ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ (1663 — 1763 жж.)


Лекция мақсаты: Қожаберген жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету.

Жоспар:

  1. Қожаберген жыраудың қазақ тарихындағы орны.
  2. Қожаберген жырау Толыбайұлының өмірнамасы.
  3. Шығармаларының жанрлық ерекшеліктері.
  4. «Елім-ай» дастанының идеялық-көркемдік ерекшеліктері.

Орта жүз Ашамайлы Керейдің Бәйбіше Көшебе руының Таузар тайпасынан шыққан атақты батыр, әйгілі суырып салма ақын Қожаберген Толыбайұлының есімі ежелден еліне белгілі болғанымен, соңғы уақыттарға дейін түрлі себептермен әдебиет тарихына енбей, қағаберіс қалып келді.

Қожаберген 1663 жылы, қоян жылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданының Күлтөбе деген жерінде Толыбай сыншының отбасында дүниеге келген.

Қожабергеннің араб, парсы тілдерін жетік білгендігіне байланысты ол Әз-Тәукенің сенімді елшілерінің бірі болған. Сондай-ақ, шежіреші, білімдар адам болған. Қазақ шаңырағында туған. Анасы Ақбілек Орта жүз, Арғын Айдабол бидің қызы.

Қожаберген қазақ халқының шығу тарихын жырға қосып, «Ата-тек» деген дастанын шығарды. Өз аулында мешіт-медресе ашып, бала оқытып, ислам дінін насихаттайды, шеберхана салдырып, елді қол өнеріне баулып, егін салуды қолға алады.

1688 жылдың маусым айында Түркістан шаһары маңында Әз-Тәуке бастаған барша қазақ жақсылары 25 жастағы Қожабергенді Ордабасы, яғни хан ордасының бас қолбасшысы, әрі бас ақын етіп сайлайды. Ол сол кездегі қоғамдық-әлеуметтік жағдайды, қазақ хандығының ішкі-сыртқы саяси хал-ахуалын жете біліп, әрдайым өз жырларына арқау етіп отырған. Қожаберген батырдың жан-жақты қабілеті бар дарабоз тұлға екендігіне қоса, оның елші әрі сынықшы болғаны жайлы да деректер бар. Оған ақынның «Елшілік» деген өлеңі дәлел.

Қожабергеннің әдеби мұрасын жинап, сақтаған — Сегіз Сері. Ол жыраудың «Елім-ай», «Баба тіл», «Жеті Жарғы», «Қабанбай батыр», «Ер Көкше», «Асан ата», «Ер Қосай», «Ер Жәнібек», «Қорқыт баба», «Ер Едіге», «Орақ батыр» т.б. төлтума шығармаларын жинап, бізге жеткізген. Осы дастандарының бәрінде де ақын елді сыртқы жауға қарсы азаттық жолындағы күреске шақырып, қазақ халқының бірігіп, іргелі ел болуын армандап, соны жырға қосады. Бұл жағынан алғанда, Қожабергеннің жыр еткен тақырыбының саяси жағынан өте маңызды екенін көреміз.

«Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр», «Күлдірмамай», «Шұбырынды», «Сұлама» күйлерін шығаруы Қожабергенді күйшілік қырынан танытады. Атынан белгілі болып отырғанындай, күйлерінің тақырыбы да күрес, майдан, ел басына туған қиын кезең. Жырау сол кездегі халық зарын күй тіліне айналдырады.

Қожабергеннің ақындық талантын танытқан, тарихқа атын қалдырған «Елім-ай» жыр-дастаны. Ел басына түскен ауыр апатты «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезеңін жыр тіліне көшірген. Шығарма 7 бөлімнен тұратын 3683 шумақ, яғни 14732 жол өлең. Қазақ әдебиетінде 11 буынды, 4 тармақты, қара өлең ұйқасымен шығарма жазудың негізін салушы осы Қожаберген жырау десек, қателеспейміз. Оның көлемді дастандарының бәрі бұған дәлел бола алады. Жыраудың бұл дәстүрін кейін оның інісі Дәстем салдың немересі Жанкісі ақын, шәкірттері Көтеш, Жанақ ақындар одан әрі дамытып әкеткені белгілі.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

  1. Қожаберген жыраудың «Елім-ай», «Баба тілі» шығармалары.
  2. Жыраудың ерлікті, батырлықты дәріптейтін дастандары.
  3. Қожаберген мұрасындағы «ақтабан- шұбырынды»  кезеңінің суреттері.
  4. Елдің сыртқы саяси ахуалы,  ішкі жай-күйі, батыр- билері, хандары, жер-су   аттарын суреттеудегі жыраудың шеберлігі.
  5. Ақын мұрасын жинап-жеткізудегі Сегіз сері Баһрамұлының орны.

Әдебиет:

  1. Ақынжанов М. Қазақтың тегі туралы. А., 1957.

2.Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1973.

3.Хасенов Қ.  Қазақ тарихының 5000 жылдық баяны.  А., 1996.

4.Үш  пайғамбар (Төле,Қазыбек,Әйтеке билер). А., 1992.

  1. Ақатай С., т.б. Қазақ Ордасы: шығуы  мен  тегі.- «Заман Қазақстан», 1996, 27 желтоқсан.
  2. Әбілдаев Б.  Аңырақай шайқасы.— «Қазақ батырлары», 1991,10.
  3. Байбатша Қ. т. б.   Қозыбасы — қазақ хандығының туы тігілген жер. – «Егемен Қазақстан», 1997, 18 маусым.
  4. Бүркітбаев Ә.  Сақнаме.— «Егемен Қазақстан», 1998, 1, 24 қаңтар; 13 ақпан.

9.  Дәуіт С. Қазақтың Қарасай батыры.— «Егемен Қазақстан»,1998

10.Исабай Қ.  Әбілқайыр хан қазақ тізгінін кімге ұстатқан.— «Заман

Қазақстан»,1998, 6 ақпан.

Елеуұлы М.  Шу өңірі: аңыз бен тарих.—ҚазМУ хабаршысы (тарих

сериясы). А., 1996,3, 6-12 бет.

  1.  Нұрпейісов Т. Үш  ғасырлық отарлау.— «Ана тілі»,1996,  7 қараша.
  2.  Нұржекеұлы Б. Қазыбек бек және қазақ тарихы.—Кітапта: «Қазақ тарихынан».  А., 1997, 427- 455 беттер.
  3.  Кәрібаев Б.  Қазақ хандығының құрылуы.—«Қазақ тарихы»,1995,6;  Керей хан.— «Егемен Қазақстан»,1997, 22 наурыз;  Жәнібек хан.-  «Егемен Қазақстан», 1997, 14 маусым.
  4.  Кекілбаев Ә. Елдік пен ерлік киесі.-  «Егемен Қазақстан»,1997, 14 наурыз.
  5. Қаратаев Т.  Әбілхайыртанудың  кейбір «ақтаңдақ» беттері.-  «Қазақ әдебиеті»,1998, 11 желтоқсан.
    1. Салғараұлы Қ.  Ақ орда ма, көк орда ма.-  «Ана тілі», мешін жылы, 2 сәуір.
    2.  Сарай Ә.  «Қазақ» атауының ізімен.-  Кітапта: «Қазақ тарихынан», А., 1997, 353- 398 беттер.
    3.  Сейдімбек А.  Елі үшін туған ер.-  «Жас алаш», 1998, 8 қыркүйек.
    4.  Сағынбекұлы Р.  Рухани нәр.-  «Алматы ақшамы», 1996, 7- 9 қазан.

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы
Яндекс.Метрика