Үлгi-өнерге, тәлiм-тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдер


Скачать/Жүктеу

Балапан ұяда не көрсе,

ұшқанда соны алады.

Келiнiм, саған айтам,

Қызым, сен тыңда.

Қызымның құлағына алтын сырға.

Ұлық болсаң кiшiк бол.

Тауындағы түлкiнi

Табындағы тазы алады.

Тауда туған құлынның,

Екi көзi таста болар;

Ашаршылықта туған баланың,

Екi көзi аста болар.

Бiр елi ауызға, екi елi қақпақ.

Ғалым алдында аузыңды тый.

Дария жанынан құдық қазба.

Қайтып кiрер есiктi, қатты жаппа.

Су iшкен құдығыңа түкiрме.

Өтiрiкшi алдымен өзiн алдар.

Тек жүрсең, тоқ жүрерсiң.

Алдыңғы арба қайда жүрсе,

Соңғы арба сонан жүрер.

Тең теңiмен, тезек қабымен.

Ел алғысын алсаң,

Елеулiсi боларсың.

Қарағайға қарап тал өсер,

Қатарына қарап бала өсер.

ұлың өссе,

ұлықтымен ауыл бол.

Қызың өссе,

Қылықтымен ауыл бол.

Ауру қалса да, әдет қалмайды.

Әдет – әдет емес, жөн – әдет.

Бала бол.

Қызың өссе,

Қылықтымен ауыл бол.

Ауру қалса да, әдет қалмайды.

Әдет – әдет емес, жөн – әдет.

Балаға байқап сөйлессең,

Ақылына көнер.

Байқамай көп сөйлеген,

Көп iшiнде өлер.

Андамай сөйлеген –

Ауырмай өлер.

Өлiмнен ұят күштi.

Тасты бассаң кетiлер.

Сазды бассаң жетiлер.

Орман аралаған үйшi болар,

Ел аралаған сыншы болар.

«Сiз» деген әдеп,

«Бiз» деген көмек.

Желмен жарыспа,

Көлеңкендi кума.

Баланы жастан,

Әйелдi бастан.

Сумен ойнама, батарсың.

Отпен ойнама, жанарсың.

Ойнақтаған бота от босар.

Ойын түбiнен от шығар.

Әзiлiң жарасса, атаңмен ойна.

Асырауын тапса, адам болар,

Оқуын тапса, бiлiм қонар.

Еркенiң көзi кеппес,

Жорғаның терi кеппес.

Алдияр, алдияр десең дандияр.

Есiктен орын тапсаң, төрге озба.

ұялмаған бұйырмаған астан iшер.

Өз етiгiң тар болса,

Дүниенiң кеңдiгiнен не пайда.

Бар барын жейдi,

ұятсыз арын жейдi.

ұялған сыбағасынан құр қалар.

Азат болсың болсын құл,

Қолдан келмес iске ұмтыл.

Әлiн бiлмеген әлек.

Мыңның түсiн тынығанша,

Бiрдiң атын бiл.

Балапан басымен.

Тұрымтай тұсымен.

Атпаз көрген ат таныр,

Ұстаз көрген хат таныр.

Өзiн өзi мақтаған,

Өлiммен тең.

Көре тґра айтпасаң,

Көргенсiз дер;

Бiле тұра айтпасаң,

Жетесiз дер.

Қолың көтермейтiн шоқпарды,

Белiңе байлама.

Ұялған тек тұрмас.

Сұрай-сұрай Меккенi де табады.

Үреп сойған сойғылыққа жақсы,

Айтып қойған соңғылыққа жақсы.

Ұлға отыз үйден тыю,

Қызға қырық үйден тыю.

Жасыңда қалжың болсаң;

Өскенде мылжың боларсың.

Қызды асырай алмаған,

Күң етедi,

Ұлды асырай алмаған,

Құл етедi.

Көрпене қарай, аяғыңды көсiл.

Асық ойнаған азар,

Доп ойнаған тозар,

Бәрiнен де қой бағып,

Көтен жеген озар.

Алмақтың да салмағы бар.

Жығылсаң нардан жығыл.

Бiр жол бар жақын,

Жақын да болса алыс.

Бiр жол бар алыс,

Алыс болса да жақын.

Жылы-жылы сөйлесең,

Жылан iннен шығады.

Бәлелi жердi баспа,

Басыңа түссе саспа.

Қарап жатқан жыланның,

Құйрығын неге басасың,

Шағайын деп шапшыса,

Шошып неге қашасын.

Ашу – дұшпан, ақыл – дос,

Ақылыңа ақыл қос.

Тар жерде табысқан,

Кең жерде көрiседi.

Мешкей деген жақсы атақ емес.

Пысық болам деп, пұшық болма.

Жолдас болсаң қуға,

Басыңды салар дуға.

Қашпақ болсаң зымыра.

Талап – талмас қанат.

Талаптың – жолы тастан да ауыр.

Есiк көргендi алма,

Бесiк көргендi ал.

Iздеген мұрадына жетедi.

Көңiлi сұлудың — өңi сұлу.

Адамдыјтың белгiсi –

Иiлiп сәлем бергенi,

Шын достықтың белгiсi –

Көп кешiкпей келгенi.

Жаман iске көп ақыл керек,

Жас адамға үлгi көп керек.

Ақымақтың ала-құласы болмайды.

Опаға барған ағарар,

Жосаға барған қызарар.

Еркенiң көзi жасты,

Етегiн бұзау басты.

Қарыстан сүйем жуық.

Қадiрiңдi бiлмеске,

Қадамынды көтерме.

Баланың тентек болмағы үйiнен,

Жiгiттiң тентек болмағы биiнен.

Жау төнгенде, батыр бол,

Дау төнгенде, ақыл бол.

Жарылғанды жау алады,

Бөлiнгендi бөрi алады.

Байы өлген қатын келiншек болады,

Кедей болатын жiгiт ерiншек болады.

Кеменгер кенес таппай қоймас,

Керi кеткен кейiншектеп болмас.

Асқанға аспан да аласа.

Есер баладан, ерке бала жаман.

Қарғайын десем жалғызым,

Қарғамайын десем жалмауызым.

Үмiт өлмейдi.

Мың асуға бiр тосу.

Әркiм өзiмнiң шыққан тауым

биiк болсын дейдi.

Көрмес, түйенi де көрмес.

Көзi соқырдан, көңiлi соқыр жаман.

Көзi соқырдан қорықпа,

Көңiлi соқырдан қорық.

Көп тыңда, аз сөйле.

Ақыл ауыздан, мерей көзден.

Көргендi көнеден сұра,

Көне бiлмесе, көп көргеннен сұра.

Әркiм сүйгенiнiң құлы.

Аманат, аманатқа қылма қиянат.

Мал сақтама, ар сақта.

Сыпайының алдында сүйек жатсын.

«Сiз» деген сыпайлық,

«Бiз» деген анайылық.

Әдепсiз аяқ боқ басады.

Өзi бiлмегеннiң аузына қарама.

Айтылғанның айыбы жоқ,

Өзi бiлiп жапқан соң.

Жығылып жатып,

Сүрiнгенге күлме.

Алтын тапсан санап ал.

Өзiнiң боғын көрмей,

Бiреудiң шоғын көредi.

Еңкейгенге еңкей,

Атаңның қара құлы емес.

Шалқайғанға шалқай,

Пайғамбардың ұлы емес.

Кiшiпейiлдiлiктен кiшiрмессiң.

Сыйға – сый, сыраға – бал.

Буынсыз жерге пышақ ұрма.

ұялмаған ұялтады.

Бiлмеген жердiң ой-шұңқыры көп.

Көрiнген жердiң алыстығы жоқ.

Бермегендi, берiп ұялт.

Тас пен ұрғанды, ас пен ұр.

Кәрiге құрмет, жасқа жол.

Шапшаң жүрсең шаң жұқпас.

Қолыңмен iстегендi, мойыңмен көтер.

Алдыңа келсе, атаңның құнын кешiр.

Көңiлсiзден күлкi шықпас.

Iздеген мықан ағашын да табады.

Асықпаған артта қалады.

Алыстан арбалағанша,

Жақыннан дорбала.

Қасықтап жинағанды

Шөмiштен төкпе.

Сүтпен бiрге бiткен мiнез,

Сүйекпен кетедi.

Үндемеген үйдей пәледен құтылады.

Iздеген мұратына жетер,

Жалқаудың өмiрi босқа өтер.

Ұлың өссе,

Ұлы үлгiлiлермен ауылдас бол,

Қызың өссе,

Қызы үлгiлiлермен ауылдас бол.

Тiгiлмеген етiгiңде мақтама.

Берген жомарт емес,

Алған жомарт.

Сүйгенiн шұнағым дейдi.

Кеделiк кемдiк емес.

Бетегеден биiк,

Жусаннан аласа.

Жат үйiнде жатық бол.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы