Қылмыс құрамы


Скачать/Жүктеу

ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
І ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ 4
1.1. Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері 4
1.2. Қылмыс құрамының түрлерінің мазмұны 5
ІІ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 7
2.1. Қылмыс объектінің ұғымы және түрлері 7
2.2. Қылмыс объективтік жағының түсінігі мен белгілері 9
ҚОРЫТЫНДЫ 12
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 13

Кіріспе

Қылмыс дегеніміз жаза мен қауіп төндіру арқылы тиым салынған қоғамға қатерлі жасалған әрекет не әрекетсіздік. Бұл қылмыс анықтамасы көптеген Европа елдерінде формальды түрде қолданылады. Ал отанымызда қылмыстық құқық материалды – формальды анықтамаға ие, яғни формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсы екендігіне баса назар аударылса, ал материалды – формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсылығымен бірге оның қоғамға қауіптілігіне көңіл бөлінеді. Жоғарыда айтылған сөздерден байқайтынымыз – қылмыстың өзіне тән міндетті бірнеше белгілерінің бар екендігі. Оларға тоқталып кететін болсақ, қылмыс анықтамасының мәні ашылады. Сонымен қылмыстың өзіне тән төрт белгісі бар: 1. қоғамға қатерлі әрекет; 2. құқыққа қайшылық, яғни қылмыстық заңмен тиым салынған әрекеттер; 3. кінәлілік; 4. қылмыстық жазалылық.

Қоғамдық қатер дегеніміз – қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға шынайы түрде зиян келтіретін не сол зияндарды жоюға кедергі келтіретін әрекет не әрекетсіздік. Жасалған әрекет не әрекетсіздікке жаза тағайындау үшін, оның қоғамға қатері ақиқат екеніне тура көз жеткізуіміз керек.

Қоғамдық қатері бар әрекетті тек қана қылмыс деп тану қате көзқарас. Сонымен бірге ол әкімшілік құқық бұзушылық болу да әбден мүмкін. Бұнда да тұлғаға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігінің мөлшері анағұрлым төмен болады. Егер әрекет салдарынан тұлғаға, қоғамға ауыр не орташа ауыртпалықтағы залалдар келтірілмесе, ол әрекетке әкімшілік тәртіпте жауапкершілік жүктеледі. Мысалы, жол қозғалыс ережелерін бұзу салдарынан адам денсаулығына жеңіл түрдегі зиян келтірілсе.

Қылмыстың екінші бір міндетті белгісі болып қылмыстық құқыққы қайшылық табылады. Қайшылық – жоғарыда айтылғандай қылмыстың формальды белгісі. Қылмыс туралы тек тиым қылмыстық заңмен бекітілген жағдайларда ғана сөз болуы керек. Басқа құқық салаларына қайшы келген жағдайлар оларды қылмыс деп тануға негіз бола алмайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы территориясында шетел валютасымен шартқа отыруға «валюталық реттеу заңымен» тиым салынған, бірақ қылмыстық құқықта бұндай жағдайлар қарастырылмағандықтан, бұл әрекеттер қылмыс деп санамайды. Сонымен қылмыс туралы қылмыстық заңда көрсетілмесе, өылмыс жоқ деп саналады.

Жоғарыда айтылған қылмыстық құқыққа қарсылық белгісімен өте тығыз байланысты екі белгі – кінәлілік және жазалылық.

Қылмыстық кодекстің 19-бап 2-тармақшасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік кінәсіз келтірілген зияндар үшін жүктелмейді.

Кінәлілік құқыққа қайшылықтың міндетті шарттарының бірі болғандықтан, субъектінің әрекетінде кінәнің жоқтығы оның әрекетін және қылмыстық құқыққа қайшылық белгісін де жоққа шығарады.

Жазалылық – бұл атынан-ақ айтылып тұрғандай әрбір заңға қайшы, қоғамға, қауіпті әрекет не әрекетсіздіктер заңмен міндетті түрде жазалануы тиіс. Кейбір жағдайларда қоғамға қауіпті, заңмен тиым салынған әрекетті жасаушы кінәлі тұлға жазаға тартылмауы да мүмкін, яғни қылмыстық жауапкершілікке тартуға ескіру мерзімі өтіп кетсе, амнистия, рақымшылық және т.б. жағдайлармен, бәрақ бұдан жасалған әрекет не әрекетсіздік қылмыс болып қоса береді.

Міне біз қылмыс белгілерімен танысып өттік. Енді осы қылмыстың құрамына, квалификациялануына негізгі бөлімде қарастырып шығамыз.

 

І Қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы  

1.1. Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері

Қылмыс түсінігінің жалпы анықтамасы – заңдық абстракция, шын әрекетте орын таппаған. Бұл түсінікте барлық қылмысқа тән белгілер мазмұндалады.

Дегенмен қылмыс жасауға мүлдем болмайды, жасаған күннің өзінде қылмыстық тәртіппен нақты қылмыстар жазаланады (кісі өлтіру, ұрлық, тонау және с.с.). Бұл көрсетілген қылмыстар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлім баптарында орын алған.

Қылмыстық Кодекстің 3-бабында жазылғандай «қылмыстық жауапкершіліктің негізгі болып қылмыстың жасалуы, яғни қылмыстық заңмен көзделген қылмыс құрамының барлық белгісі болуы керек» — делінген.

Қылмыс өздігінен танылмайды, ол қылмыс құрамы белгілерінің сәйкес келуімен ғана қылмыс болады. Заң шығарушы қылмыстық–құқықтық нормада қылмыс құрамының анықтамасын былай бекіткен.

Қылмыс ретінде нақты қауіпті әрекетті сипаттаушы қылмыстық заңмен бекітілген объективті және субъективті белгілердің жиынтығын қылмыстық құқықта қылмыс құрамы деп аталады.

Қылмыс пен қылмыс құрамы деп ұқсас, бірақ бірдей түсініктер емес[1]. Қылмыс бұл объективті шындықта нақты тұлғамен жасалған әрекет не әрекетсіздік.

Ал қылмыс құрамы бұл белгілі бір қылмыстық әрекеттің белгілерін бекітуші нормативтік категория. Егер қылмыс, яғни оның жасалуы қылмыстық жауапкершіліктің фактілік негізгі болса, ол қылмыс құрамы оның заңдық негізі. Бұл екі негіз бір-бірімен тығыз байланысты және бүтін бір бірлікті құрайды: заңдық бекітілген қылмыс құрамынсыз қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс болып табылмайды, қылмыс құрамынсыз қылмыстық жауапкершілік жүзеге аспайды. Сонымен қатар тек қылмыс құрамының негізінде ғана қылмыстың сапалық дәрежесін анықтау процесі іске асады. Қылмыс құрамынан басқа жағдайлар қылмыстық жауаптылық негізгі бола алмайды. Ал негізсіз қылмыстық жауаптылық туралы сөз болуы мүмкін емес. Ал егер қылмыстық қудалау басталған күннің өзінде, қылмыс құрамының жоқ екені анықталған сәтте, ол іс қысқартылып тасталады.

Заңдық әдебиеттерде дұрыс көрсетілген, яғни жасалған әрекет қылмыс құрамының барлық белгісінен тұратын болса, бұл қылмыстық жауаптыққа жеткілікті негіз болып табылады. Басқа барлық жағдайлар жүргізілген іске қатысы бар болса, сот жаза тағайындағанда есепке алынады. Бұдан түсінетініміз қылмыс құрамынсыз қылмыстық жауапкершілік іске аспайды. Сонымен қатар қылмыс құрамы басқа да маңызды, аса қажетті міндеттерді атқарады. Тек қылмыс құрамы негізінде қылмысты саралау процесі жүзеге асады, яғни қылмыс құрамы құқық қолданушыға жасалған қылмыстың мазмұнын толық және нақты белгілеп көрсететін ең қажетті қылмыстық – құқықтық үлгі[2].

Қылмысты квалификациялау – қылмыстық құқықта өте күрделі және маңызы зор мәселенің бірі. Бұл қылмысты квалификациялау процесі теория жүзінде ғана емес, практика жүзінде де маңызы зор. Қылмыстық заңның тиімді пайдалануы және осы заңға тәуелді адамның тағдыры – қылмыстық дұрыс квалификациялануына байланысты шешіледі. «Квалификация» термині латынның екі сөзінен құралған «gualis» — сапа және «facere» — істеу, яғни сапалы істеу дегеннен шыққан. Қылмыстық құқық тілінен айтқанда – қоғамға қауіпті әрекетке сапалы баға қою дегенді білдіреді. Басқа сөзбен қылмысты квалификациялау – қылмыстық – құқықтық нормада қарастырылған нақты фактілік белгілерге сәйкес қылмыс құрамын әрекеттердің заңды түрде бағасын бекіту.

Қылмысты дұрыс квалификациялау – бұл қоғамға қауіпті әрекет қылмыс құрамының барлық белгілеріне ие болған жағдайда ғана болуы мүмкін. Қылмысты квалификациялау кезінде Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің берілген әрекетке сәйкес қылмыс құрамы бар баптар не баптың бөлімдері нақты көрсетілуі керек, ол аяқталмаған қылмыста, сыбайластықта,[3] Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінің сәйкес баптарына сілтеме жасалады. Қылмысты квалификациялау нәтижесі іс жүргізу құжаттарында сипатталады (қылмыстық істі қорғау туралы қаулылар, айыпкер ретінде жазаға тарту туралы қаулылар, үкімді және т.с.с.).

Қылмысты квалификациялаудың мәні – оның қылмыс құрамының барлық белгілері бар қоғамға қауіпті жасалған әрекетті заңды түрде есепке алып, кінәлі тұлғаға әділ жазасын беру болып табылады.

Осы айтылған сөздерден қылмысты дұрыс квалификациялау қоғамға қауіпті әрекетке нақты әлеуметтік-құқықтық талдау жүргізуді қамтамасыз ететінін аңғарамыз.

Әрекетті дұрыс квалификациялау үшін және қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін істің фактілік жағдайларын, қылмыс құрамының барлық белгілерін жақсы білуіміз керек.

Сонымен, құқық қолданушы органдар қылмысты қаншалықты дұрыс квалификацияласа, қоғамдағы заңдылықтың жағдайы соншалықты әділетті болады.

1.2. Қылмыс құрамының түрлерінің мазмұны

Заңдық әдебиеттерде қылмыс құрамының жалпыға танылған, міндетті төрт элементі көрсетілген: объект, объективтік жоқ; субъект, субъективтік жоқ. Қылмыс құрамының элементтері бір-бірімен тығыз байланысты. Егер бұл элементтерінің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамынын жоқ болғаны, яғни қылмыстық жауапкершілікке негіз жоқ.

Қылмыс объектінің астарынан түсінетініміз – қылмыс арқылы зиян келтірілген заңмен қорғалатын игілік, әлеуметтік құндылық[4]. Бұндай игілік ретінде отандық қылмыстық құқық ғылым қылмыс заңымен қорғалатын қоғамдық қатынастарды таниды.

Адамның мінез – құқының сыртқы жағын сипаттаушы белгілердің жиынтығы қылмыстың объективтік жағын құрайды. Бұл белгілерге тұлғаның қоғамдық қауіпті әрекеті (активті мінез-құлық) не әрекетсіздік (пассивті  мінез-құлық). Мысалы: ұрлық – біреудің мүлкін жасырын ұрлау, қызметі бойынша әрекетсіздік. Кей жағдайларда қылмыс құрамының объективті жағына әрекет не әрекетсіздіктен басқа қылмыстық салдарды, себепті байланысты да жатқызады. Мысалы: ұрлықтың құрамы, осы әрекет арқылы меншік иесіне зиян келуі. Бұдан басқа объективті жоқ қылмысты жасау жағдайы, орны, уақыт, тәсілі, қаруы және құрал-жабдықтары жатады.

Қылмыс субъектісі болып қылмыс жасаған және қылмыстық заңмен қарастырылған белгілерге ие физикалық тұлға табылады белгілері: есі дұрыс, анықталған жасқа толу және кей жағдайларда арнайы белгілері болады (мамандығы, лауазымы және т.б.).

Қылмыстың субъективтік жағын адамның мінез-құлқының ішкі психикалық жағын сипаттаушы белгілер құрайды: кінә, себеп және қылмыс мақсаты.

Теорияда қылмыс құрамының белгілерін екіге бөледі: негізгі және арнайы.

Негізгі белгілері (міндеттеуші не жалпы) – бұл әрбір қылмыс құрамында болатын белгілер. Осы белгілердің білгілердің біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқ екенін білдіреді. Негізгі белгілерге жататындар: қылмыс объектісінде – қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар; қылмыс объективті жағында — әрекет не әрекетсіздік; қылмыс субъектісінде физикалық тұлға, есі дұрыстық, жасы, қылмыстың субъективті жағында – кінә.

Арнайы белгілер (факультативті, толықтырушы) – бұл белгілер заң шығарушының барлық елес тек қана қылмыс құрамының бір бөлігін негізгі белгілерге толықтыру ретінде пайдаланатын белгілері. Арнайы белгілері жататындар: қылмыстың объектісінде – оның құрылымы, мазмұны және қылмыстың объектісінде – оның құрылымы, мазмұны және қылмыс пәні, қылмыстық объективті жағында – салдар, себепті байланыс, қылмыс жасаудағы жағдай, уақыт, орын әдіс, қару және құрал-жабдық;

Қылмыс субъектісінде лауазымды не қызметтік жағдайы, соттылығы және т.б.; қылмыстың субъективті жағына ол – себеп мақсат.

Қылмыс құрамының негізгі және арнайы болып бөлінуі тек қана теориялық мәнге ие, ең бастысы қылмыстық–құқықты оқытқанда қолданылады. Практикада бұндай бөлу құқық қолданушының нақты қылмыс құрамымен жұмыс істейтіндіктен, оларға қылмыстық-құқықтық нормада көрсетілген белгілердің барлығы міндетті болғандықтан шартты сипатқа ие болады. Мысалы: ұрлықта біреудің мүлкін жасырын ұрлау әдісі міндетті белгі ретінде танылады.

Кейбір жағдайларда арнайы белгілер қылмысты квалификацияғанда есепке алынады. Егер арнайы белгі қылмыс құрамына кірмесе, онда ол қылмысты квалификациялауға әсер етпейді және жаза бекіткенде есепке алынады.

Қылмыс құрылымының жалпы түсінігі – қоғамға қауіпті әрекетінің қылмыс ретінде сипат алуы, оны қылмыс не қылмыс емес екенін тану немесе оны дұрыс квалификациялауға қажетті элементтер жиынтығы. Осы жоғарыда қараған жағдайларды практика жүзінде қолданғандақылмыс құрамын жіктеудің маңызды зор, яғни қылмыс құрамын анықталған түрлнрге бөлеміз. Қылмыс құрамын жіктеудің негізіне жататындар: әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі – заңдағы қылмыс құрамын сипаттау тәсіліне байланысты, қылмыстың объективтік жағының жіктелуіне байланысты.

  1. Әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне байланысты қылмыс құрамы: а) негізгі; б) квалификациялық (ауырлатушы); в) артықшылықты (жеңілдетуші) болып бөлінеді.

Негізгі қылмыс құрамы – бұл белгілі бір әрекеттің негізгі, тұрақты белгілерінің жиынтығынан тұратын құрам. Толықтырушы белгілерді, яғни жасаған әрекеттің қоғамдық қауіптігінің дәрежесін көтеруші, төмендетуші белгілерін қарастырмайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқының 96-бап 1-тармақшасында қарастырылған кісі өлтіру құрамы.

Егер қылмыс құрамында негізгі белгілерден басқа жауапкершілікті не жазаны ауырлатушы жағдайлар болса, онда ол қылмыс құрамының квалификациялық түріне жатады[5]. Бұндай квалификациялық белгілерге әр түрлі жағдайлар жатады: қылмыстың қайталануы, әдісі (ерекше қатігездік, зорлау және т.б.), соттылығы, ұйымдасқан топ болуы, қаскүнемдік пиғылы, мақсаты және тағы сол сияқтылар.

Квалификациялық қылмыс құрамы Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің баптарының әртүрлі тармақтарында мазмұндалады. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 96-бап ІІ-тармақшасындағы кісі өлтіру құрамы.

Егер қылмыс құрамында негізгі белгілерден басқа жеңілдетуші белгілер болса, онда ол артықшылықты қылмыс құрамына жатады. Бұл белгілі қылмыс құрамының ерекше бөлімінің бір бабының әр түрлі тармақтарында немесе жеке бапта болуы мүмкін. Мысалы, артықшылығы бар кісі өлтіру құрамдары бар баптар: жаңа туған баласын анасының өлтіру (96-бап);

аффект жағдайында кісі өлтіру (98-бап); қажетті қорғаныс шегінен шығып кісі өлтіру (99-бап); қылмыс жасаған тұлғаны ұстау кезіндегі шараларды шегінен тыс қолдану (100-бап).

Заңдағы қылмыс құрамын сипаттау тәсіліне байланысты жай немесе күрделі болып бөлінеді.

Жай қылмыс құрамы – бұл құрам элементтерінің қиындық жоқ құрал. Онда ерікті қылмыс құрмайтын бір ғана әрекетті, тарауды не сатыны сипаттайды, яғни құрам элементтерінің барлығы тек бір-біреуден тұрады.

Қандайда болсын құрам элементтерінің қиындығы бар болса, ол күрделі қылмыс құрамы. Мысалы, қарақшылық (яғни бұнда меншікке және меншік иесіне зиян келеді); зорлау (бірнеше әрекеттермен: психикалық не физикалық күш көрсету арқылы, не тұлғаның дәрменсіз халін қолданып жыныстық әрекет жасау); кінәнің екі түрімен (адамның дене мүшелерін трансплантация үшін не басқа жағдайларға пайдалануға мәжбүрлеп көндіру салдарымен абайсызда кісі өліміне әкеп соқса).

Күрделі қылмыс құрамының әр түрлілігі альтернативті қылмыс құрамы деп аталады, онда қылмыстық әрекеттің (әрекетсіздіктің) бәрнеше нұсқалары көзделеді, олардың әрқайсысы өз алдына қылмыстық жауапкершілікке негіз бола алады, мысалы, заңдылық кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау, заңсыз кәсіпкерлік, тұтынушыларды алдау.

Қылмыстың объективті жағының жіктелуі практикада маңызды орын алады. Сондықтан қылмыс құрамын объективтік жағына қарай үшке бөлеміз: материалды, формальды және келтелік.

Салдарлар қылмыстың аяқталуының қажетті белгісі шығатын құрал материалдық қылмыс құрамы деп аталады.

Егер жасаған әрекеттен салдарлар пайда болмаса, онда ол қылмыс деп танылмайды (мысалы абайсыз әрекеттер) не қол сұғушылық не қылмысқа дайындық деп сараланады (көздеген салдарлар туғызуға бағытталған қасақаналық әрекеттер).

Формальды қылмыс құрамы – бұл қылмыстық заңмен қарастырылған әрекеттіжасау қылмыс аяқталды деп санауға жетерлік құрам. Бұл жерде салдарлар қылмыстық міндетті белгісіне жетпейді. Мысалы, мемлекеттік сатқындық, зорлау. Егер қоғамға қауіпті салдар тұтас болса, олар формальды құрам не квалификациялау белгілерінің қызметін атқарып, жаза тағайындау кезінде есепке алынады. Мысалы, зорлау салдарынан жәбірленуші венералогиялық аурулар жұқтырса.

Заң шығарушы көп жағдайларда қылмысты аяқтау қылмыстық әрекеттің алдын ала сатысына, яғни дайындау не қастандыққа жатқызады. Бұндай қылмыстың аяқталуы үшін қылмыстық салдардың да, әрекетті соңына дейін жеткізудің де қажеті жоқ. Бұндай келтелік қылмыс құрамы деп аталады. Мысалы, қарақшылық, бандитизм.

 

ІІ қылмыс құрамының ерекшеліктері

2.1. Қылмыс объектінің ұғымы және түрлері

Объект құрамының міндетті элементтерінің бірі болып табылады. Сондықтан объектіміз заңмен қарастырылған қылмыс ретінде қоғамдық қауіпті әрекет белгілі бір объектіге қол сұғады. Қылмыстық қол сұғу кезінде осы объектіге мәнді зиян-залал келтіреді. Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және құқытық табиғатын, жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктің шегі мен үлгілерін түсінуге көмектеседі.

Қылмыстың объектісін белгілеу қылмыстың құрамының бір-бірімен ұқсастығын ажыратуға, қылмыстық әрекеттің қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қылмыс объектісінің белгісі бойынша заң шығарушы қылмыстық-құқықтық нормаларды жүйелендіреді және кодификацияландырады.

Көптеген теоретик ғалымдардың ойы бойынша қылмыс объектісі болып қоғамдық қатынастар шығады. Қоғамдық қатынастар – жалпы қатынастардың жан-жақты, күрделі түрлерінің бірі. Қатынастар әдістемеде «барлық құбылыстардың қатынасқа түсу кезеңі», — деп түсіндіріледі[6].

Қоғамдық қатынастардың ерекше сипаты, онда әлеуметтік жол ретінде адамның танылуы. Қоғамдық қатынастардың өзі сипаты бойынша да, құрылымы бойынша да өте күрделі құбылыс болып табылады. Бірақ қоғамдық қатынастардың басты элементтері болып: қоғам, мемлекет және олардың бекітулері, құрылулар және олардың өкілдері, адамдардың бірлестіктері мен ұжымдары, жеке бөлек тұлғалар, материалдық әлемнің пәндерімен әртүрлі үлгіде көрінетін қоғамдық қатынастардың арасындағы байланыстар табылады.

Барлық қоғамдық қатынастар ылмыстық заңмен қорғала бермейді. Тек қана заң шығарушының көзқарасымен қарағандағы ең құнды деген қоғамдық қатынастарға ғана қорғалады және олардың шеңбері әрқашанда қозғалыста болады. Бұл шеңбер бірқатар жағдайларға байланысты өзгереді (ерекше тарихи шарттар, нақты жағдайлар, уақыт, қоғамға қарсы әрекет не әрекетсіздіктің қауіптілік дәрежесі т.с.с.).

Қылмыстық заңда қылмыстық қол сұғушылықтан қорғанатын маңызды қоғамдық қатынастар шеңбері қамтыған. Сондай-ақ Қазақ ССР-ң қылмыстық кодексінің 7-бабының мазмұнында да қоғамдық қатынастардың қатары айқын көрсетіген, яғни онда «қылмыс деп қоғамдық құрылысқа, саяси және экономикалық жүйеге, меншікке, жеке тұлғаға, жеке тұлғаның саяси, еңбектік, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына, сонымен бірге қоғамдағы құқықтық тәртіпке қарсы қоғамдық қауіпті әрекет не әрекетсіздік» — делінген. Осы айтылған маңызды қоғамдық қатынастарды қорғау қылмыстық заңның міндеті деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында былай деп бекітілген: «Осы кодекстің міндеттері: адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін, меншігін қорғау, ұйымдардың құқығын және заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қоршаған ортаның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты және Қазақстан Республикасының территориясының бүтіндігін қорғау, заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің мүддесін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмысты ескерту». Осы норма мазмұнынан қылмысқа қол сұғушылықтан қорғалатын объектілердің ауқымының кең екенін байқадық. Әрине, болашақта қылмыстық кодексте қылмыстық құқықтың объектілері туралы өз алдына бөлек норма шығарса жақсы болар еді. Мысалы: жеке тұлғаларды қорғау, ұжымдық, қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық мүдделерді қорғау туралы.

Қылмыс объектісін қылмыстық құқықтық реттеу объектісінен ажырата білу керек. Қылмыстық құқық басқа құқық салалары секілді ең алдымен құқықтық реттеу объектісі арқылы өз алдына сала болып танылады. Құқықтық реттеу объектісіне мемлекет атынан қызмет ететін өкілетті органдар мен есі дұрыс белгілі жасқа толған азамат арасындағы қылмыспен жазаланатын әрекет пайда болатын қоғамдық қатынастар жатады[7].

Қылмыс объектісі болып әртүрлі қоғамдық және мемлекеттік құрылыстарда, адамдардың өндірістік, қоғамдық, ішкі және өмірлік процесінде құрылатын қоғамдық қатынастар табылады.

Қылмыс объектісінің жалпы түсінігінің сипаты қылмыс объектісінің жіктеу мәселесіне келіп тіреледі, яғни қылмыс объектісінің түрлеріне тоқталайық.

Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыс объектісін үш түріге жіктеген: жалпы, топтық және тікелей.

Жалпы объектіге қылмыстық заңмен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы жатады. Қылмыстың жалпы объектісі қылмыстың әлеуметтік мазмұнын және оның қоғамғажәне мемлекетке деген қоғамдық қауіптілігін сипаттайды.

Топтық объект бұл бір немесе барлық қылмысқа емес, тек қылмыстар тобына тән объект. Топтық объект қылмыстар тобы қол сұғатын біртекті қоғамдық қатынастар. Мысалы, топтық объектіге мыналар жатады: ұрлық, тонау, қарақшылық, яғни меншікке қарсы қылмыстар; тұлғаның өміріне, денсаулығына бостандығына, ар-намысы мен абыройына қарсы қылмыстар, яғни жеке тұлғаға қарсы қымыстар тобы болып табылады. Бұл топтық объект қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің тарауларында орын алған.

Тікелей объект бұл бөлек бір қылмыстың нақты қоғамдық қатынасқа бағытталуы. Тікелей объект қылмысты саралап, жазасын анықтағанда, бір қылмыстан екінші қылмысты ажыратқанда үлкен маңызға ие.

Қылмыстың тікелей объектісінде нақты қоғамдық қатынастың сипаты ретінде мүддені алсақ қателесеміз.

Мүдде қоғамдық қатынас, бірақ оның нақты көрінуі, яғни субъектілердің арақатынасы және мүддесі болмаса, қоғамдық қатынаста жоқ. Қоғамдық қатынастар қоғамдағы адамдар арасындағы көп түрлі байланыстар жиынтығы. Бұл байланыстар материалды (өндірістік), адамгершілікті, құқықтық және басқа да қатынастар болып келеді. Ол қатынастар әлеуметтік топтар немесе белгілі бір адамдардың мүддесін бейнелейді. Мүдденің тұлғасы ғана емес, сонымен бірге өз объектісі — әлеуметтік құнды игілігі де бар[8].

Қылмыстық құқық теориясында объектісінің негізгі, толықтырушы және факультативті деп үшке бөледі.

Негізгі объектісі – бұл қылмыстық норманың қорғау үшін қалыптыстырылған объектісі. Бұндай объект қылмыстық кодексінің ерекше бөлімдегі норманың орнын анықтау үшін қажетті критерий болып табылады.

Толықтырушы объект – бұл негізгі объектіге қарсы бағытталған қылмысты жасау жолында залалға ұшыраған объект. Мысалы, толықтырушы объект – нақты тұлғаның денсаулығы.

Қылмыстың факультативті объектісі – бұл бір қылмыс мүмкін қатынастар. Мысалы, бұзақылық негізінде тұлғаның мүддесіне зиян келеді. Бірақ негізгі объект қоғамдық тәртіп болып табылады.

2.2. Қылмыс объективтік  жағының түсінігі мен белгілері
Қылмыс құрамының келесі бір маңызды элементі болып қылмыстың қылмыстың объективтік жағы табылады. Қылмыста осы объективтік жақтың белгілері жоқ болса, онда қылмыс құрамы да жоқ деп саналады.

Қылмыс құрамының объективтік жағы қылмыстың құқық диспозициясында көрсетілген құқықтық әрекеттің сыртқы белгілерінің жиынтығы, яғни қылмыстық объективтік жағы адамның ішкі жан дүниесі, сезімі көңіл-күйінен емес, оның сыртқы салалы түрдегі іс-қимылымен сипатталады.

Сонымен бірге қылмыстың объективтік жағы қоғамға қауіпті салдарды және әрекет немесе әрекетсіздіктің себепті байланысында қамтиды.

Қылмыстың объективті жағын сипаттағанда, қоғамдық қауіптілігін, өзіндік ерекшеліктерін, мәнін ашатын белгілерді бекіткен. Нақты қылмыс құрамының объективтік жағы тек қана қылмыстық қарсы және қоғамдық қауіпті белгілерге ие. Мысалы, ұрлықтың объективтік жағы-бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау, зорлық-физикалық күш қолдану арқылы немесе дәрменсіз жағдайын қолданып, жәбірленушіні жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу (120 б), бұзақылық-дөрекі түрде қоғамдық тәртіпті бұзу (257 б) және т.б.

Қылмыстық объективтік жағына жататын белгілер: әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамға қауіпті салдар, әрекет не әрекетсіздік арасындағы себепті байланыс, уақыт, орын, жағдай, әдіс-тәсіл, қылмыс жасау құралы.

Адамның әрекет немесе әрекетсіздігі кез келген қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табылады. Ал қоғамға қауіпті салдар, себепті байланыс, уақыт, орын, жағдай, әдіс-тәсіл, қару және қылмыс жасау құралы қылмыс құрамының факультативті белгілері деп аталады.

Егер осы аталған белгілер қылмыстық құқық нормасының диспозициясында атап көрсетілмеген жағдайда, міндетті белгілер қатарына жатпайды.

Қылмыстық объективтік жағын жете түсінуіміз үшін осы жоғарыда аталған белгілерге тоқталып өтейік.

1. Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.

Әрекет – бұл активті мінез-құлық. Қылмыстық кодексте қарастырылған қылмыстардың басын көпшілігі тек қана әрекет арқылы жасалады.

Қылмыстық мінез-құлықтың нақты үлгісі әр түрлі болып келеді. Қылмыс құралының барлығы дерлік бір-бірімен қоғамдық қауіпті мінез-құлық үлгісі арқылы ажыратылады. Мысалы, ұрлық біреудің мүлкін жасырын ұрлау; тонау-біреудің мүлкін ашық түрде ұрлау, қарақшылық-тұлғаның өміріне және денсаулығына зиян келетін физикалық күш көрсету арқылы меншігіне қол сұғу; алаяқтық-сенімге кіріп, біреудің мүлкін пайдалану.

Адам әрекеті оның сыртқы еркінің көрінісі. Сондықтан ол саналы және белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған. Әрекетті ерікті мінез-құлық сипатында көру тұлғалы кінәсіз деп тануға себеп емес.

Әрекетке адамның рефлекстік дене қозғалысы, сондай-ақ ауру адамның сандырақтау жағдайындағы әрекеті немесе өз санасын бақылай алмайтын жағдайлары жатпайды. Сонымен бірге адамның саналы мінез-құлқы, егер ол табиғаттың дүлей күшінің әсерінен болатын болса, бұндай әрекеттер қылмыстық құқықтық мәнсіз келеді.

Әрекет немесе әрекетсіздік осы жоғарыда аталған жағдайда жасалса, бұл қылмыстар қылмыс болып табылмайды. Сондықтан тұлғаның әрекет немесе әрекетсіздігі оның еркінен тыс жасалған деп есептеледі.

Егер күш көрсету арқылы қоғамға қауіпті әрекет жасалғанда, күш көрсетілген тұлғаның қарсылық білдіруге мүмкіндігі болмаған жағдайға ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Сондықтан тұлғаның қоғамға қауіпті әрекеттерді ұру арқылы жасауы қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығармайды, себебі бұл жерде тұлғаның өз бетімен әрекет ету мүмкіндігін жоққа шығара алмайды.

Психикалық мәжбүрлеу басқаша мәнге ие. Әрекетті психикалық мәжбүрлеу арқылы жасау жалпы түрде қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығармайды. Психикалық мәжбүрлеу анықталған жағдайларда қауіпті қажеттілік жағдайына ауысуы мүмкін. Мысалы, кассир өзіне сеніп тапсырылған ақша сомаларын, өлтірумен қорқытып тұрған қарақшыға берген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды[9].

Қылмыстық әрекетсіздік – бұл тұлғаның міндетті және мүмкін болатын әрекеттерді жасамауынан көрінетін пассивті мінез-құлық. Әрекетсіздікті қарастырушы қылмыстық құрамы көп емес. Мысалы, қауіптілікке қалдыру, ауруға көмек көрсетпеу және т.б.

Әрекетсіздіктің енді бір тобын аралас әрекетсіздіктер құрайды. Мысалы, қоймашы өзіне сеніп тапсырылған мүлікке ұқыпсыз қарау салдарынан заттардың бұзылуы. Бұл жерде қылмыс құрамы үшін тұлғаның әрекетсіздігінен зиянды салдарлар пайда болады, яғни әрекетсіздік қылмыстық-құқықтық маңызға ие болады.

Активті әрекеттер жасауға міндеттейтін әр түрлі негіздер бар. Бұндай міндеттемелерді бірқатар жағдайларды қылмыстық заң бекітеді. Мысалы, әскери міндетті тұлға әскери комиссариатқа шақырылған уақытында баруға міндетті; жүргізуші жол көлік оқиғасынан кейін жәбірлеушіге алғашқы дәрігерлік көмек беруге міндетті. Бұл міндеттер заңды бұйрық немесе қызметтік ережемен негізделуі мүмкін. Мысалы, жолда жүру ережелерін сақтау, жұмыскер бастығының айтқанын орындау және т.с.с.

Сонымен бірге кейбір әрекеттер келісім шартқа негізделуі мүмкін. Мысалы, бір тұлға екінші тұлғаны тау асуларынан өткізуге міндеттеніп, қажет жағдайда көмек көрсетпесе, міндеттерін орындамаған болып есептеледі.

Әрекетсіздікке жауапқа тарту үшін тұлғаның әрекет ету мүкіндігінің болған, болмағандығын анықтау қажет. Көп жағдайда міндетті орындау белгілі бір сыртқы жағдайларға тәуелді болады. Жекелеген жағдайларда заңды әрекет етуді шектейтін жағдайлар бекітіледі. Сондай-ақ өмірге қауіпті жағдайда тұрған тұлғаға көмек көрсету міндеті, осы міндетті орындау мүмкіндігімен тығыз байланысты.

  1. Қылмыстық заң қылмыс құралын әрекетті немесе әрекетсіздік тікелей жасаумен байланыстырады және осыдан белгілі бір қылмыстық салдар пайда болуыменде байланыстырады.

Қылмыстық  салдар деп қылмыс құрамының объективті белгілеріне жататын және тұлға әрекетімен (әрекетсіздігімен) негізделген қоршаған ортадағы өзгерістерді айтамыз.

Әрбір қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық заңмен қорғалатын тұлғалардың, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне қол сұғады. Бірақ қол сұғу объектіге келтірілген зиян материалды емес болуы мүмкін. Өйткені ол заттар әлеміне емес, адамдар арасындағы қатынасқа жатады.

Қол сұғу объектісіне келтірілген зиян әр түрлі үлгіде көрінуі мүмкін. Мысалы, материалдық залал келтіру (біреудің мүлкін ұрлау, бүлдіру), физикалық зиян келтіру (денсаулығына зиян келтіру).

Қылмыстық нәтиже материалдық емес сипатқа да ие болуы ықтимал. Мысалы, азаматтық мүліктік емес субъективті құқықтарын бұзу (саяси, еңбектің және басқа да ұйымдар мен мекемелердің қалыпты жұмысын бұзу).

Заң шығарушы зиянды салдарларды жазу кезінде әр түрлі техникалық тәсілдер қолданады. Соның біреуін алатын болсақ, қылмыс құрамының қасақаналығы заңдағы сипаты бойынша құрамның аяқталуына белгілі бір қылмыстық салдарлар пайда болуы керек. Мысалы, қасақана кісі өлтіру, ұрлау және т.б. Заңда көрсетілген салдарлар жоқ болса, қылмыс жасау үшін қастандық жасалған болып саналады.

Жекелеген қылмыс құралдарында ауыр қылмыс салдарының пайда болуы жасалған әрекеттің қауіптілік дәрежесін көтереді, сәйкесінше жасалған қылмыстың квалификациялануын өзгертеді (мысалы, заңсыз аборт өндірісі – Қ.К 117б).

3. Себепті байланыс.

Материалды қылмыс жасау кезінде тұлға әрекеті немесе әрекетсіздігімен зиянды салдарлар пайда болуы арасындағы себепші байланыстың болуы арасындағы себепші байланыстың болуы немесе болмауы сұрағы туындайды[10]. Қылмыстық құқық теориясында себепті күрделі және даулы мәселелерінің бірі болып табылады.

Қазіргі қылмыстық құқықта зиянды салдар тұлғаға тек қана, егер оның әрекеті немесе әрекетсіздігімен себепті байланыста ғана айыпталады.

Әрекет пен зиянды нәтиже арасындағы себепші байланыс егер әрекет нәтиженің пайда болуынан бұрын болса ғана болады.

Қылмыстық құқықта көптеген ғалымдар себепті байланысты философиялық категория негізінде қарастырады өмір арасындағы байланыс деп қарастырады.

Қылмыстық нәтиже адам әрекетінің кездейсоқ салдары. Мысалы, адам денсаулығына жеңіл зиян келтірілсе, бірақ ол адам жараны таңу кезінде қанға инфекция түсіп қайтыс болады. Бұл жағдайда әрекет пен пайда болған салдардың қажетті ішкі байланысы жоқ, тек сыртқы кездейсоқ оқиғалардың ағымы.

Зиянды салдар тұлғаның әрекетсіздігінен де пайда болуы мүмкін. Тұлғаның әрекетсіздігі пайда болуы нәтижесімен байланыста болуы керек. Ол тұлғаның өзінің арнайы міндеттемелерін орындамаудың көрінеді.

4. Қылмыс құрамының объективті жағының факультативті белгілері.

Кез келген қылмыс белгілі бір уақытта, анықталған жағдайда және белгілі бір тәсілмен жасалады. Кей жағдайларда қылмыс жасау уақыты, орны, жағдайы және тәсілінің ерекшеліктері әрекеттің зияндығына мәнді әсер етеді.

Сондықтан заң бұл белгілерді қылмыс құрамының маңызды белгілеріне жатқызады:

1. Уақыт. Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарында ерекше бекітілген әскери уақыт әскери қылмыстардың зияны мен дәрежесін көтеретін жағдайлар (367-368 б.б, ІІІ-т.т.).

2. Кей жағдайларда қылмыс құралы белгілеріне қылмыс жасаған орын танылады. Мысалы, қылмыстық кодекстің 385-бабы, тонаушылыққа қатаң жауапкершілік бекітілген, онда өлген және жаралы тұлғаның заттарын алу көрсетілген.

3. Көп жағдайда қылмыстық нақты құрамының объективті жақ белгісі ретінде қылмыс жасау әдісі танылады. Осылайша заң шығарушы меншікке қол сұғуды тәсілдеріне байланысты бөледі (ұрлық, тонау, қарақшылық және т.б).

4. Кей кезде қылмыс жасау кезінде белгілі бір қаруды қолдану тәсілі қылмысты ауырлатады. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 187-бап 2 тармақшасында қарастырылған біреудің мүлкін өртеу арқылы немесе басқа да қоғамға қауіпті әдістерді қолданып қасақана бүлдіру немесе жою.

 

 Қорытынды

Осы «Қылмыс құрамы» туралы жазылған курстық жұмысымды қорытатын болсам. Қылмыс құрамы – бұл өте өзекті, күрделі тақырып. Бұл курстық жұмысты жазу барысында, қылмыс құрамын қылмысты саралаудағы маңызы мен ерекшеліктеріне және оның жекелеген элементтеріне тоқтап өттім. Қылмыс құрамын анықтау қылмыскерге жаза тағайындау кезінде аса маңызға ие. Қылмыс құрамының әрбір элементін анықтау, оның дұрыстығына анық көз жеткізу әділ жазаның кепілі болып табылады. Кей жағдайларда осы қылмыс құрамын дұрыс анықтау салдарынан кінәсіз тұлғалардың темір торға түсіп жататындары бәрімізге мәлім. Әрине, қазіргі уақытта жоғарыда айтқан олқылықтар бірлі-жарым. Әсіресе тәуелсіздігімізді алғанға дейін қаншама жастарымыз теріс саясаттың құрбаны болып кетті. Бұл жерде менің меңзеп отырғаным – «Желтоқсан оқиғасы». Көптеген қазақ жастары 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасында» әділеттікке жете алмай, өмірімен қоштасты. Осы бәрі сол уақыттағы заң орындарының өз істеріне немқұрайдылы қарауынан деп ойлаймын.

Бақытымызға орай, Қазақстан Республикасы егемендігін тәуелсіздігін алып, конституциямен демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп таныды.

Осыған байланысты кеш те болса «Желтоқсан оқиғасының» құрбандары қылмыс құрамының жоқтығына байланысты заң жүзінде анықталып шыққаны бәрімізге мәлім.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 Нормативтік құқықтық актілер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16.07.1997ж. (өзгертулер мен толықтырулар 1.06.2003 ж.) Алматы: Жеті-Жарғы, 1997.
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілген (31.05.2002 №327-11 және 9.08.2002 №327-11, 9.12.2004 № ). Алматы

Арнайы әдебиеттер

  1. Поленов Г.Ф. Уголовное право Республики Казахстан, общая часть, «Әділет Пресс» 1997
  2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті — Жарғы», 2000
  3. Уголовное право Республики Казахстан, учебник. Алматы «Жеті — Жарғы», 1998
  4. Пионтковский А.А. Курс советского уголовного право. Т.2. Москва, 1970
  5. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Алматы «Жеті — Жарғы», 1999
  6. Кузнецов Н. Ф Преступление преступника Москва 1969
  7. Қылмыстық құқық Жалпы бөлім Москва Инфра. М-Норма 1997
  8. Филиминов Понятия и цель наказния, новое уголовное право РФ, общая часть Москва 1995
  9. Лейкина Н.С Личность преступленика и уголовная ответстветственность Ленинград 1968
  10. Дагель П.С Учение о личности преступника в советском уголовном праве. Владивосток 1970.
  11.  Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Учебник / Под ред. Н.Ш.Борчашвили и С.М.Рахметова. В 2-х частях. Часть 1. Алматы: Институт «Данекер», 2000
  12.  Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Учебник / Под ред. д.ю.н. проф. Н.И.Ветрова и д.ю.н. Ю.И.Лапунова – М: Новый Юрист, 1998

Баспа материалдары

  1. Сот жаршысы   Әділ іс ақталады №1 1996
  2. Листюкин А.Б Государства и право  Юридическая техника и правовые ошибки  №11 2001
  3. Заң газеті Дияров Н Тура билік тұғырында №9  2002
  4. Қоғам және қылмыс Республикалық апталық газет №8 2001
  5. Правовой вестник, Незаконные действие органов ведущих уголовный процесс №9 2002
  6. Заң газеті Сәбікенов Г Сәбікенова С Заң терминдері мен ұғымдарының орысша-қазақша сөздігі, №10 2002
  7.  Орысша-қазақша сөздік 1-2 томдар Алматы 1998
  8. Вестник Верховного суда Республики Казахстан 1994

 


[1] Н.Ф.Кузнецова. Преступление преступника. Москва 1969. С 66-67

[2] Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Москва ИНФРА – М – Норма, 1997. 116-бет.

[3] Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы. «Жеті-Жарғы», 1998 №11.12 тарау.

[4] Қылмыс объектісі туралы айта отырып ол объектінің қылмыс құрамының объектісі ретінде, сонымен бірге фактілік қоғамға қауіпті әрекет салдарынан зиян шеккен объектіге де көңіл бөлуіміз керек. Бұл айтылған қылмыс құрамының басқа элементтеріне де қатысты.

[5] В.Д.Филимонов. Понятие и цель наказания, новое уголовное право РФ. Общая часть, учеб. пос. М.,1995 С.96

[6] Философиялық сөздік М.1980, 268-бет.

[7] Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі. Жалпы бөлім. Алматы, «Жеті-Жарғы», 1998, І-тарау §1

[8] Пионтовский А.А. Курс советского уголовного право. Т. 2 Москва. Наука, 1970 С. 1119.

[9] Қылмыстық құқық. Жалпы Бөлім, Алматы. Жеті жарғы, 1998 145-б.

[10] Вестник Верховного суда Республики Казахстан 1994 №1. С 49


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы