Көтерме сауда кәсіпорындарының қоймасынан тауарларды сатуды жинақтамалы есепке алу


Скачать/Жүктеу

Көтерме сауда кәсіпорындарындағы тауарлық операцияларының бухгалтерлік есебінің маңызды міндеті тауарларды жөнелту мен сатуын дұрыс және уақытылы есепке алу, өйткені бұлардың арасында мезгілдік үзіліс пайда болады.

Жөнелтілген және сатылған тауарларды есепке алу үшін сатып алушылармен есеп айырысу мерзімдеріне қарай: бір жыға дейін мерзім болса 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі » , ал бір жылдан асатын мерзім болса 2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі» атты активтік шоттар арналған.

Сатып алушыларға жөнелтілген және босатылған тауарларды бухгалтерлік есеп шоттарында екі сатыда әртүрлі баға бойынша көрсетеді:

1. 1- «Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес қаржылық есеп беру есептеу әдісі негізінде жасалады. Мұнда табыстар ақша қаражаттарын алу (түсу) уақытына қарамастан тауарларды сату сәтінде танылады. Сондықтан жөнелтілген және босатылған тауарлар сомасы шот-фактуралар немесе тауар-көлік құжаттары негізінде бір уақытта жөнелтілген тауарлар үшін сатып алушылардың берешегі ретінде және тауарларды қосылған құнға салынатын салықсыз сату бағасы бойынша сатудан түскен табыс ретінде бухгалтерлік есеп шоттарында мына жазулармен көрсетіледі:

Сатып алушылармен есеп айырысу мерзімдеріне қарай келесі тиісті шоттардың дебеті:

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі » (бір жылға дейінгі мерзім)

2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді берешегі» (бір жылдан асатын мерзім)

6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетулерден алынатын кіріс» шотының 6011 «Тауарларды сатудан алынатын кіріс» қосымша шотының кредиті

Осы тауарлар бойынша шот-фактурада көрсетілген қосылған құнға салынатын салық сомасына мына бухгалтерлік тізбе беріледі:

Сатып алушылармен есеп айырысу мерзімдеріне  қарай келесі тиісті шоттардың дебеті:

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» (бір жылға дейінгі мерзім)

2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі» (бір жылдан асатын мерзім)

3130 «Қосылған құн салығы» шотының кредиті

Көтерме сауда кәсіпорны тауарларды жөнелткен және босатқан кезде сатып алушыларға сатып алу немесе сату бағаларынан жеңілдіктер жасай алады, олар пайызбен немесе белгіленген сомамен көрсетіледі. Бұл көтерме сауда кәсіпорындарындағы бағамен салыстырғанда тауар бағасының төмендеуіне әкеледі. Жеңілдіктер тұрақты сатып алушыларға мынандай жағдайларда беріледі: ірі партиялармен сатып алғанда, шоттарды қолма-қол ақшамен төлегенде, сапасы төмен тауарлар бойынша және басқа жағдайларды. Сатып алушыларға бағадан берілетін жеңілдіктері көтерме сауда кәсіпорындарына зиян, ал сатып алушыларға табыс әкеледі, сондықтан олар экономикалық негізделген болуы керек.

Сатып алушыларға бағадан берілетін жеңілдіктің барлық түрлері, олардың көлемі мен беру шарттары тауарларды жеткізу келісім шарттарына және басқа құжаттарда ескерілуі керек. Сатып алушыларға берілетін жеңілдіктер түрлеріне байланысты бағаның түсірілуінің есебі 6030 «Бағадан және сатудан жеңілдіктер» шоттарында жүргізіледі.

Шот-фактурада немесе тауар-көлік құжатында көрсетілген сатып алушыларға бағадан және сатудан берілген жеңілдіктер сомасы бухгалтерлік есеп шоттарында мына жазулармен көрсетіледі.

6030 «Бағадан және сатудан жеңілдіктер »шотының дебеті сатып алушылармен есеп айырысу мерзімдеріне қарай келесі тиісті шоттардың кредиті:

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі»

Сатып алушыларға берілетін бағаның жеңілдігінен есептелген қосылған құнға салынатын салық сомасына шот-фактураға сәйкес мынадай бухгалтерік жазба жасалады:

3130 «Қосылған құн салығы» шотының дебеті сатып слушылармен есеп айырысу мерзімдеріне қарай келесі тиісті шоттардың кредиті:

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі »

2110  «Сатып алушылар мен тапсырышылардың ұзақ мерзімді берешегі»

Мынаны ескеру керек, жыл бойында 6030 «Бағадан және сатудан жеңілдіктер» шоттарында есепке алынған сатып алушыларға бағадан берілген жеңілдік сомасы жыл аяғында жылдық жиынтық табысқа есептен  шығарылады да, шоттар жабылады, қалдық болмайды.

Егер көтерме сауда кәсіпорны тауарларды жөнелткенде және босатқанда сатып алушы өтейтін көлік – дайындау шығындары төленген болса, онда олар іске асыру барысында көтерме сауда кәсіпорындарының бухгалтериясы 7110 «Өнімдерді сату және қызмет көрсету бойынша шығыстар» шотының   7111  «көтерме сауда кәсіпорындарының шығындары» қосымша шотының дебетінде көрсетеді де, кейін тауар алушыға өтеу үшін жөнелтілген тауарларға жазылған төлем талап-тапсырмаға енгізеді. Сондықтан тауарларды жөнелту және босатумен байланысты көтерме сауда кәсіпорындары  жасаған, бірақ сатып алушының өтеуіне жататын көлік- дайындау шығындары сомасына мынандай бухгалтерлік жазу жасалады:

сатып алушылармен есеп айырысу мерзімдеріне қарай келесі тиісті шоттардың дебеті:

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді берешегі»

7110 «Өнімдерді сату және қызмет көрсету бойынша шығыстар» 7111 «Көтерме сауда кәсіпорындарының шығындары» қосымша шотының кредиті

Төлем талап – тапсырмалары төленуге ұсынылған жағдайда сатып алушыларға жөнелтілген және босатылған тауарлар қойма меңгерушісінен сатып алу бағасы немесе нақты өзіндік құны бойынша және ыдыстар құны келесі бухгалтерлік тізбемен есептен шығарылады:

7010 «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шотының 7011 «Сатылған тауарлардың өзіндік құны» қосымша шотының дебеті

1330 «Тауарлар» шотының тиісті қосымша шоттарының кредиті:

1331 «Көтерме сауда кәсіпорындарындағы тауарлар»

1334 «Тауар салынған және бос ыдыстар»

Сатып алушылар төлем талап-тапсырмаларды төлеу және төлемдерді ағымдағы банктік шотына есепке алуына қарай көтерме сауда кәсіпорны тауарларды сату бағасы бойынша сатуын, сондай-ақ сатып алушылардан оларға жөнелтілген тауарлармен бірге  ыдыстар үшін ақшалай алу мен тауарларды жөнелтуге байланысты көлік (тасымалдау) – дайындау шығындарын өтеу сомаларына бухгалтерлік есеп шоттарында мына жазулар жасалады:

Сатып алушылармен есеп айырысу мерзімдеріне қарай келесі тиісті шоттардың кредиті:

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық бершегі»

2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі»

Айдың аяғында 1210 «сатып алушылар мен тапсырышылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» және 2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі» шоттарының дебеттік қалдығы жөнелтілген, бірақ төленбеген тауарлардың сату бағасы бойынша құнын, ыдыстар құнын, төлем талап – тапсырмаларға енгізілетін көлік – дайындау шығындарын көрсетеді. Төлемдерді кешіктірген жағдайда көтерме сауда кәсіпорындарының жетекшілер мен бас бухгалтері тиісті сомаларды өндіріп алу үшін сатып алушыларға шаралар қолдануға міндетті.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы