Техника қауіпсіздігі


Скачать/Жүктеу

Әрбір компьютерде жұмыс атқарып жатқан адам, мейлі ол маман болсын, немесе бірінші рет компьютерде отырса да, міндетті түрде техника қауіпсіздігін сақтауы керек. Жұмыс кезінде монитордың жарық шығаратын құбыры жоғары кенеуде болады. Аппаратураны, сым жүйелері мен мониторды дұрыс қолданбасаңыз, электр тоғынан қатты зақымдануға және аппаратураның күйіп кетуіне әкеп соғады.
Тыйым салынатын жағдайлар:
 байланыстағы сым жүйелерінің айырғыштарына тиіспеу;
 экранға қол тигізбеу және монитор мен пернетақтаның сыртқы жағын қолмен ұстамау;
 аппаратураны оқытушының рұқсатынсыз қоспау және сөндірмеу;
 дәптерлер мен кітаптарды монитор мен пернетақтаның үстіне қоймау;
 су қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істемеу.
Жұмыс істегенде:
 60-70 см қашықтықта бүкшімей, еңкеймей, денені тік ұстап, жұмыс істеу қажет, үнемі көзілдірік киіп жүретіндерге көзілдірікпен ғана жұмыс істеу керек.
 Дисплейде 20 минут жұмыс істеген соң, 5 минут демалған жөн.

Жұмыс уақытында:
 аппаратураның дұрыстығын тексеру керек, ал егер төтенше дыбыстар естіле бастаса немесе пернетақтаның өзінен-өзі сөніп қалу жағдайы болса, жұмысты дереу тоқтатып, оқытушыны алдын-ала ескертіңіз;
 Пернетақтаны ақырын басып, қауырт соққылардың болмауын қадағалау;
 Пернетақтада жұмыс істегенде қолыңыз таза болсын;
 Аппаратураның жұмыс кезінде шығып жатқан ақауларын өздігінен дұрыстауға тырыспаңыз.
Жүйелі блок. Компьютердің жүйелі блогы соқтықпайтын және толқындар (вибрациялар) компьютерге зақым тигізуі мүмкін. Жүйелі блокты басқа құралдармен қосып тұратын сымдар тек, компьютер сөніп тұрған уақытта ғана қыстырылуы немесе алынуы керек. Компьютерлер орналасқан бөлмеде темекі шегуге болмайды.

Монитор. Компьютермен эффектілі жұмыс істеу үшін ең бастысы мониторды дұрыс қолдану керек. Төменде солардың кейбір мысалдары келтірілген:
1. Біліп қоыңыздар, монитор, бұл –сезімтал құрал. Егер сіз оны үстелден құлатып алсаңыз, онда сізге жаңасын сатып алу керек болады. Мониторды үстелдің шетіне емес, нық, орнында қозғалмай тұратындай қылып қою керек.
2. Мониторды көзге көруге ыңғайлы болатын жерге орналастыру керек. Мониторды қырынан емес, тік бұрышпен көретіндей қылып бұрып қойыңыз. Сіз, экранға, аздап жоғарыдан төмен қарап отырғаныңыз жақсы болады. Сондықтан экран аздап шалқайып тұруы тиіс – астыңғы жағы сізге жақын орналасуы керек.
3. Бейненің жөнге салынуы дұрыс берілу керек. Өйткені сіз монитордың экранына көп уақыт бойы –үңіліп, қарап отыруыңыз мүмкін, егер оның регулировкасы дұрыс берілмесе, сіз жақын арада көздеріңізге зақым келтіресіз. Ең алдымен ағартқыш-қарайтқышты дұрыстап алу керек. Бейнені жарық қылып жіберуге болмайды – одан сіздің көздеріңіз тез шаршайды, оны былай тексеріңіз: экрандағы қара түс сұрғылттау емес, нағыз қара болуы керек. Егер сіздің мониторыңызда фокусировка батырмасы болса, онда оны, бейне максималды айқын болатындай етіп бұраңыз.
4. көптеген мониторларды шаң басып, олар тез кірлейді. Бұл шаңды әрдайым дымқыл шүберекпен сүртіп отыру керек. Жұмыс істеп болған соң, мониторда да шаң жиналып қалмас үшін, шүберек жапқышпен жауып қоюға болады. Бірақта, жапқышты, монитор қызып кетпеуі үшін, мониторды іске қосардыңалдында алып тастау керек.
5. егер монитор, экраннан жарыққтым қатты шығатындай болып, орналасса, онда көздуріңізді бүлдірмеңіз – немесе мониторды жарық тым қатты шықпайтындай қылып орналастырыңыз, немесе мониторға арналған қорғаныш фильтрін орнатыңыз. Бірақ та, қазіргі заманғы мониторлардың экрандары қорғаныш әйнегімен қамтылған – антиотражающий, артирассеивающий және антистатический, сондықтан оларға қорғаушы фильтр керек жоқ ( шындығында, ол зиянын да тигізуі мүмкін, өйткені осы фильтр бейнелерді қараңғылатып көрсетіп, түстерін бұзады және т.б.) .
6. монитор ішінде орналасқан кинескоп, өте жоғары қысыммен жұмыс істейді, сондықтан ешуақытта , еш-қашан монитордың қақпағын ашуға болмайды немесе қақпақтың астында орналасқан бөлшектерді қолмен ұстауға болмайды.мұны тек монитор жөндейтін оқымысты специалистер ғана істеуі тиіс.

Клавиатура. Клавиатура қолайлы құрал болып саналса да оған зақым келтіруге болмайды. Көбінесе,клавиатураның үстіне бутерброд қоюға және оның жанына шай қоюға болмайды – қоқым және су оны жұмыс істеу қалпынан шығарып тастауы мүмкін.компьютермер жұмыс істеп бітерде клавиатураны қақпақшамен жауып қойыңыз – бұл оған шаң немесе кір түсуден қорғайды.
Дискеталар. Дискеталармен ұқыпты айналысу керек: оларды дисководқа дұрыс (түзу) салып, оларды майыстыруға, қысуға, магниттік ашық жабындысы бар жерлерді қолмен ұстауға болмайды. Шаңның және дымқыл нәрселердің дискеталарға тиіп кетуінен сақтану керек. өлшемі 5,25 дюйм болатын дискеталарды қағазконвертте сақтау керек. Дискеталарды вертикальды түрде арнайы жабық қорапшаларда сақтаған жөн.
Компакт дискілер. Компьютерлік дискілердің үстіңгі жағын саусақтарыңызбен ұстамаңыз ( әсіресе майлы ) — бұдан ол дұрыс айналмай қалуы мүмкін. Компакт дискіні қырынан ұстаңыз. Компакт дискілерді шашыраңқы емес, арнайы қорапшаларда сақтаңыз ( оларды дүкендерде сатып алуға болады).

Глоссарий
Абонент – компьютер желісіне қосылған пайдаланушы, яғни жеке компьютер (иесі).
Абсолюттік адрестеу Ехсеl-де (Абсолютная адресация в Ехсеl) — әрбір тордың, яғни ұяшықтың адресін көрсететін оның екі сипаттамалық белгісі болады, алғашқысы — бағана атының әрпі (В, D), екіншісі – бүтін санмен белгіленетін қатар нөмірі. Абсолюттік адрес атауының белгісі бағана ( тік жол ) атының және қатар (жатық жол ) нөмірінің алдындағы $ символы болып табылады ( $В$4, $D$2 ).
Адрестік кітап – электрондық пошта программасында және коммуникациялық программаларда компьютер иелерінің немесе желідегі ақпараттық қорлардың адрестерінің тізімдері жазылатын арнайы мүмкіндік.
Айнымалы сызық — құжатты қарап шығуды басқаратын терезе облысының шекарасы. Сызық 1. Бейнелеу элементі. 2. Графикалық редактордағы ең қарапайым геометриялық элемент.
Алмасу буфері (Буфер обмена – Clipboard) – құжаттар мен қолданбалы программалар арасындағы мәліметтік немесе графикалық ақпарат алмасуға арналған компьютер жадының арнаулы бөлігі.
Алушы хабарламаны – электрондық поштамен жіберілген хабарламаны алушы абонент.
Антивирус – вирустарды тауып, олардың кері әсерін ( зақымын ) жоятын программа.
Анықтамалық көмек – гипер мәтінді принцип арқылы материалды ұйымдастыру.
Аралас адрестеу Ехсеl –де (Адресация смешанная в Ехсеl) – ұяшық адресі сипаттамаларының тек біреуі ғана өзгертілмейтін болып бекітіледі, $ символы тек қана қажетті белгі алдына қойылады (В$4,D$2).
Архив — әдетте, көлемдерін кішірейту мақсатында сығылған күйінде сақталатын деректер немесе програмалар жиынтығы.
Архивтеу (Архивация) – файлды немесе файлдар тобын тығыздап қысу, сығу процесі.
Архивтеуші программа (Программа архиватор) – тығыздап қысу арқылы файл көлемін кішірейтетін программа.
Архивті файл – сығылған күйде бір файл құрамына енгізілген бір немесе бірнеше файлдар.
Атрибуты файлдың – файлдың әр түрлі қасиеттерін көрсететін оның сипаттамалары.
Ауыстырғыш – есепті шешу алгоритмдердің альтернативті бұтақтарын таңдауда пайдаланатын автоматты түрде немесе программист тапсырмасы бойынша қосылған немесе іске қосылмаған.
Байланыс арнасы – мәліметтердің ақпараттық ағыны өтетін жолдың жалпылама аты. Мысалы, Интернеттегі мәліметтерді тасымалдаудың физикалық арнасы, телевизиялық арна, стерео магнитофондардың сол жақ және оң жақ арналары. IRC жүйесінде стерео магнитофондардың қосылуға болатын оң жақ арнасының бірі немесе chat арналарының бірі.
Байт – 8 биттен тұратын компьютер жадының немесе ондағы деректердің адрестелетін ең кіші көлем бірлігі.
Баннер – Web парақтағы жарнама ретіндегі графикалық бейне. Баннерде тышқан батырмасын шерту гиперсілтеме бойынша басқа мәліметке ауысуды орындайды.
Баспа – баспа құрылғысына және листингке деректерді шығару.
Баспа диспетчері (Диспетчер печати) – принтердің жұмыс тәртібін басқаратын Windows жүйесінің арнайы қызмет ететін программасы.
Бастапқы жүктеу – 1. керекті кезде құрылғаны өздігінен берілген қалыпқа келтіретін процедура. 2. Операциялық жүйенің бастапқы бөлігін компьютер жедел жадына жүктеу процедурасы, мұнан кейін компьютер операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істей береді.
Жүйелік мәзірдегі батырма (Кнопка системного меню) – жүйелік (системалық) мәзір шақыруға арналған батырма.
Белгіше (значек) – қысқаша сөз таңбасы бар кішкене графикалық бейне.
Бит – екілік санау жүйесінің цифры (0 немесе 1 мәнін қабылдайды).
Блокнот – шағын мәтіндік файлдармен жылдам жұмыс істеуге арналған Windows ортасының стандартты редакторлық программасы.
Бүкілдүниежүзілік өрмек (Web — серверлер жүйесі) – мәліметтерді бір біріменбайланысқан гипермәтін түрінде бейнелеуге негізделген, тарала орналасқан информациялық жүйе. Ол құжаттардың бірінен біріне сілтеме арқылы ауысып отыратын мәліметтердің көлемді ақпараттық желісі (мәтіндер суреттер дыбыстар және бейнелік мәліметтер) болып табылады. Web серверлер жүйесі осындай құжаттарды гипербайланыс (hyperlinks) арқылы тізбектеп, түйінді сөздерде тышқанды шерту жолымен Интернет желісінде оларды аралап көруге мүмкіндік береді.
Бұғыттау (Блокировка) ағымдағы операция орындалып біткенше келесі операциялардың орындалуына тосқауыл қою, оларды болдырмау.
Винчестер – Қатты магниттік дискідегі жинақтағыштар сөзіне қараңдар.
Вирус «елес» («призрак»)- ішіндегі кодының бірде бір тұрақты бөлігі жоқ вирус (цифрлау кезінде әр түрлі мүмкіндіктер (кілт) қолданылады).
Вирус — желідегі (сетевой) компьютерлік желі бойымен тарайтын вирус.
Вирус — өздігінен түрленетін (самомодифицирующийся) өз көлемін (тұлғасын) түрледіріліп өзгертіп отыратын вирус.
Вирус — компьютерлік — өздігінен басқа программаларға жабысып, соларға зақым келтіретін программа.
Вирус — резиденттік – компьютер жедел жадында орналасып, өзгелерге екпінді әсер ететін вирус. Ол өздігінен өрбитін, өзін өзі түрлендіретін вирустарға жатады.
Вирус — резиденттік емес (нерезидентный) – компьютер жедел жадында жазылмайтын вирус. Алғашқы іске қосуы кезінде алдымен вирусты программа, ал одан кейін барып қана керекті программаның өзі орындалады.
Вирустар «көрінбейтін» («невидимый») – DOS-тың зақымдалған файлдарға және диск аймағына арналған командасын өзіне қарататын вирус.
Вирустар — жүктелетін (загрузочный) – DOS-тың жүктеуші бөлігін және қатты дискінің негізгі жүктеу жазбасын зақымдайтын вирус.
Волапюк коды — әр бір орыс алфавитінің әрпін бір немесе екі латын әрпімен ауыстыратын код.
Глобальді (ауқымды) желі – геогрфиялық орналасқан нүктесіне байланысты, дербес компьютерлерді байланыстыратын желілер жиыны.
Графикалық редактор – графикалық информацияны енгізу және редакциялау программасы.
Деректер немесе мәліметтер базасы – қолданбалы программалардан тәуелсіз, белгілі бір ережелер бойынша мәліметтерді сақтаудың, сипаттаудың және олармен әрекет жасаудың жалпы принциптеріне сәйкес ұйымдастырылған деректер жинағы.
Диограмма – сандық шамалармен олардың арақатынастарын геометриялық тәсілдерімен шарптты түрде бейнелеп көрсету.
Диограмма шебері – диологты терезелер көмегімен диограмма немесе графикті құруға немесе оны жұмыс парағына орналастыру үшін қолданылатын EXCEL функциясы.
Диск – файл түрінде берілген мәліметтерді магниттік тәсілмен жазып алатын құрылғы.
Диск — қатты – Қатты магниттік дискідегі мәлімет жинақтауышты қараңыз.
Диск — логикалы – шартты түрде латын әріпімен С: D: т. с. с.белгіленетін қатты дискінің тәуелсіз ішкі бөлігі.
Дискет – Иілгіш магнитті дискінің балама атауы (флоппи – диск деп те аталады).
Дискет жүйелік – (Дискета системная) Операциялық жүйенің өз файлдары сақталатын дискета.
Дискқозғағыш (дискковод) магниттік дискіге айналдыра отырып ақпаратты жазу және оқуға арналған оның қозғағыш тетігі.
Дөңгелек диограмма (Круговая) – бүтіннің бөліктерін немесе оның пайыздық құрамын көрнекі түрде көрсететін диограмма.
Драйвер – сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған жүйелік программа, қосымша жадты пайдаланатын прорамма.
Екілік файл – программалық код, бейне
немесе құжатты форматтауды мәліметті түрде (мәліметтік файлдардан айырмасы) жазылған файлдар типі. Мұндай файлдарда әр бір байттың барлық сегіз биті де пайдаланылады, ал мәтіндік файлдарда символдарды белгілеу үшін тек жеті бит қана қолданылады.
Екпінді терезе пайдаланушы дәл осы мезетте жұмыс істейтін терезе. Басқа терезелердің үстінде орналасатын тышқан мен клавиатура әсер ететін терезе. Енгізу шығару базалық жүйесінің кеңейту модулі операциялық система модулі, сыртқы құрылғылармен информация алмасу.
Енгізу- шығарудың базалық жүйесі (базовая система вводв-вывода) – MS DOS операциялық жүйесінің қызмет ету функцияларын атқаратын модулдердің бірі.
Жады – деректерді алу, сақтау және шығаруға арналған компьютерлердің функционалдық бөлігі.
Жедел (оперативті) жады – осы мезетте орындалып жатқан программалар мен оларға оперативтік қажетті деректерді сақтайтын электрондық жад.
Желі – бір бірімен және орталық сервермен байланысқан, ресурстарды (құрылғылар мен мәліметтерді) бірге пайдаланатын компьютерлер тобы.
Жіберуші — электрондық поштамен хабар жіберетін абонент.
Жолдың нөмірі – электрондық кестеде қатарды көрсетеді. Жұмыс аймағы Word-тың документке қатарынан ашылатын Word-тың негізгі аймағы.
Жұмыс аймағы – Windows операциялық жүйесінің стандартты терезелерінің ішкі жұмыс істеу кеңістігі.
Жұмыс станциясы – «серверлік» компьютерлерге қарағанда жұмыс өнімі төменірек қатардағы қарапайым компьютер. Оның негізгі сипаттамаларына – графикалық мәліметтерді өңдеу жылдамдығы, процессордың тактылық (қадамдық) жиелігі, компьютердің жедел және сыртқы жады көлемі, т.б. жатады.
Жұмыс столы — әр түрлі объектілер орналасатын Windows экранының электронды жұмысшы столы деп аталады.
Зақымданған программа – ішіне вирус кірген программа.
Иілгіш магниттік диск (Гипки магнитный диск) — дербес компьютердің тікелей қатынас жасауға арналған сыртқы жады ретінде қолданатын ауыстырмалы, жұқа магниттік қабықшамен қапталған магниттік диск.
Интервал — жол аралық (Межстрочный интервал) – дисплей экранында немесе қағаз бетіндегі қатар орналасқан жолдар арасындағы қашықтық.
Информатика – информацияны алу, сақтау, түрлендіру, тасмалдауға және оларды пайдалануға байланысты ғылыми білімдер саласы.
Информация – белгілермен сигналдар түрінде берілген зат немесе адам туралы мәлімет, есептеу техникасында компьютерге енгізіліп, оның жадында сақталатын, қажет кезінде өңделетін және сырқы ортаға шығарылатын деректер.
Ақиқат ақпарат, дұрыс (достоверная) — істің шынайы нақты жағдайын көрсететін информация .
Бағалы ақпарат (ценая) – информация бағалылығы оның көмегімен қандай мәселелер шешуге болатындығына байланысты анықталады.
Жүйелік ақпарат — компьютердің құрылғылары сипаттамалары туралы толық ақпарат: процессордың жұмыс өнімділігі мен разрядтылығы, сыртқы және жедел жад көлемі, адаптер немесе пернелер тақтасының типі т.с.с. параметрлер.
Өзекті ақпарат (көкейтесті) (актуальная) өзгерген жұмыс жағдайларында қажетті маңызын жоғалтпайтын ақпарат, яғни зерттелу аймағында объектінің қалып-күйін кез келген сәтте дәлме-дәл бейнелей алатын ақпарат.
Толық ақпарат – қойылған сұраққа толық әрі тиянақты жауап бере алатын ақпарат.
Түсінікті ақпарат (понятная) – ақпаратты алушыға түсінікті тілде жазылған мәлімет.
Ішкі каталог, бума – басқа каталогтың ішкі элементі болып табылатын каталог немесе бума.
Калькулятор – қарапайым есептеулер жүргізетін сервестік программа.
Картатека (Windows 3.x ) – шағын деректер базасын жасауға, сақтауға және оны пайдалануға (жұмыс істеуге) арналған программа.
Каталог, директорий, бума – дискінің белгілі бір атауымен аталған аймағы, яғни деректерді дискіде сақтауды ұйымдастыруға және файлдарды іздеп табуды жеңілдетуге арналған, ортақ қасиеттеріне қарай топталған файлдарға қойылған атау.
Келісімдер – аппараттық және программалық жабдықтардың модуль аралық байланыстарын ұйымдастыруға және сақтау аймағының стандартты құрлымын анықтауға арналған жалпы мақсаттарға регистрлерді пайдалану ережелері.
Клиент – басқа компьютерлік жүйенің немесе процестің қызметін керек қылмайтын компьютерлер жүйесі немесе программалық кешен. Мысалы, файл сервердің мәліметтерін сұрап отыратын жұмыс станциясы файл сервердің клиенті болып табылады.
Кодтау – деректердің олардың кодтық комбинациясымен теңестіру. Дерктер элементімен символдар жиынтығының арасындағы теңестіру. Қандай да бір алфавитті пайдаланып ақпарат жазу.
Команда (бұйрық) – компьютер орындауға тиіс іс — әрекеттің сипаттамасы.
Резедентік команда – операциялық жүйенің ең кіші конфигурациясында пайдалануға болатын, компьютердің жедел жадында тұрақты сақталатын оның ішкі командасы.
Сыртқы командалар (транзиттік) – операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтетін, оның ядросымен бірге берілетін командалар тобы.
Командалық мәзір (меню) — жұмыс кезінде экран мониторында келтірілетін белгіленген қолдабалы программаның ішкі жүйесі, операция, командалар тізімі.
Комуникациялық программа – электрондық поштаның программалық жабдықтары.
Компакт–диск DVD-ROM – лазер сәулесі фокуске жинаудың өте жоғарғы дәлдікті технологиясын пайдалану арқылы CD-ROM дискілеріне қарағанда мәліметтердің жазылу тығыздығын бірнеше есе ұлғайтады алатын дискінің жаңа түрі. Мұндай дискінің көлемі 2 – 4,5 Гбайт шамасында болады.
Компиляция – программалау тілінде жазылған алгоритмдерді процессор немесе атқару жүйесі командаларына түрлендіру.
Компьютердегі сауаттылық – бұл компьютерді пайдалана отырып, информацияны оқу, жазу, есептеу, сурет салу және мәлімет іздеу жолдары; кәсіби мәселелерді шешу процесінде компьютерді қолдануға қажетті тәсілдер мен білімдер жиыны.
Компьютерлік сауаттылық – компьютерді пайдалану үшін деректерді іздеу, жазу, есептеу, оқу, санау және сурет салу.
Конфигурация – берілген жүйені оның нақты көрсеткіштерін, санын, өзара байланыстарын және функционалдық элементтерінің негізгі сипаттамаларын анықтай отырып құрастыру.
Көп есептілік – операциялық жүйенің бір мезетте бірнеше есеп шығаруы.
Курсор – экрандағы операция орындалатын позицияны көрсететін белгі не графикалық монипулятор.
КЭШ- жад – процессор мен оперативті жад арасында буфер ретінде қолданатын , қатынасу уақыты оперативті жадықа қатынасу уақытынан кем жад.
Қалқып шығатын терезе – таңдалған кілтті сөзді түсіндіретін қосымша ақпараты бар терезе.
Қашықтан оқыту – оқытудың қашықтықтан берілетін түрлері жергілікті оқу орындарында жоқ пәндерді үйрену үшін немесе қосымша ақпарат немесе білім алу істерін жүзеге асыратын оқып үйренудің кең етек жайып келе жатқан жаңа түрі.
Ақпаратты қорғау – 1. компьютердегі мәліметтерді, программаларды, апаратураны рұқсатсыз пайдалануға жол бермеу тәсілі, яғни олармен қатынас орнатпау; 2. мәліметтер мен программалардың тұтастығын сақтау (вирустардан қорғау); 3. Жабдықтардың электрмен көректенуін үзуден қорғау.
Қоржын – компьютер дискілерін қажет етілмей өшірілген мәліметтер уақытша сақталатын бума. Егер қоржын іші тазаланып кетпесе, керекті жағдайда ондағы бұрын өшірілген қажетті файлдарды қайтадан қалпына келтіруге болады.
Легенда – түсінік беретін мәлімет Диограмма деректерінің маркерін көрсететін диограмма элементі.
Локальды (жергілікті) желі – байланыс түйіндері бір бірінен онша қашық орналаспаған, жалпы мақсаттағы байланыс құралдарын пайдаланбайтын компьютер желісі. Мамандандырылған есептерді шығаруға арналған желі.
Маршрут — өзара байланысты каталогтар аттарының тізбегінен және жинақтағыштардың логикалық аттарынан тұратын белгілеу.
Маштаптау – берілген диапазонда деректерді және олардың қортындыларын белгілі бір диапазонда көрсету. Бейнені немесе оның бөлігін үлкейту немесе кішірейту.
Математикалық модуль – объектінің қызметін және құрлымын сипаттайтын математикалық байланыстар жүйесі. Математикалықформулалар мен теңдеулер арқылы өрнектелген объектілерді математикалық сипаттау.
Мәзір (меню) – пайдаланушыға таңдауға ұсынылатын экран бетінде көрсетілетін вариантар тізімі. Таңдалған вариант жүйенің келесі қимылын көрсетеді.
Мәзір жолы – стандарты терезенің жоғарғы жағындағы екінші қатары, онда мәзір командаларының аттары көрсетілген.
Миропроцессор – орталық процессордың қызметтін атқаратын интегралдық схема.
Мәліметтерді сұрыптау – белгіленген ережелер бойынша белгілі бір жиын элементтерін топтарға жіктеу.
Модем – арнайы типті байланыс жүйесінде цифрлі, сигналды, аналогты формаға және осы істі керісінше орындайтын модулятор және демодулятор құрылғысы.
Модификация – объектінің мағынасын өзгерпейтін кез келген өзгерістер.
Монитор (дисплей) – Мәліметтерді экранда бейнелей алатын стандартты құрылғы. Мәтіндік немесе графикалық режимде жұмыс істей алады.
Мәтін – бұл құжаттың, программаның немесе хабарламаның ақпараттық мазмұны болып келетін символдар тізбегі.
Объект – бізді қоршаған ортаның белгілі бір бөлігі (зат, процесс, құбылыс).
Операциялық жүйені жіктеіуіш – операциялық жүйенің модульдерін дискіден компьютер жедел жадына оқитын программа.
Орындалатын файлдар – кеңейтулері .com, .exe, .bat, .pif болып келген белгілі бір әрекетті орындай алатын файлдар.
Палитра – бейнелерді көрсетуде қолданылатын түстер гаммасы.
Перне – пернеліктін ең кіші элементті, оны басу арқылы белгілі бір әрекет орындалады немесе пернені басқан кезде белгілі бір таңбаға сәйкес код беріледі.
Курсорды басқаратын перне – дисплей экранындағы курсорды белгілі бір бағытта бір орынға жылжытатын перне.
Функционалдық перне – оны басқан кезде жүйедегі белгілі бір функцияның орындалуын қамтамасыз ететін перне.
Пернелік тақта немесе пернелік – мәліметтерді компьютерге енгізуге арналған құрылғы, сонымен қатар командалық операциялардың орындалуын басқарады.
Пиксель – экрандағы графикалық бейнелеудің ең кіші мәңі.
Пиктограмма – белгі сөзін қараныз.
Порттар — құрылғыға көп разрядты кіру және шығу.
Пошта жәшігі – абонетке арналған барлық хабар түсетін хост машинадағы жаттың бір бөлігі.
Принтер – ақпаратты баспаға беретін шығару құрылғысы.
Программа – есептің шешу алгоритімін мазмұндайтын, өндеуге келтірілген деректердің реттелген тізбегі. Программалау тілінің сөйлемдер тізбегі.
Қолданбалы программа – компьютерлік жүйені сүймелеудеу программалары мен жүйелік утилиттерге кірмейтін компьютер пайдаланушыларына арналған программа. Бұл ұғым кейде пайдаланушыларға да, әрі жүйелерге керекті кез келген программаларды белгілеу үшін де қолдана береді. Кейде оны перифериялық программалар деп те атайды.
Программалар тобы – нақты ортақ белгілеріне қарай біріктірілген программалар жиыны.
Программаны мамандандыру – бұйрық, компьютер орындайтын операцияларды сипаттау.
Протоколдар – хабарларды жіберу формалары мен тәсілдерін анықтайтын стандарттар, әртүрлі құрал жабдықтарын торапта бірге жұмыс істеу тәртіптері.
Редакциялау – мәліметті толықтырып, оның мазмұның өзгерту.
Резидентті бұйрық – операциялық жүйенің ең кіші конфигурациялысына сәйкес негізгі командасы.
Сандар форматы – сандарды бейнелеу түрі, онда үтірден соң қанша цифр тұратының көрсетеді.
Түйінді сөз – 1. белгілі бір контекстте программалау тілінің конструкциясын сипаттайтын лексикалық бірлік; 2. құжат мәтіндегі индекстеу мақсатына қолданылатын табиғи тілден алынған сөз немесе сөз тіркесі.
Жүйелік мәзір (системное меню) – тереземен жасалынатын негізгі қимылдар командаларының тізімі.
Сілтеме – 1. байланысу адресі, сілтеу. 2.бурсор.
Сілтеуіш – файлдық жүйемен жұмыс істеитін программасы. Оның көмегімен каталогтар мен файлдар көшірмесін алуға, орын ауыстыруға, өшіруге, компьютерлік торапта жұмыс жасауға, программаларды іске қосуға, дискттерді форматтауға болады.
Сканер – мәтіндік және графикалық ақпаратты оптикалық оқу тәсілі арқылы компьютерге енгізуге арналған құрылғы.
Сопроцессор – негізгі процесордың функционалдық мүмкіндіктерін толықтыратын мамандырылған процессор.
Статус жолы немесе қалып – күй жолы- экраның төменгі жағындағы программаның ағымдағы қалпы туралы ақпарат көрсеткен жол.
Стример – мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған компьютерлік магнитафон.
Сыртқы жады – магниттік диск, иілгіш магниттік диск және т. с. с. Ұзақ уақыт сақтауға арналған ауыстырмалы тасымалдауыштар.
Сыртқы командалар – транзитті операциялық жүйе мүмкіндіктерін ұлғайтатын оның ядросымен қоса қойылатын команда.
Тақырып жолы – стандартты терезенің жоғарғы жағындағы қолданбалы программаның немесе құжаттың аты орналасатын жол.
Терезе – дисплей экранның бөлігі, пайдаланушы немесе программа белгілі бір экран тәрізді жұмыс істейтің объект, хабарды алатын және өңдейтін объект.
Терезе шекарасы немесе айналу жолақтары- терезенің периметрі бойынша жүргізілген тік және көлденен сызық.
Тізімдер – берілген тізіммен бір немесе бірнеше вариантты тандап алуға мүмкіндік беретін диалогты терезенің стандарты элементті.
Торап – есептеу торабы, деректермен алмасу торабы.
Түпкі каталог – жоғарғы денгейдегі каталог немесе негізгі каталог.
Түпкі каталог, бума – дискінің ең жоғарғы деңгейіндегі басты каталог немесе бума.
Тұрақты жады немесе винчестер – компьютер жұмыс істеп тұрған кезде мазмұны өзгермейтін жад. Әдетте бұл жадқа жазылатын жазу оны жасалынып жадқа кезде жазылады.
Тышқан – дисплей экранында сілтеме қалпын көрсететін құрылғы.
Ұя – көрсетілген нұсқаға байланысты жінішке пунктир сызықпен тік төрт бұрышты аудан.
Ұяшық сілтемесі – ағымдағы ұяшықты анықтайтын ерекшеленген тіктөртбұрышты белгі.
Ұяшықтарды бұғаттау – ұяшықтарды мәліметтерге қорғаныс қабілетін енгізу.
Файл – белгілі бір атпен аталған дискідегі біртекті мәләметтер жиыны.
Файлдық сервер – жеке пайдалынушыларға өзінің ақпараттық материалдар бар файлдар архивіне қатынас құруды жүзеге асыра алатын программалар.
Файлдық жүйе — белгілі бір атпен аталған мәліметтермен программалар жиыны.
Фильтр – мәліметтер базасына, программаға немесе мәліметтер жүйесіне енуге тосқауыл қоятын программа, мәліметтер базасындағы кестелермен жұмыс істеу кезінде фильтрлер берілген критеримен анықталатын мәліметтерді ғана экранға шығарады.
Фильтрация – мәліметтердің нақты мәңдерін белгілі бір жиының көрсетілген мәңдеріне жататынын немесе жатпайтының тексеру.
Формулалар редакторы – құжат мәтіннен математикалық формулалар мен символдар қоятын сервистік программа.
Хабарлама жолы – осы мезетте орындауға тиіс командалар туралы информация беретін жол.
Хост – компьютер – бір бірімен байланысқан компьютер ішіндегі қуатты негізгі копьютер, желідегі басты компьютер.
Чат – Чат, әңгімелесу. Интернеттің оnlin режимінде тікелей сұқбаттасу формасы. Бір бірінен қашықта орналасқан копьютер пайдалынушылардың нақты уақыт мерзімінде мәлімет алмасу.
Шекара – белгілі бір шаманың өзгеру шегі.
Электрондық кітап – компьютерге немесе арнайы құрылғысына жүктелетін форматталған электрондық құжат. Электрондық кітаптардың ерекшелігі: мәлімет іздеу, белгі салу, индекстеу мүмкіндіктері кең тараған жинақты электрондық кітапханалар жасау, тек сұраныс бойынша мәлімет беру, қашықтағы оқырмандарға мәліметтерді жылдам жеткізу.
Электрондық пошта – electronic mail (E – mail) – пайдаланушылар арасында хабарламаларды жөнелту, қабылдау жүйесі, мұнда компьютер хат – хабарларды сақтау, тасымалдау қызметтерін жылдам орындайды. Мекеме жұмыстарын автоматадыру жүйесінің негізгі бөлігін осы электрондық пошта құрайды.
MS WORD редакторы – құжатты жасау теру және қарап шығу, редакциялауға арналған Windows қосымшасы. MS OFFICE пакетіне кіреді.
Стандарты қосымшаларына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор.
Windows файлдар диспечері (Диспечер файлов) – файл және каталогтармен жұмыс істетін Windows жүйесінің арнайы қызмет ететін программасы.
Windows — тегі терезе тақырыбы – берілген терезеде орындалатын программа тақырыбы көрсетілетін оның ең жоғарғы қатары.
Windows-тың стандарты программалары – күнделікті жұмысқа қажетті, қолданбалы программа.

Негізгі әдебиеттер:

1. Экономикалық ақпараттану және ақпараттық технологиялар. Экономикалық мамандықтарының студентеріне арналған оқу бағдарламасы, Алматы, КМБА 2000 жыл;
2. Байшоланова К.С. Ақпараттық жүйелер теориясы оқу құралы. – Алматы: экономика, 2002 жыл;
3. Кушниренко А.Г. Информатика мен есептеуіш техника негіздері. Орта оқу орындарына арналған байқау оқулығы, Алматы, Республикалық мемлекеттік Рауан баспасы, 1998 жыл;
4. Информатикадан практикум. Оқу құралы, Алматы: Қазақ университеті, 2000 жыл;
5. Беркімбаева С.Б. Паскаль тілінде программалу негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы, Қазақ универсиеті, 2001 жыл;
6. Б.Қ. Нақысбаев, Е.Қ. Балапанов. Паскаль тілінің негіздері. Алматы “Рауан” 1998 жыл;
7. К.З. Халықова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы: “Білім” 2000 жыл, 196 бет;
8. Информатика для юристов и экономистов. Под редакцией С.Симоновича, СПб.: Питер, 2001 год;
9. С.Ә. Исаев, А.Н. Мұхамади, О.С. Ахметова. Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум. Алматы 2000 жыл;
10. М.Б. Алтай, Г.С. Бөлеген. Windows. Компьютерде жұмыс істеп үйренейік. Алматы, 2000 жыл, 80 бет
11. Информатика негіздері. Ғылыми-әдістемелік журанал;
12. Тихонов А.И. Динамический. HTML. Москва, ЗАО “Издательство Бином”, 2001 год.
13. Информатика. Оқулық. Ав. Беркінбаев К. М. Алматы: “Заң әдебиеті” 2005ж.
14. IBM PC для пользователя. Краткий курс. Ав. Фигурнов В.Э. Москва: “ИНФРА” 1999г.

Қосымша әдебиетер:
1. Информатика терминдерінің қазақша-ағылшынша-орысша сөздігі. Алматы “Сөздік-Словарь” 1998 жыл, 176 бет;
2. Базы данных. Учебник для высших учебных заведений, под редакцией А.Хомоненко – СПб.: Корона, 2000 год;
3. Леонтьев В.П. Новейшая энциклопедия персонального компьютера. Москва, ОЛМА-ПРЕСС, 2003 год;


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы