себебі — Қазақстан Республикасының құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнықтыру мақсатыболып табылады.

2.Мемлекеттің белгілері.

  • мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
  • мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
  • мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
  • мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
  • мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.

3.Мемлекет түрлері.

Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

Қазіргі кезеңдегі мемлекет: құрылымы және қызметі

Қазіргі кезеңде мемлекет ел басқару міндетін атққаратын қоғамның негізгі саяси ұйымы ретінде танылады. Қандай да болмасын мемлекеттің үшқұрамды элементтері болады: ел территориясы, халқы және саяси билігі.

Мемлекеттің негізгі белгісі – егемендік. Мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігін басқа мемлекеттер де ресми түрде мойындауға тиісті.

Мемлекеттің негізгі ұстанымдары:

1. Заңдар мен нұсқаулар қабылдау құқығының болуы.

2. Мемлекеттің өз азаматтарын қорғауы үшін ашық және бірден-бір күш қолдану құқығының болуы. Себебі қоғамда күш қолдануға мемлекеттің ғана құқығы бар. Мысалы, қылмыс жасаушыларды өз еркінен айыру құқығы. Оны орындауға қажетті мемлекеттің арнаулы қарулы күштері болады. Бірақ күш қолдану тек заң арқылы жүргізілуі тиіс.

3. Жалпылық. Мемлекет өз аумағындағы (территориясындағы) адамдардың

барлығын қамтиды. Осы мемлекеттің азаматы болмаса да (мысалы, әртүрлі себептермен басқа мемлекеттерден келгендер) мемлекеттің шекаралық шеңберінде болғаннан кейін оларға қамқорлық жасалуы тиіс. Бұл жөнінде 1930жылы Гаагада (Нидерланды) мемлекетсіздікке (апатридизмге) қарсы халықаралық заң қабылданды. Бұл заңға сәйкес мемлекет территориясындағы жеке адам мемлекет қамқорлығынан тыс қалмауы тиіс.

4. Салық — қоғамды басқару жұмысына жұмсалатын қор (бюджет) қалыптастыру үшін қажет қаржы.

Территориясы мен этникалық (ұлттық) құрамына байланысты мемлекет әртүрлі құрылымға бөлінеді. «Мемлекет құрылымы» дегеніміз мемлекеттің ұлттық-территориялық ұйымдастырылуын көрсететін ұғым. Көп жағдайда,орталық билік пен жергілікті әкімдіктің өзара қатынасын белгілейді.Мысалы,мемлекет территорясының ұлттық-автономиялық бөліктерін белгілеу (округ, республика, штат), әкімдік-басқару аймақтарын бекіту (аудан, облыс, департамент, өлке).Мемлекттік құрылымның негізгі торт түрі кездеседі: унитарлық (біртұтас), федерация жане конфедерация.

  • Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.

Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). (федеративтік мемлекет) деп автономиялары бар мемлекетті атайды.

Федерацияның негізгі белгілері:

-мемлект территориясында ұлттық немесе территориялық автономияның болуы;

-мемлекеттегі саяси билік және басқа да өкімет органдары екі деңгейде

-қалыптасады;

- мемлекеттің конституциясы екі деңгейлі болады.

Мысалы, Ресей, Қытай, Үндістан және т.б. Ресейде жиырмаға жуық республика бар (Татарстан, Башқұртстан, Дағыстан, Солтүстік Осетия, Тува т.с.с.) Саяси билік екі деңгейлі, яғни жалпы мемлекеттік президент, парламент және әрбір республиканың өз алдына президенттері мен парламенттері бар. Конституциясы екі жүйелі: бүкілресейлік және әрбір республиканың өз конституциясы бар.

Федерация тек ғана ұлттық ерекшеліктер негізінде қалыптаспайды.

Дүние жүзіндегі федарацияның көп бөлігі жер (территория) арқылы орныққан.

Мысалы, АҚШ, ГФР, Австрия және т.б. АҚШ-да штаттар, Германияда «жерлер». Ал федерациялық құрылым негізі—ұлт немесе жер аймағы ғана емес; федерацияның негізгі белгісі – егемендік дәрежесі. Егер автономияның, федерация субъектісінің белгілі мөлшерде (Конституция арқылы белгіленген) егемендігі болмаса, онда мемлекттің федерация аталуы да жалған болып шығады.

Конфедерацияның негізгі белгілері:

Конфедерация дегеніміз — тәуеліз мемлекеттер одағы.

- конфедерацияда бәріне ортақ мемлекеттік билік болмайды;

- одаққа қосылған мемлекттер ортақ мақсаттарын бірігіп жүзеге асырады;

-конфедерация құрамындағы барлық мемлекеттеге ортақ мекемелері болады;

-конфедерация құрамындағы мемлекеттердің өз әскері, ұлттық валютасы болады. Конфедерация құрамындағы тәуелсіз мемлекеттер өздеріне ортақ мүдделерін бірігіп шешуі үшін арнаулы мекемелер құрады. Мысалы, қорғаныс, сауда, транспорт салаларындағы және т.с.с.ортақ мекемелері.

Қәзіргі кезде конфедерация таза күйінде кездеспейді. Өткен уақыттарда конфедерация мемлекеттер арасында көбірек орын алды. Мысалы, 1847 жылға дейін Швейцария конфедерациясы, ал 1815-1867 жылдары конфедерация Германияда болды.

Кәзіргі кезеңде Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) конфедерацияға айналу мүмкіндігі болған еді, бірақ бұл мемлекеттер арасында осы күнге дейін бәріне ортақ мекеме құрылған жоқ.

Еуропалық Одақты конфедерация қатарына жатқызуға болар еді, бірақ бұл одақтағы мемлекеттердің өзара қатынасы федерацияға ұқсап келеді еуропалық ортақ саяси билігі парламенті бар, мемлекеттер бірлестігінде ортақ валюта (евро) пайда болды).

Әйтсе де Еуропалық Одақты толығымен федерацияға жатқызуға болмайды. Бұл Одақтың құрамындағы мемлекеттердің мәртебесі (статусы) автономиялық дәрежеде емес, олар тәуелсіз мемлекеттер болып табылады.

Қорыта келгенде, Жалпыевропалық Одақты адамзат тарихының жаңа заманғымемлекеттік құрылыстың бастауы деп есептеуге болады. Мемлекеттердіңдамуына саяси өмірдің жалпы бағыты тұрғысынан қарағанда, мемлекеттік басқаруда мәңгі өзгеріссіз ешнәрсе жоқ екенін дүниежүзілік саяси практика дәлелдеп отыр.

Мемлекеттік басқару түрі дегеніміз –саяси билік кімнің, қандай ұйымның, қандай субъектінің құзырында екендігін көрсететін ұғым. Қазіргі кезеңде мемлекеттік басқарудың үш түрі бар: монархия, конституциялық монархия және республика. Мемлекеттік басқарудың осы түрлеріне жоғарыда талдау жасалынып, мысалдар арқылы көрсетілді.

Қазіргі кезеңдегі дүниежүзіндегі мемлекеттік басқарудың негізгі бағыты— республикалық мемлекет түріне өту.Сол себептен мемлекеттік басарудың осы түріне кеңінен тоқталамыз. Республиканың өзінің бірнеше түрлері бар.

Қазіргі кезеңде дүниежүзінде көп қолдау тапқан және ең көп орын алатыны демократиялық республикалар. Олардың өзі үлкен үш топқа бөлінеді: президенттік республика, президенттік-парламенттік республика және парламенттік республика.

Президенттік республиканың белгілері:

1. Екі жүйелі сайлау. Президенттік және парламенттік сайлаулар әрқайсысы өз алдына бөлек өткізіледі.

2. Үкімет президентке тәуелді.

3. Атқарушы биліктің және мемлекеттің басшысы президент. Үкімет те президенттің қарамағында болады.

Президенттік республикаға жататын мемлекеттер, мысалы, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Португалия, Мексика және т.б.

Президенттік-парламенттік республиканың белгілері:

1. Екі жүйелі сайлау: президенттік және парламенттік сайлаулар әрқайсысы өз алдына бөлек өткізіледі.

2. Парламент парламенттік сайлауда жеңіп шыққан саяси партиялардың уәкілдерінен қалыптасады.

3. Президент – мемлекеттің басшысы. Үкімет Президенттің алдында жауапты.

Үкімет мүшелері Парламент палаталарына есепті. Президенттік-парламенттік республикаға жататын мемлекеттер, мысалы, Франция, Австрия, Ирландия, Польша, Финляндия және т.б.

Парламенттік республиканың белгілері:

1. Сайлау бір жүйелі. Тек парламент сайланады.

2. Парламентте ең көп орын алған саяси партияның жетекшісіне премьер-министрлік (атқарушы билік) және мемлекет басшысы міндеті жүктеледі.

3. Үкімет парламентке тәуелді.

Парламенттік республикаға, мыселы, Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль және т.б. жатады. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде мемлекеттік басқару түрлерінің, жалпы демократияның дамуына байланысты шын мәніндегі демократиялық республиканың жаңа деңгейлері қалыптаса бастады. Олар — азаматтық қоғам

4.Мемлекет басқаруы бойынша.

Демократиялық

Демократия мәселесі — саясаттанудағы негізгі тақырыптардың бірі. Оның себебі, біз жоғарыда айтқанымыздай, саяси ғылымның, яғни саясаттанудың кілті саяси билік болатын болса, ал қоғамдағы саяси биліктің сапасы, әсіресе қазіргі кезеңде, демократияның деңгейімен тікелей байланысты. Осы жағдай қазір дүние жүзіндегі көптеген елдердің саяси өмірінен байқалып отыр.

Мысалы, қазіргі кезеңде көптеген мемлекеттердің саяси өміріндегі ең жиі айтылатын сөздің бірі — “демократия”. Мұның себебі неде? Демократия туралы мәселенің өте маңызды болуына бірнеше себептер бар. Біріншіден, қазіргі кезеңде демократия дүниежүзілік жалпы адамзаттың рухани құндылығы болып табылады. Ол халықтар арасындағы бірлестіктің, қауымдастықтыңдамуына зор әсер етеді. Екіншіден, әрбір мемлекеттегі саяси биліктің сапасы қоғамдағы демократияның деңгейіне байланысты. Үшіншіден, демократия біздің Қазақстан мемлекетінің мақсаты мен болашағы. Оған дәлел Қазақстан Республикасының Конституциясының ең бірінші бабы осы мақсаттан басталады. “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық … мемлекет ретінде орнықтырады” – деп жазылған. Әсіресе осы соңғы себепке байланысты әрбір қазақстандық, әсіресе болашақтағы мамандар елдің демократияландыру жолдарын жақсы танып білуі тиіс, бұл процеске өзінің үлесін қосуға да міндетті.

Демократияның ерекше маңызды болуының тағы да бір себебі, оның әрбір адамға тиімді, пайдалы болуында. Бұны демократияның негізгі ұстанымдарынан (шарттарынан) байқауға болады.

Демократияның негізгі ұстанымдары:

1. Демократия ұжымдық шешімді қолданады.

2. Мемлекеттік билік органдарына азаматтардың, әлеуметтік топтардың арасынан ең таңдаулылары, ең қалаулылары сайланады.

3. Билікке сайланғандар сайлаушылардың алдында есеп береді.

4. Әрбір азаматтың билікке сайлануына (өзін-өзі ұсынуына) мүмкіндік беріледі.

Демократиялық ұстанымдардың әрбір адам үшін тиімділігі осында. Енді “демократия” деген ұғымның ежелгі және теориялық мағынасына көшелік. Демократия деген сөз гректің “demos” –халық және “kratos” – билік деген сөздерінен құралған. Яғни, халық билігі деген мағынаны білдіреді. Бірақ бұл ұғымды ертедегі гректер өздерінің қоғам, мемлекет құрылыстарымен байланыстырған. Себебі ежелгі гректердің, римдіктердің мемлекеті негізінде бір қала көлемінде ғана болды.

Осыған байланысты мемлекеттің толық құқықты азаматтары шешім қабылдау үшін бір алаңға жиналып шешім қабылдауына мүмкіншілігі болды. Ол уақытта қазіргідей мемлекет пен қоғамның арасында басқа саяси субъектлер болған жоқ.

Қазіргі жағдай басқа. Қазір мемлекет пен қоғам арасында көптеген демократиялық институттар бар, мысалы, әртүрлі қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, сайлау комиссиялары және т.б. Қазіргі кезеңдегі демократияның ұстанатын басты мақсаты – билікті қалыптастырудың көзі халық болуында. АҚШ-тың он алтыншы президенті Авраам Линкольндің айтуы бойынша: “Демократия: халық үшін сайланған халық билігі”.

Қазір ежелгі антикалық уақытпен салыстырғанда демократия түсінігінің ауқымы да, мазмұны да біраз кеңейді. Демократия қазір тек қана сайлау мәселесімен шектелмейді. Қоғамдағы көптеген саяси процестер, саяси құбылыстар, саяси қарым-қатынастар демократиялық ұстаным негізінде сипатталады. Мысалы, мемлекеттің сипаты (типі, режимі) демократиялық бағамен белгіленеді. Қоғамдық құрылымның мақсаты, идеалы, яғни қоғамның даму бағыты – ол да демократия түсінігімен бағаланады. Қоғамда азаматтардыңтеңдігі, құқығы, еркіндігі бар ма, жоқ па? Бұл да демократиямен сипатталып,бағаланады.

Ал енді осы белгілердің барлығын: азаматтардың теңдігін, құқығын, әділеттілікті, еркіндікті, әр адамның өзі қабілетін іске асыру мүмкіншілігін, яғни, демократиялық ұстанымдарды қоғамда қалай орнықтыруы қажет, ол үшін қандай жолдарды пайдалану керек? Бұның негізгі жолы – мемлекет билігін демократиялық жолмен қалыптастыру.

Бұл жоғарыда аталған құндылықтарды ұйымдастыруға қабілеті бар билік жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Яғни, халыққа қажетті тәртіптілікті билік арқылы орнықтыру. Егер халықта сондай мүмкіншілік болса, бұл — демократияның бірінші белгісі.

«Қазіргі кезеңдегі демократия дегеніміз не?» – деген сұраққа жоғарыда келтірілген пікірлердің барлығын қорытып айтатын болсақ, «қоғамдық билікті халық сайлайтын, теңдік, құқықтық, әділеттік, еркіндік ұстанымдарына негізделген мемлекеттік құрылыс», – деп жауап беруге болады.

Демократияға байланысты тағы да бір түсінікті анықтап алғанымыз жөн.

Ол демократия мен бостандықтың ара қатынасы туралы мәселе. Мысалы, көпшілік “демократия” деген не? — деген сұраққа көп жағдайда “демократия – ол еркіндік” деп жауап береді. Осы дұрыс па? Демократия – тек қана еркіндік пе? Егер олай болатын болса, демократия әркімді күнделікті міндетінен, тәртіптен, жауапкершіліктен босатып жібере ме? Демократия ондай еркіндікке қарсы. Сонда, демократия қандай еркіндікті жақтайды? Бұл мәселені анықтап алу үшін, біріншіден, демократияның шешім қабылдау тәсілі есте болуы керек.

Демократиялық шешім қабылдау дегеніміз ол көпшіліктің пікірі арқылы шешім қабылдау.

Бұл ұстаным бойынша демократияның қолдайтын бостандығы, әр азаматқа беретін құқығы санаулы ғана.

Олар:

1) Ұжымдық шешім қабылдауға қатысу.

2) Шешім қабылдау үшін өз пікірін, ұсыныстарын білдіру.

Яғни, еркіндік тек ғана шешім қабылдағанша ғана құқылы. Ал шешім қабылдағаннан кейін көпшіліктің шешімі барлығы үшін заң. Азшылық дауыс берген уақытта қарсы болса да, көпшіліктің шешімін орындау оларға да заң.

Бұл демократияның тәртібі, заңы, мәдениеті, сонда ғана демократия көпшілікке қажет тәртіпті орнатуға мүмкіндік береді. Ал кейбір азаматтардан өз міндеттерін, жауапкершіліктерін талап ету немесе талап етпеу демократияның қызметі емес. Бейберекетсіздік, анархиялық бостандық – ол демократияның ұстанымына жатпайды.

Сонымен, демократияның мақсаты – қоғамда өлшемсіз, ретсіз бостандық орнатып, билікті әлсірету, бәсеңдету емес, көпшілік үшін қажетті тәртіп орнату.

Демократия – ол бостандықтың өзі емес, демократия – бостандықты орнатудың жолы.

Демократия мәселесіндегі маңызды сұрақтың бірі – демократиялық мемлекет қандай болуы керек? Демократиялық мемлекеттер бір түрде, бір ғана жолмен орнықпайды. Бірақ демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың бәріне ортақ белгілері бар.

Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілері:

1. Саяси биліктің негізгі органдарының сайлануы.

2. Шешім қабылдаудағы азшылықтың көпшілікке бағыну тәртібін ресми мойындау.

3. Азаматтардың жалпыға бірдей сайлау құқығының болуы.

4. Сайлауда бір орынға бірнеше үміткердің болуы (балама сайлау).

5. Саяси, экономикалық, рухани әртүрлілік.

6. Саяси биліктің үш тармағының болуы.

7. Қарсылықты (оппозицияны) заңдылық ретінде мойындау.

8. Саяси биліктің заңға бағынышты болуы.

9. Қоғамдық-саяси шешімдер қабылдаудағы жариялылық.

10.Азаматтардың заң алдындағы теңдігі.

  • Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауыншы дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франсия осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып, басқаруын конституциялық монархия дейді.
  • Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапон мемлекеттерін айтуға болады.
  • Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйенір жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге болады
  • Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктару мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикадық режімдер жағдайынды ұшыраса береді.

5.Қызметтері

Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

  • 1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;
  • 2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
  • 3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
  • 4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;
  • 5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;
  • 6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.
  • 7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.

Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.

6.Тарихта

Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың қажеттілікті өтеу үшін бірігуі” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайда табуы үшін бірігуі” деп түсіндірді.

Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет” сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады.

Бірақ ондай себептер көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта немесе табиғи орта, адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа да сыртқы фактор әсер етеді.

Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі — мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді.

7.Даму сатылары.

Биліктің бір мазмұннан бір мазмұнға өтуі мен күрделіленуіне және өз аумағының кеңеюіне қарай мемлекет мынадай даму сатыларын бастан кешіреді:

  • ном, полис — халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым протомемлекет);
  • бірнеше полис немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған, басқару жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар дамыған, ыдырап кету қаупі күшті, қазіргі кездегі конфедерацияға ұқсас құрылым);
  • орталықтанған мемлекет — ішкі әкімшілік аймақтарда экономикалық қарым-қатынастар күшейіп, ортақ ақша, ортақ заң жүйесі енгізілген, ыдырап кету қаупі болмашы ғана. Мұндай елдердің халқы әдетте ұлт деп аталады);
  • империя; Орталықтанған мемлекеттер күшейе келе көрші елдер аумақтарын басып алады, әр түрлі шаруашылық жүйелерін біріктіріп, әр түрлі қоғамдық құрылысы бар елдерді күшпен бір орталыққа бағындырады, нәтижесінде империя пайда болады.

8.Ассоциацияланған мемлекет.

Ассоциацияланған мемлекет — мемлекет ішілік жиі мемлекет аралық қатынастардың ерекше түрін білдіруге қолданылатын ұғым. Негізінен ассоциацияланған мемлекет ретінде ерікті жолмен басқа мемлекетке өзінің егемендігінің бір бөлігін (жиі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыртқы саяси байланыстарды жүзеге асыру, ақша айналымын ұйымдастыру бойынша өкілеттіліктерді) берген мемлекет түсініледі.

9.Буферлік мемлекет.

Буферлік мемлекет — екі немесе бірнеше үлкен мемлекет территориясы арасында орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет әскери басып кіру шегінде орналасқан, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік береді.

10.Көпұлттық мемлекет.

Көпұлттық мемлекет — территориясында әртүрлі этностар — ұлттар, халықтар мен басқа этникалық топтар тұратын мемлекет.

11.Ұлттық мемлекет.

Ұлттық мемлекет — белгілі бір ұлттың тарихи-этникалық территориясында пайда болған, оның егемендігін көрсететін мемлекет.

12.Құқықтық мемлекет.

Құқықтық мемлекет деген ұғымдағы “құқықтық” деген сөздің

болуында үлкен мән бар. Ол қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінде, оның барлық саласында құқық жоғары орында тұруы керек дегенді меңзейді. Бұл әрбір құқықтық мемлекеттің басты ұстанымы болуы керек, яғни құқық әрбір елдің Конституциялық негізгі заңында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқау болуы тиіс. Заң үстемдігі болмаған жерде құқықтық мемлекет теболмайды. Тіпті ежелгі дүние адамдары да еркіндікті аңсағанда заңның 66 үстемдігі арқылы ғана бостандыққа жетуге болады деп санаған. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан егеменді мемлекет болғаннан кейін өзініңКонституциясында қоғамдағы құқықтық заңның үстем болуын басты принцип етіп жариялап, бірінші бабында — ақ: “Қазақстан Республикасы өзіндемократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады”- деп атап көрсеткен. Құқықтық мемлекеттің құқықтық еместен мемлекеттен ерекшелігі – заңдарының сапасында. Құқықты мемлекеттің заңдары әділ, ізгілікті болуыкерек. Онда адамдардың өмір сүру, өзіне лайықты күн көру, т.б. сол сияқты ажырамас құқықтары бекітілуі қажет. Құқық – мемлекеттің адамға берген сыйлығы емес, бұлай түсіну аңғалдық және түбірімен зиянды. Құқық адамның табиғатымен бірге жаралған. Мемлекет құқықты тек іске асыруға жағдай жасаушы ғана. Жоғарыда аталған “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында”: “Барлық адам жаратылысынан еркін, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Оларда ақыл, ар-ұждан болғандықтан бір-біріне туысқандық рухта ықылас білдіруге тиіс” — деп көрсетілген. Осы тұжырымды айқындай келіп, Декларацияның 3 бабы: “Әрбір адам өмір сүруге,еркін болуға және жеке басының өміріне ешкімнің қол сұқпауына құқылы” -деп бүкіл әлемге паш етті. Бүкіл адамзат мойындап отырған осы аса маңызды халықаралық құжаттың аталып өткен қағидалары Қазақстан Конституциясында толығымен енгізіліп: “… дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”- депатап көрсетілген.

Еркіндік, бостандық деген ұғымды шексіз (абсолюттік) деп түсінбеу керек. Әрбір адам қоғамда өмір сүргендіктен белгілі жағдайда сол қоғамдық ортаға тәуелді болады. Бірақ оның да белгілі шегі, өлшемі бар. Қоғам өміріндегі бостандық өлшемі құқылық формада анықталады. Ал ол өлшем жұрттың бәрінебірдей болу керек. Мәселен, Конституцияның 15-бабында көрсетілгендей, «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюғахақысы жоқ» деп жарияланған. Өзі өмір сүруге құқығы бола тұрып, бір адам екінші бір адамның өміріне қауіп төндіруге, қастандық жасауға ерікті емес.

Осылай болмаған күнде бір кісінің құқықтығы екіншісінің құқықтылығын жоққа шығарып, біреулердің ғана игілігіне айналған болар еді. Адам құқығы қоғамдық өмірдің әр саласында: экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік және жеке басының әрекет жасауынан көрінеді. Құқық неғұрлым міндетті, неғұрлым кепілденген болса, соғұрлым кісі еркін болады. Құқықтық мемлекет адам бостандығы мен теңдігін тұлғаның туа біткен қасиеті деп жариялады. Адам еркін барынша қастерлеп, оның автономиялы екендігін танып, мемлекет меншігі деп қарамайды, қайта өзінің ажырамас бөлігі деп есептейді.

Сөйтіп, мемлекет барлық құқықтық жүйенің өзегі болып есептелетін адам құқығын қорғап отырады. Сондықтан да оның заңдары мен жарлықтары адам құқығына сай келетін, оның ешбір бұзылмайтын принциптеріне бағынатын болуы керек. Сонымен, адам құқығының мәні — оның ар -ұжданының, адамгершілігінің, абыройының, мүддесінің мызғымастығы және оларды қорғау кепілдігін қамтамасыз ету. Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі – мемлекет пен жеке адам арасындағы өзара жауапкершілік принципінің қалыптасуы. Бұны біз жеке кісінің еркін белгілі бір мөлшерде шектеуге барып, мемлекеттің нұсқауларына бағынуға міндеттеуінен және мемлекет тарапынан жеке тұлғаның құқығын қорғауға жауапты болып, оның өмірлік қызметіне кепіл болуынан көреміз. Осыған байланысты құқықтық мемлекет өз азаматтарының мүддесіне сай келетін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға міндетті. Сондықтан да қазіргі кезде құқықты, әлеуметтік мемлекет туралы жиі айтылатын болды. Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі билік жүргізуді бұйрық немесе жеке шешімдер арқылы емес, заң арқылы іске асыратындығы.

Бұл заңдар әділ болып, әділетті шаралар арқылы іске асырылуы керек. Міне,

осы мақсатта өкімет билігін бөліп жүргізу принципі әрекет етеді. Бұл ұстаным бойынша бірде-бір мемлекеттік органға толық өкімет билігі берілмейді, әрқайсысы өз міндеттерін өз билігі көлемінде заңға сәйкес атқарады және ешқайсысы бірінің қызметін бірі қайталамайды. Бұл шенеуніктердің өз қызмет бабын пайдаланып, басқа адамға қиянат жасаушылыққа жол бермеу үшін қажет.

Ал енді саяси биліктің үш тармағында үстемдік үшін таласқа түсуді болдырмау үшін құқықтық мемлекетте олардың біріне жоғары мәртебе берілуі қажет. Ондай мәртебе заң шығарушы билікке берілген. Өйткені, сол ғана ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына заңдық негіздегі күш беріп,

қоғамдағы заңның үстем болуын қамтамасыз етіп отырады. Барлық құқықтық мемлекеттерде заңдық өкіметке парламенттер (формалары әртүрлі болғанымен)ие болады. Өйткені, парламент қоғамдағы саяси, әлеуметтік қарым-қатынастарды заң арқылы реттеп отырады, ал оған заң шығаруға өкілеттілік беретін халық.

Барлық құқықты мемлекеттерде заңдардың конституциялығын бақылап отыратын мемлекеттік биліктің тармағы – сот билігі.

Сонымен, сайып келгенде, демократиялық республиканың саяси сапасы жағынан жетілген түрі – құқықтық мемлекет, яғни демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, заңның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығын жан-жақты қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару.

Қорыта келгенде, мемлекеттің ең басты міндеті—қоғамда тұрақтылық орнатып, азаматтарының қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау. Мемлекет туралы тақырыпты талдаған кездегі жиі кездесетін сұрақтың бірі: «қоғамның мақсаты қандай мемлекет орнату, яғни қандай мемлекет халық үшін тиімді болып табылады?» деген сұрақ. Бұған саясаттанушы ғылымдардың қысқаша жауабы: «Ең жақсы мемлекет—ол өзімізді өзіміз басқаруға жәрдем ететін мемлекет» — деген қағида.

13.Әлеуметтік мемлекет.

Әлеуметтік мемлекет — әлеуметтік қамтамасыз етудің дамыған жүйесімен сипатталатын, жалдамалы жұмысшыларға минималды өмір деңгейін және әлеуметтік тәуекелдің төмендеуін кепілдейтін мемлекеттің түрі.

14.Унитарлы мемлекет.

Унитарлы мемлекет — әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі.

Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән:

  • елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция;
  • заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі;
  • биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.

15.Мемлекетаралық төлем келісімі.

Мемлекеттер арасындағы сыртқы сауда алыс-берістері мен басқа да операцияларға байланысты төлем төлеу және есеп айырысу шарттары мен тәртібін белгілейді. 1929 — 33 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар кезеңінде батыс елдерінде кең етек алды. Бұл кезде көптеген мемлекеттер валюта шектеуін енгізіп, оның еркін алмасуын тоқтатқан болатын. Мемлекетаралық төлем келісімі көздеген мақсатына және кейбір елдердің ерекшеліктеріне қарай алуан түрлі болып келеді. Негізінен экспорттық және импорттық тауар айналысына байланысты сыртқы есеп айырысу және ол үшін төлем төлеу мақсатын көздейді. Көптеген дамыған және дамушы елдер арасындағы есеп айырысу екі жақты келісімдер негізінде клиринг түрінде жүргізіледі.

16.Мемлекетаралық экономикалық одақтар.

Әлеуметтік-экономикалық, аумақтық қажеттілікке байланысты немесе аймақтық рыноктарды қалыптастыру, біртұтас экономикалық кеңістік құру үшін, кей жағдайда басқа экономикалық одақтардан қорғану үшін құрылады. Мұндай одаққа кірген мемлекеттер сыртқы сауда, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық, ғылыми-техникалық прогресс, валюта, қоршаған ортаны қорғау салаларында, аймақтық саясатта бірыңғай шаралар жүйесін іске асырады. Мемлекетаралық экономикалық одақтар экономикалық интеграцияға кең жол ашады. Дүние жүзінде мемлекетаралық экономикалық одақтар 20 ғасырда кең өріс алды. Олардың кезеңді міндеттерге орай ауқымы мен басқару функциялары өзгеріп, құрылымы жетілдіріліп отырды. Кейде оның құрамында бір құрлықта орналасқан мемлекеттер түгелдей дерлік қамтылады. Батыс Еуропа экономикалық одағы осындай үлкен мемлекетаралық экономикалық одақтарға жатады.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше Мемлекетаралық экономикалық одақтарға: Кедендік одаққа (1995), Шанхай ынтымақтастық ұйымына (2001), Еуроазия экономикалық одағына (2002), Орталық Азия ынтымақтастық ұйымына (2004) мүше болды. Қазақстанның және осы одақтар құрамына енетін басқа да мемлекеттердің алға қойған негізгі мақсаты — алыс-жақын көрші елдермен арадағы эконамикалық қарым-қатынасты нығайту, сыртқы сауда-саттықты дамыту, аймақтағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті, өзара тиімді байланыстарды қамтамасыз ету, ішкі реформалардың іске асырылуына қолайлы жағдай туғызатын сыртқы ортаны қалыптастыру. Олар ағымдағы мәселелермен қатар келешектегі күрделі мәселелерді де шешуге күш салады. Мәселен, Орталық Азия аймағында мұнай мен газды, электр қуаты мен су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу, ортақ рынок құру, халықаралық лаңкестікке, есірткі бизнесіне қарсы бірлесіп күресу, тағы басқа Орталық Азия ынтымақтастық ұйымының алдына қойылып отырған ортақ күрделі міндеттер болып табылады.

17.Мемлекет иелігіне алу

Мемлекет иелігіне алу — шаруашылық жүргізуші субъектілерді тікелей басқару атқарымдарын мемлекеттен жеке немесе заңды тұлғаларға ішінара немесе толық (соның ішінде жекешелендіру жолымен де) беру. Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға көшудің, тауар өндірушілердің дербестігін нығайтудың, рынокты тауарлармен (қызметтермен) молықтырудың, тауарлардың сапасын арттырудың, мемлекет кәсіпорындардың монополизмін жоюдың маңызды бағыты ретінде қаралады. Жалпы ел экономикасының тиімділігін арттыруға және оның азаматтарының тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталады. Қолданыстағы заңдарға және жекешелендіру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

18.Мемлекеттік айыптаушы.

Мемлекеттік айыптаушы — қызметі қылмыстық іс бойынша айыпталушының кінәсін дәлелдеуге бағытталған, сот отырысында заңға сәйкес негізде мемлекет атынан айыптауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға. Мемлекеттік айыптаушы қызметінің құқықтық жай-күйі әр мемлекетте әр түрлі аталады және мұндай қызмет барлық жерде біріне бірі ұқсай бермейтін салалық мемлекет қызмет жүйелерінде атқарылады. Бір елде мемлекеттік айыптаушы лауазымы сот жүйесінің құрамындағы қызметтік тармақ болса, басқаларында ол өз алдына бір мемлекет қызмет жүйесі. Қазақстанда мемлекеттік айыптаушы қызметі прокурор лауазымының атқаратын міндеттерінің бір саласы. Мұндай қызмет прокурордың қылмыстық іс материалдарына сүйене отырып, заттай дәлелдемелер мен куә айғақтары арқылы айыптаушылық тұжырым айтып, соттан сотталушыға жазаның нақты бір түрін тағайындауды сұрауынан тұрады. Сотта мемлекет айыптауды қолдау үшін прокурор өз дәйектерін алдын ала орнықтыру сатысынан өтеді. Тергеу органдарынан келіп түскен қылмыстық істің заңдылығын қадағалау барысында прокурор заңсыз қозғалған істі қысқартады не қайта саралайды немесе нұсқау беріп тергеушіге қайта жібереді. Ал заң талабына толық жауап беретін іс болса немесе заңсыздықтар жойылып, қайта түскеннен кейін прокурор істі сотқа өткізеді. Мемлекет айыптауды қолдау да қылмыс жасаған адамның қудалануын талап еткен заңның орындалуын қадағалаудан туындайды.

Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейі, 1992 жылы құрылған. Қазақстандық қолөнер шеберлерінің туындыларын және көне замандардан жеткен зергерлік бұйымдарды жинап, сақтап және зерттеп, насихаттауды көздейді. Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейін құрудағы мақсат: республика көлеміндегі көптеген музейлерде сақталған, археологиялық қазбалардан табылған әр ғасыр қолөнер шеберлерінің бұйымдарын бір жерге шоғырландыру; тәуелсіздікке дейін жақын және алыс шетелдерге шығарылған тарихи-мәдени құндылығы зор асыл заттарды Қазақстанға қайтарып, жинақтауға ықпал ету.

Зергерлік өнер туындыларын осылайша бір музейге шоғырландыру ерте замандардан бері сабақтастығын үзбей келе жатқан өнердің көркемдік, технологиялық әдіс-тәсілдерін, композиция стилдерін салыстырмалы түрде, әр қырынан зерттеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейі 2000 жылы Астана қаласына көшірілді.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. 1,0 1,1 1,2 1,3 1,4 1,5 1,6 1,7 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
  2. ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
  3. ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  4. ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы