БИЛІК — САЯСИ ФЕНОМЕН


Жоспар:

1. Саяси билік түсінігі, ғылыми анықтамалары және белгілері.
2. Саяси биліктің қайнар көздері, рессурстары және ерекшеліктері мен қасиеттері
3. Саяси биліктің легитимділігі және билік бөліну прнциптері

Қоғамдағы саяси саланың қызметі билікпен байланысты. Билік саясаттың ең өзекті мәселелерінің бірі және саяси ғылымның негізгі зерттеу пәні болып есептеледі.

Билік әрқашанда жалпыға бірдей үміттену, дәмелену объектісі болған. Ол адамзат пайда болғаннан бері бар дүние. Оның қажеттілігі туралы ертедегі грек ойшылдары айта бастаған. Биліктің қажеттілігі:

1) Адамдардың әр кезде, барлық жағдайда өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін.

2) Қоғамдық қатынастардың негізі болып келетін қоғамдық ережелерді бекіту үшін.

3) Қоғамдағы шаруашылық қызметін атқару үшін қажет.

Билік ұғымы саяси ғылыми әдебиеттерде әр түрлі жағынан түсіндіріледі. Билік туралы түсінік күнделікті өмірде ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады. Мысалы, философтар ол туралы қоғамдық биліктің объективті заңдылығы. Социологтар әлеуметтік билік, экономистер шаруашылық билік, саясаттанушылар саяси билік, жаратылыстанушылар табиғатқа деген билік, психологтар адамның өзіне деген билік, ата-аналар отбасы билігі туралы айтады.

Сонымен қатар құқық атқарушы және заң биліктері туралы түсініктер да бар.

Қазіргі саяси ғылым әдебиеттерде биліктің 5 анықтамасы кездеседі:

1. Бихевиористік анықтама бойынша билік бір адамның басқа адамның мінез-құлқына әсер етуші мүмкіндігіне негізделген ерекше мінез-құлық деп түсіндіріледі.

2. Телеологиялық анықтамада — билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жетудің амалы дегенді білдіреді.

3. Инструменталистік анықтама бойынша — билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады. Мысалы: зорлық, күштеу, т.б.

4. Структуралистік анықтамада — билік басқарушылар мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.

5. Конфликттік анықтама бойынша қоғамдағы игіліктерді даулы жағдайларды бөлісу, үйлестіру, құрастыру амалдары ретінде түсіндіріледі.

Жалпы алғанда билік дегеніміз  қоғамдағы тап, әлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам т.б.субъектілердің тарапынан өзіндік ерік-жігерді іске асырудағы қабілеттіліктермен пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсінуге болады.

Қазіргі саяси ғылыми әдебиеттерде кеңінен белгілі Саймон деген американ саясаттанушының билік туралы пікірі таралған. Ол билікті былай деп түсінген «егер «В-ның» мінез- құлқын «А» өз талаптарына бағындыра білсе, онда «В-ның» үстінен «А» билік жүргізеді».

Сонымен, билік барлық ғылыми анықтамаларда адамдардың өз ерік жігерін әр түрлі (бедел, заң, күштеу) әр түрлі құралдары арқылы іске асыру тәсілі мен мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі.

Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуына төмендегі бөлшектердің болуы шарт:  1. Кем дегенде билік қатынасының жеке адамда немесе топтан тұратын екі өкілі болуы керек.  2. Билікті жүзеге асыру үшін оған бағынбаған жағдайда жазалау шараларын қолданатындығы жөніндегі басқарушының бұйрығы болуы тиіс. 3. Билікті жүзеге асырушыға билігі жүретін адамдардың бағынуы керек. 4. Бұйрықты берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуы тиіс. Ол бұл бұйрықтың кімге қатынасты болса, биліктің жүргізушіге бағынуға міндеттілігін айқындауға тиіс.

Сонымен, саяси билік деп қоғамдағы адамдардың, не сол адамдардан құрылатын әр түрлі әлеуметтік және институционалдық субъектілердің іс-әрекетінің бағытына, сипатына және мінез-құлқына экономикалық, идеологиялық т.б.  механизмдер арқылы ықпал ету, қабілет пен мұмкіндік.

Биліктің мәні оның көріністері арқылы белгіленеді — ол: басшылық, үстемдік, бағындыру, бақылау, ұйымдастыру, қадағалау. Осы тұрғыдан алғанда билік-әлеуметтік түрлерді іске асыру құралы да болалады.

Биліктің белгілері:

1) Қоғамдық өмірді реттеушілік монополиялығы;

2) Қоғамға және жеке адамға мәжбүрлеу етудің мүмкіндігі;

3) Үстемдік ықпалының басымдылығы;

4) Билік басқарушылық аппаратының болуы.

Билік күрделі қоғамдық құбылыс. Оның құрылымдық бөлшектері мыналар болып табылады:

1) үстемдік мүдде,

2) осы мүддені танытатын ерік,

3) мүддені іске асыруды қамтамасыз ететін құралдар. Оның өзінің қайнар көздері мен жүзеге асу құралдары бар.

Билік мынандай қайнар көздерге негізделеді — күш, байлық, статус, ұйым, білім мен ақпарат.

Саяси биліктің қоғамда жүзеге асуында әр түрлі құралдарды қамтамасыз етіп, пайдаланады. Ғылыми әдебиеттерде олар биліктің ресурстары деп аталады. Биліктің ресурстарын жалпы мынандай түрлерге бөлуге болады:

— экономикалық (материалдық қажеттіліктер)

— әлеуметтік (статусты өзгертуге арналған құралдар)

— күш ресурстары (әскер, қару жарақ, полиция)

— ақпараттық (білім және ақпараттық құралдар)

— демографиалық (адам- ең негізгі әләуметтік құрал).

Осы рессурстардың ішінде қазіргі уақытта Э.Тоффлердің пікірінше білім мен ақпараттық құралдар билік ресурстарының әлемде ерекше маңызға ие бола бастады.

Саяси биліктің өз ерекшеліктері бар. Біріншіден — ол адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам экономикасындағы рөлі басым болады да, қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады.

Екіншіден — қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет арқылы, қоғамдық-саяси ұйымдар мен саяси көсемдер арқылы жүргізіледі. Үшіншіден — саяси биліктің арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше кәсіби топтардың болуы.

Саяси биліктің қасиеттерінің бірі — оның ең жоғарғы, басты айқындаушы, шешуші күш ретіндегі ықпалы. Екінші қасиет- биліктің иерархиялық сипат алуы. Келесі қасиет- үстемдікті шоғырландыруға және монополизациялауға ұмтылу.

Саяси билік қоғамда көбінесе мемлекеттік билік арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік билік саяси биліктің бір түрі. Оның ерекшеліктері:

1) Ол белгілі бір территориясында ерекше аппарат арқылы жүргізілетін билік.

2) Мемлекеттік билік өзінің күштеу аппаратына сүйенеді.

3) Мемлекеттік билік монополиялық сипат алады.

Қазіргі демократиялық дамыған елдерде саяси биликтің тұрақтылығы оның легитимділігіне байланысты. Биликтің легитимділігі деп оның заңдылығын айтады. Бірақ оның тек қана заңға сәйкестілігі емес, сонымен қатар билікті қоғамдағы  мүшелердің оны өз еркімен қабылдауы заңы. Ондай кезде  қоғамдағы халық берілген билікке өз сенімін білдіреді және өз еркімен оны қабылдайды.

Легитимді биліктің идеалды түрлерін М.Вебер талдаған. Ол легитимді биліктің мынадай 3 түрін ажыратқан: дәстүрлі, харизматикалық, легальды – рационалдық.

Билік бөлу идеясы ең алғашқы рет жаңа дәуірдің кезеңінде ең әйгілі ойшылдар ұсынылған. Бұл идеяны қалыптастырушы 17ғ. ағылшын ойшылы Джон Локк және әрі қарай толық дамытқан 18ғ. француз ойшылы Ш-Л. Монтескье болып табылады. Ол саяси биліктің бөлінуін мемлекеттегі биліктің бір қолда болмауымен және оның үш тармағына бөлінуімен түсіндірген: Заң, Атқарушы, Сот билігі.

Себебі билік бір ғана қолда болса, шектелмесе, өзі заң шығарса, жүзеге асырса және оның жүзеге асуын қадағаласа, онда ондай билік тиранияға айналады, ауысады. Сондықтан қоғамдағы билік жүргізу жағдайында билік тек қана бір органның қолында болуы мүмкін емес және де халық билікті өзі жүргізе алмайды.

Билік жүргізу белгілі бір адамға, топқа, ұжымға, органға беріледі. 18ғ. көрнекті француз ойшылы Жан Жак Руссо халық суверинитеті идеясын көтеріп, биліктің тұрлерін ажыратқан. Ол — үш билік сол бір тұтас халық билігінің көрінісін табу тиісті деп тұжырымдады. Заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесіне бөліну қазіргі уақытта демократияның дамуы болып табылады. Үш билік үкіметтің біреуінің басым болып кетпеуіне кепілдік бере алады. Бірақ биліктің бөлуін бір-біріне мүлдем тәуелсіз автоном органдардың қолына бөлініп беріледі деп түсінбеу қажет.

Бір қоғамда әрине биліктің тұтастығы және тұрақтылығы қаже


Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы
Яндекс.Метрика