Құмырсқа мен шегіртке ертегісі


Скачать/Жүктеу

рем. Бұдан кедей болып қалған Адамды көрген емеспін, оның көйлегі де көп, көңілі де тоқ, — деп жауап берді Шегіртке.

Бастары жұлым-жұлым боп қалған басқа бидайларға қарап тұрған Құмырсқаның көзіне анадайда бидайлардың парша-паршасын шығарып шашып ойнап келе жатқан Шегірткенің балалары түсті.

— Көрдің бе, балаларың да сен секілді өзгенің нәрсесін ұрлауға дағдыланып алыпты. Ертең олар да балаларын ұрлыққа үйрететін болады. Ұрлықтың жақсылық әкелмейді.

Құмырсқаның мына сөздеріне ашуы келген Шегіртке:

— Дайын астан аттап өтіп қайда барып жем іздеймін! – деп айқайлады да шырт етіп ұшып кетті.

Құмырсқа одан әрі жүре берді.

Сонда Құмырсқаның баласы:

— Апа, біз алыс-алыс жерлерге шаршап барып әкелетініміз біреуден қалған қалдық. Неге соншама жанымызды қинап бейнеттенеміз. Ал анау Шегіртке болса таза, жаңа піскен дәмді бидайды таңдап жеп жүр. Ол дұрыс істейді. Тойып алады да қыдырып жүре береді. Ал екеуміз таңның атысынан күннің батысына дейін азық іздеумен боламыз. Сондағы табатынымыз мардымсыз бірдеңелер. Біз де бидайдан бірнешеуін алып алайық, — деді.

— Балам, әлі-ақ Шегірткенің ісінің дұрыс емес екендігіне көзің жететін болады, – деді Құмырсқа.

Жүре-жүре жүгері алқабының шетіне шыққан олар шашылып қалған нанның қиқымын көрді. Шамасы осы жерде отырып біреу нан мен сусын ішкен секілді.

— Балам, мінекей, мынау нан. Ас патшасы, – деді Құмырсқа қиқымдардың ішінен ең ірісін таңдап алып жатып, – бұл әлгі Шегіртке жеп тұрған бидайдан жасалады. Адамдар өте еңбекшіл халық. Олар бидайды сол күйінде жемейді, оны әбден өңдеп осындай тәтті тағам жасайды.

Аң-таң қалған баласы қиқымның бір түйірін аузына салып көрді.

— Иә, шынымен де бал татиды, – деді тамсанып.

— Әлің жеткенше арқалап ал. Енді бұл нан қиқымдарын бізден басқа ешкім керек етпейді, сондықтан еш қысылмай ала беруге болады, – деген анасы алдыға түсіп жүріп кетті.

Бұлар бидайдың ортасымен жүріп отырып бағанағы Шегірткемен кездескен жерге де жетті. Бір кезде Құмырсқаның құлағы ыңырсыған әлсіз дауысты шалып қалды. Жалма-жан арқасындағы азығын тастай салып, дауыс шыққан жаққа қарай жүгіре жөнелді. Баласы да ілесе берді. Қараса Шегіртке аяқтары әлсіз қимылдап, өлгелі жатыр екен. Құмырсқаның тер басып кеткен бет аузын көрген ол:

— Досым, сен дұрыс айтасың. Адамдар бидайларға у сеуіп тастапты. Қиналмаймын, оңай олжа табамын деп жүріп міне ажалымнан бұрын өлейін деп жатырмын. Егер сен секілді еңбектенгенімде бұлай ерте өлмес пе едім кім білген, — деп көзіне жас алды. — Еңбектенейін десем осы еңбектің жемісін көретініме сенбедім ғой. Ауыр жұмыстан қашып осы кезге дейін өмір сүрдім. Енді анау балаларыма өсиетімді айта алмай бара жатырмын. Бидайдың мына тұсына у себілгенін де білмейді ол бейшаралар. Егер осы жолы аман қалса олар да мен секілді өмірлерін құр босқа өткізетін болды, – деп өкінген Шегіртке көз жұмды.

— Көрдің бе, балам, әлгінде сен де осы бидайдан ұрлап алмақшы болып едің. Ұрлық түбі қорлық екеніне енді көзің жеткен болар, — деді анасы баласының жүзіне бағдарлай қарап, – егер бойыңда сенім болса ауыр бинеттің өзі бақыт болып көрінеді, – деді.

— Түсіндім, түсіндім, – деген бала анасының алдына түсіп, иығындағы ауы жүгін мақтанышпен көтеріп томпаңдап кетіп бара жатты.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы