Көлік қозғалысы теориясының негізгі элементтері


Скачать/Жүктеу

1. Көлденең белгі

Көлденең белгі (сызықтар, бағыттаушы сызықтары, көлік жүретін бөлікте жазулар және басқа белгілеулер) қозғалыстың белгілі режимдері мен тәртібін белгілейді.

Көлденең белгілердіңтүсі, 1.4,1.10 және 1.17 сары түсті сызықтардан басқасы, ақ болады. Көлденеңбелгі:

1.1 — қарама-қарсы бағыттағы көліктердің легін бөліп тұрады және жолдардағы қауіпті жерлердегі қозғалысжолағының шекарасын белгілейді; кіругетыйым салынған көлікжүретін бөліктің шекарасын белгілейді; көлік құралдары тұрақ орындарының шекарасын және ав-тоарнаға жатқызылмаған жолдардың көлікжүретін бөлігінің шетін білдіреді;

1.2 (жалпақ тұтас сызық) — автоарналардағы көлік жүретін бөліктің шетін білдіреді;

1.3 — төрт және одан да көп қозғалыс жол жолағы бар жолдардағы қарама-қарсы бағыттардағы көліклегін бөледі;

1.4 — аялдама жасауға тыйым салынған орындарды білдіреді. Дербес немесе 3.27 белгісімен қоса қолданылады және көлікжүрісі бөлігінің шетінен немесе бордюрдіңжоғары жағынан қойылады;

1.5—екі немесе үш жолағы бар жолдарда қарама-қарсы бағыттардағы көлік легін бөліп тұрады; бір бағытта қозғалуға арналған екі немесе одан көп қозғалыс жолағы болған кезде шекараны білдіреді;

1.6 (жақындау сызығы — сызықтарының ұзындықтары олардың арасындағы бос жер-лерден 3 есе ұзын болатын үзік сызықтар) — қарама-қарсы немесе ілеспе бағыттағы көлік легінбөлетін 1.1 немесе 1.11 таңбасына жақындағанын ескертеді;

1.7 (арасындағы босжерлері олармен тең болатын қысқа сызықты үзік сызықтар) — жол қиылысы шегіндегі қозғалысжол жолағыныңшекарасын білдіреді;

1.8 (жалпақүзіксызықтар) — қозғалу немесе тоқтау жол жолағы мен жүрісбөлігінің негізгі жолағы арасындағы шекараны білдіреді (түрлі деңгейдегі жолдардың қиылысын-дағы, өтпелеріндегі, автобустар аялдамалары және сол сияқты аймақтағы);

1.9 — реверсивті реттеу жүзеге асырылатын қозғалыс жол жолағы шекараларын білдіреді; реверсивті реттеу жүзеге асырылатын жолдарда қарама-қарсы бағыттағы көлік легін бөліп тұрады (реверсивті бағдаршам жұмыс істеп тұрғанда);

1.10—тұруғатыйым салынған жерлерді білдіреді. Дербес немесе 3.28-3.30. белгілерімен қоса қолданылады және көлік жүрісі бөлігінің шетінен немесе бордюрдің жоғары жағынан қойылады;

1.11 — жолдардың бір жолақтан ғана орын ауыстыруға рұқсат етілген учаскелерінде қарама-қарсы немесе ілеспе бағыттағы көлік легін бөледі; бір бағыттағы қозғалысқа рұқсат етілген тұру алаңынан және тағы сондай жерлерде бұрылуға, кіруге және шығуға арналған жерлерді көрсетеді;

1.12 (тоқтау-сызығы) — жүргізуші 2.5. белгісі немесе бағдаршамның (реттеушінің) тый-ым салатын сигналы кезінде аялдауға тиісті орынды көрсетеді;

1.13 — жүргізу ші қажет болған жағдайда қиылысатын жолдың бойымен қозғалыстағы көлік құралдарына жол бере отырып тоқтайтын орынды көрсетеді;

1.14.1, 1.14.2 («зебра» (ала)) — жаяу жүргіншілерге арналған реттелмейтін өтпені білдіреді; 1.14.2 таңбалауының бағыттаушылары жаяу жүргінші қозғалысының бағытын көрсетеді;

1.14.3 — қозғалыс бағдаршаммен реттелетін жаяу жүргіншілер жолын білдіреді;

1.15 — велосипед жолы көлікжүретін бөлікті кесіп өтетін жерді білдіреді; 1.16.1-1.16.3 — мына орындарға бағыттайтын жерлерді білдіреді: 1.16.1 — қарама-қарсы бағыттағы көлік легін бөлу; 1.16.2 — бір бағыттағы көлік легін бөлу, 1.16.3 — көлік легінің араласу ы;

1.17 — маршруттық көлік құралдарының аялдамасын және такси тұрағын білдіреді;

1.18 — жол қиылысында жолақтар бойынша рұқсат етілген қозғалыс бағытын көрсетеді. Дербес немесе 5.8.1,5.8.2 белгілерімен қоса қолданылады; тұйықтықты кескіндеген таңба-лау жақын маңдағы жүріс бөлігінде бұрылуға тыйым салынатындығын көрсетеді; сол жақ-тағы шеткі жолақтан солға бұрылуға рұқсат ететін таңба кері бұрылуға да рұқсат етеді;

1.19 — жүріс бөлігінің тарылу ы (осы бағыттағы қозғалыс жолақтарының саны азайған учаскедегі) немесе қарама-қарсы бағыттағы келік легін бөліп тұратын 1.1 немесе 1.11 таңбалы сызықтарға жақындағаны туралы ескертеді. Бірінші жағдайда 1.19. таңбалауы 1.18.1-1.18.3 белгілерімен қоса қолданылуы мүмкін;

1.20 —1.13 таңбасына жақындағаны туралы ескертеді;

1.21 — «СТОП («ТОҚТА») жазуы) — 2.5 белгісімен қоса қолданылатын кездегі-1.12 таңбасына жақындағаны туралы ескертеді;

1.22 — жолдың (маршруттың) нөмірін көрсетеді;

1.23 — маршруттық көлік құралдарына арналған арнаулы жол жолағын көрсетеді. 1.1-1.3 сызықтарын кесіп өтуге тыйым салынады.

Келік құралын жол жағалауында тоқтату ушін 1.1 және 1.2 сызықтарын кесіп өтуге болады, ал 1.1 сызығы — ерекшелік ретінде кедергіні, егер бұл ерекшелікке соқпай орын-дау мүмкін болмаған жағдайда, айналып өткенде.

1.4 сызығы маршруттық көлік құралдарына қолданылмайды.

1.5-1.8 сызығын кез келген жағынан кесіп өтуге рұқсат етіледі. 1.9 сызығын реверсивті бағдаршамдар жоқболғанда немесе ажыратулы жағдайда, егер ол жүргізушінің оңжағын-да орналасқан болса; реверсивті бағдаршамдар қосулы болғанда — егер ол қозғалысқа бір бағытқа рұқсат етілген жолақтарды бөліп тұратын болса — кез келген жағынан кесіп өтуге рұқсат етіледі реверсивті бағдаршамдар ажыратулы болғанда жүргізуші кідірместен 1.9 таңбалы сызықтан оңға орын ауыстыруы керек.

Қарама-қарсы бағыттағы көлік легін бөліп тұрған 1.9 сызығын реверсивті бағдаршам-дар қосулы болғанда кебіп өтуге тыйым салынады.

1.10 сызығының күші I және II топтағы мүгедектер басқаратын көлік құралдарына немесе осындай мүгедектерді таситын таксилерге және таксометрі іске қосулы такси-лерге қолданылмайды.

1.11 сызығын үзік сызықты жағынан, ал сондай-ақ басып озу немесе айналып өту аяқталғаннан кейін ғана тұтас жағынан кесіп өтуге рұқсат етіледі.

алып жүретін тақтада орналасқан жол белгілері мен таңба сызықтары бір-біріне қай-шы келетін болса, жүргізуші белгіні басшылыққа алуы тиіс.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы