Ибн Сина (980-1037)


Скачать/Жүктеу

Ибн Сина — әуелі балхтық болған, одан кейін Бұхараны мекендеген әулеттің баласы. Ол 980 жылы Афшан деген жерде дүниеге келген. 10 жасында Құрани-Кәрімді жаттап алып керекті діни білімдерге ие болған. 18 жасқа толғанда заманының барлық білімдерін үйреніп, оларды тұжырымдап, жаңа білім шығара бастады. Ибн Сина өзі жөнінде былай дейтін: «Басқа ғалымдар арасында медицинаны да үйренгенмін және теориялық оқуымды науқастарды емдеумен тәмамдағанмын. Сөйтіп, еш үзіліссіз жұмыс істеуге кірістім. Түнде оқып, жазумен айналысатынмын. Ұйқы басып кетсе, ұйқы ашатын сусыннан бір кесе ішіп, қайтадан жұмысқ кірісетінмін. Тіпті ұйықтаған кезімде де менің миым оқыған нәрселерді талдап жататын. Көбінесе ояу жүрген кезімде шеше алмаған кейбір нәрселердің ұйқы барысында шешілетін байқайтынмын.

Бірде Аристотельдің «Метафизикасын» зерттей бастадым. Бұл кітапты қырық рет оқысам да, түсіне алмадым. Үмітім үзілгендей болды. Бір күні базардан бір кітап сатып алдым. Ол кітап мен қаншама оқысам да түсіне алмаған тақырып жөнінде жазылған Фарабидің шығармасы еді. Кітапты алдым да, үйге келісімен оқуға кірістім. Сол уақытқа дейін түсіне алмаған Аристотельдің пікірлерін бірден ойыма түййіп алдым да, оған өзім қатты қуандым. Аллаға шүкір етіп, кедейлерге садақа тараттым».

«Теориялық оқуымды науқастарды емдеумен тәмамдадым», — деген Ибн Синаның керемет дәрігер болғаны соншалық, оған дейін ешкім дертін жаза алмаған Бұхара әмірі Нух Ибни Мансурды емдеп шықты. Бұл үшін әмір Ибн Синаны кітапхана әкімшілігіне тағайындады және Ибн Сина бұл жердегі кітаптың бәрін оқып бітіріп, білімін кеңейтіп алды.

Ибн Синаның 100-ден астам еңбегі бар екені айтылады. Кейбіреулері сол заманда жоғалса да, ең негізгі және бастылары бүгін қолымызда. Еңбектерін дәстүр талабына сай араб тілінде жазған. Шығармаларының көбі медицинаға, физикаға, астрономияға, философияға арналған. Үлкен энциклопедиялық еңбегі — «Аш-Шифа» (шипа) және оның түсіндірмесі болған «Ан-Неджат» (айығу) – ең әйгілі және дүние медицина тарихының ең үлкен шығармаларының бірі. Батыста XIX ғасырда адам қанынан кездейсоқ табылған «кіші қан айналысын» Ибн Сина X ғасырда-ақ білген.

Адам дәрігерлерінің заңдарын тәжірибе мен бақылауларға арқау етіп жазған «Әл-Канун фит-Тип» (Емдеу заңы) атты еңбегі латыншаға аударылып, кейін французшаға, немісшеге, ағылшышшаға аударылып, XVI ғасырдан XIX ғасырға дейін Батыстың бүкіл университеттерінде оқулық ретінде пайдаланылған. Батыс бұл түрік ғалымын Авиценна, шығыста Ұлықпан деген атпен таниды.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы