Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру.


Скачать/Жүктеу

Қолданбалы программалық жасақтама - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына:

-  жалпы мақсаттағы ҚПЖ;

-  мәселелік бағытталған ҚПЖ;

-  интегралданған ҚПЖ

кіреді.

Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:

-  мәтіндік редакторлар мен процессорлар;

-  графикалық редакторлар;

-  электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары;

-  мәліметтер қорын басқару жүйелері;

-  электрондық презентациялар және т.с.с.

Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар  -  белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға:

-  жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);

-  таңбаларды айыру жүйелері;

-  статистикалық, қаржылық – аналитикалық жүйелер;

-  ғылыми зерттеулер жүйелері

және т.с.с. жатады.

Интегралданған ҚПЖ – қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды және қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар – көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап объектілер деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратын дестелер (Lotus Works, Microsoft Office  және  т.б.)


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы