Экономикалық заңдардың объективтік сипаты


Скачать/Жүктеу

Экономикалық заңдарды объективтік түрде әсер етуі адамдардың сана-сезіміне байланысты емес. Экономикалық процестердің ішкі мазмұнын, мәнін анықтау үшін обьективтік заңдарды ашу керек. Олар экономикалық құбылыстар мен процестердің қасиеттері (мән және форма) арасындағы қажетті,тұрақты, ұдайы тәуелділіктерді көрсетуі тиіс және обьективтілігімен байланысты себеп-салдарлы байланыстарды айқындайды.

Экономикалық заңдар адамдардың экономикалық іс- әрекеттері мен қатынастарын білдіреді.

Сонымен, экономикалық заңдар бұл адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелеу формасы. Олар адамдардың қоғамдық іс-әрекеттерінің тәуелді байланыстарын, жүйелі ұғым-атау формасындағы заңдарды қарастырады.

Экономикалық заңдарға әлеуметтік, қоғамдық қатынастар заңдары жатады. Осылайша, олар табиғат заңдарынан ажыратылады. Оның екінші бір айырмашылығы -тарихи шектеулі сипатта болуы, ал табиғи заңдар мәңгілік қатынас ретінде зерттеу әдісіне ғана тәуелді. Өздерінің әрекет ету сипатына қарай экономикалық заңдар ерекше және жанама болып екіге бөлінеді.

Ерекше экономикалық заңдар жеке дәуірлерге, формацияларға тән. Мысалы, құлдық және феодализм дәуіріндегі материалдық игіліктерді бөлу заңы.

Жалпы экономикалық заңдар барлық экономикалық формацияларда әрекет етеді, мысалы, еңбек өнімділігін арттыру заңы, уақытты үнемдеу заңы және басқа да тарихи-әлеуметтік қажеттіліктер.

Абстрактылы ойлау кезінде мән сыртқы қабықтан босайды. Абстрактылы ойлау кезінде логикалық түсінік қалыптасады, аз не көп зерттелген нақты шындық талданып, қорытындыланады. Өмірдің бұл фактісінде таусылмайтын ғылыми зерттеулер жатыр.

Логикалық түсінік қоғамның экономикалық өмір жағдайын талдап бейнелейтін экономикалық категория болып саналады. К. Маркс: «… Категория өмір сүру жағдайының күн-көріс формаларының қоғамда белгілі кейбір жақтарын ғана білдіреді деп жазды».1

Қоғамның экономикалық даму заңын анықтау – экономикалық ғылымның негізгі міндеті. Ф. Энгельстің «Заңдар туралы ғылым, өндірісті басқару және адам қоғамындағы материалдық өмір игілігін айырбастау»2 экономикалық теориясы бұған тура бағынады.

Суретте экономикалық теорияның басқа экономикалық ғылыммен байланысы, әрқайсысының өзіне тән пәні, қойған мақсаты көрсетілген. Құрылыс экономика курсын алсақ, осы өндіріс саласына байланысты заңдылықтар мен негізгі ерекше заңдарды зерделейді, не оның өзіндік сипатын, құрылыс саласындағы экономикалық категориялар қызметінің ерекшелігін анықтайды. Негізгі көңіл қоятын жағдай — құрылыстың тиімділігін арттыру экономикалық тұтқалар мен категорияларды, оның кейбір бөліктерін: құрылыс, жоспарлау мен смета жасау, құрылыс өндірісіндегі несие-қаржы тетігі, материалдық-техникалық маркетинг, менеджмент – бір сөзбен айтқанда құрылыстағы күрделі қаржыны жұмсаудың тиімділігін арттыру, ерте жасалған негізгі өндірістік қорларды қайта құру және жаңғыртуды қарастырады.



  Администрация

Кущанов Аслан

 


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы