Е-MAIL, WWW, FTP МҮМКІНДІКТЕРІНЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ


Скачать/Жүктеу

Internet құрамына түрлі элементтер кіреді, соның ішінде WWW, электрондық пошта, файлдарды жеткізу қызметі және т.б.WWW бүкіләлемдік желісі (World Wide Web – «Бүкіләлемдік тор»), әдетте веб деп аталады, Internet жабдықтары арқылы жеткізілетін құжаттардан тұрады. Web – бұл веб-беттер мен веб-тораптар жиынтығы.Веб-беттер ақпараттың алуан пішімдерін – мәтін, сызба, дыбыстық және бейне жазбаларды, жан бітірімдерді қамти алады. Web-бетіндегі еренсілтемелер кез келген Internet серверінің кез келген басқа бетіне өтуді қамтамасыз ете алады. Еренсілтемелер ретінде кез келген сөз немесе сурет көрінуі мүмкін. Ерекшеленген таңбалар бойынша өту жүзеге асырыла алатын мәтін еренмәтін деп аталады. Web-беттердегі құжаттардың кеңейтімі әдетте .htm болады.

Электрондық пошта қызметі немесе e-mail, пайдаланушыларға мәтіндік хабарламадан және түрлі форматтағы: мәтіндік, сызбалық және т.б. файлдардан тұратын электронды хаттарды жөнелтіп, қабылдап алуға мүмкіндік береді. Файлдарды жеткізу қызметі файлдарды бір компьютерден екіншісіне көшіреді немесе жылжытады. Internet бойынша мәліметтерді жеткізуді басқаратын файлдарды жеткізу протоколы (File Transfer Protocol, FTP) атты арнайы маманданған басқарушы принциптер не протоколдар бар. FTP көмегімен әкімші серверде FTP-сайттарын жасап, интернетті пайдаланушылардың осы қызметпен өзара әрекеттесу тәсілдерін анықтай алады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы